05.08.2022, 18:18
4166
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құруда жастардың да үлесі зор екенін айтқар болатын. Осыған орай, мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарға арналған жаңа жүйе, яғни Жастар ресурстық орталықтары үшін сапа белгісі пайда болды.
Бастаманың басты мақсаты — дамуға ынтасы бар жастардың ресурстық орталықтарын анықтап, іріктеп, қолдау мен жастарға сапалы қызмет көрсету болып табылады.
Ал бастамаға ниет етіп, қатысқысы келетін жастар орталықтары алдымен арнайы сайт арқылы онлайн түрде өзін-өзі бағалап, сол бағалаудың нәтижесінде сарапшылар арнайы хабарласып, қосымша сұхбаттасу жүргізе алады. Бір ескерерлігі, онлайн түріндегі бағалаудан өткен жастар орталықтары сарапшының хабарламасына дейін жұмыстарының кемшін тұстарын жетілдіріп, қосымша іздене алады. Содан кейін сарапшының берген бағасына орай, арнайы үш белгілінің бірін иемденеді. Мәселен, үш деңгейдегі белгілер:
— Алтын белгі (белгіленген өлшемдерге тоқсан бір пайыздан жүз пайызға дейінгі сай келетін орталықтар)
Екінші, күміс белгі (белгіленген өлшемдерге жетпіс бір пайыздан тоқсан тоғыз пайызға сай келетін орталықтар)
Үшінші белгі қола белгі, ал ондағы белгіленген өлшемдерге елу бір пайыздан жетпіс пайызға сай келетін орталықтар іліне алады.
Осыған сәйкес, барлық жастар орталықтары сапа белгісінің өлшемдер мен индикаторлары арқылы өз жұмыстарын бағалай отырып, соның нәтижесінде қызметтерін одан әрі дамыту құралы ретінде де қарастыра алады.
Ал сапа белгісінің жоғары өлшемдеріне сай келетін орталықтар «Ұлттық жастар орталықтарының лигасы» құрамына кіру арқылы басқа орталықтарға үлгі ретінде танылады. Әрі сол жоғары сапа өлшемдері арқылы көрінген орталықтар арқылы өзге де жастар ресурстық орталықтары құрылып, дамуына негіз болатынына сеніміз мол. Осы орайда, жастар орталықтарына тіркелу сайты https://jashome.org/ru/resursy/jastar-belgisi осы сілтеме арқылы жүзеге асады.
Тағы бір айта кететін жайт, Жастар ресурстық орталықтарының өзін-өзі бағалаудан өтуі үшін арнайы талаптар қарастырылған. Жалпы, жастар ресурстық орталықтары не үшін қажет десек, біріншіден, жастар орталықтары осал топтар мен жұмысы әлсіз топтарға назар айрықша назар аудара отырып, олардың тәжірибесін жетілдіріп әрі әлеуетін арттыру мақсатында тікелей жұмыс істеу болып табылады. Бірақ жастар ресурстық орталықтары кез келген орталықтармен жұмыс істей алмайды. Яғни, барлық орталықтарды қамти алмайды. Сол себепті, арнайы сайт ашылып, жастар орталықтарының өзін-өзі бағалауы нәтижесінде, іріктелініп, таңдалады.
Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары көпбалалы отбасылармен, зейнеткерлермен көбірек жұмыс жасайды. Сол себепті, Жастар ресурстық орталығы жастармен тіклей жұмыс істеу арқылы барлығын бағдарлап, қамти алады. Және оған тек 14 жас пен 28 жас аралығындағы жастар ғана жұмыс жасай алады.
Сонымен қатар Жастар ресурстық орталықтары жастардың қажеттіліктері мен мүдделерін қалай қамти алады? деген сұраққа келсек, алдымен жастар орталықтарының бағдарламалары мен қызметтері жастардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы қажет. Әрі жаңашылдық пен қызықты методтар көп болғаны дұрыс. Сол себепті, жастар орталықтары бағдарламаға қатыспас бұрын бастан-аяқ жобамен танысып, толығырақ зертеуі тиіс. Яғни, қажеттіліктерді бағалауды біріншіден, мақсатты аудитория арасында онлайн және қағаз жүзінде сауалнама жүргізу арқылы біле алады. Екіншіден, фокус-топтық мәселелерге келгенде, оны топпен бірге талқылай алуы тиіс.
Одан кейін бұршақтарға дауыс беру, шеберхана әдісі, брейн-шторм секілді шығармашылық әдістерді жүргізе білуі қажет болып саналады. Ол үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлай алу маңызды. Ал өз жұмысын дұрыс жоспарлау үшін орталықтың ақпараттық, жобалық, білім беру қызметі 2 не 3 жылға арналған орта мерзімдегі кезеңдегі бағдарламаға сәйкес келуі керек.
Осы орайда, іс-шаралар жоспары яғни кестесіне де мән беру маңызды. Ол үшін орталықтың бағдарламасы негізінде әзірленген және оны мәні бойынша орындауға бағытталған қызқа мерзімдегі кезеңге арналған іс-шаралар кестесі құрылады. Жұмыс кестесінің қызметі тұрақты әрі сенімді болу үшін жастар ресурстық орталықтарының бағдарламасы да маңызды саналады. Ал Жастар ресурстық орталықтарының жұмысы нық әрі күмән туғызбас үшін ондағы жұмыс ағымдағы жағдайды яғни, SWOT-ты талдай алуы маңызды. Содан соң Жастар ресурстық орталықтарының миссиясы, жұмыс принциптері, бағдарламаның мақсаты, Жастар рестурстық орталықтарының жұмыс жасаудағы негізгі бағыттары мен күтілетін нәтиделері де болуы маңызды саналады.
Жастар орталықтарындағы өзін-өзі бағалауға қатысты мына бір жайтты да ескере кеткен жөн. Мәселен, көп орталықтар өзін-өзі бағалауда қызмет етулерінің айрықша форматтары мен әдістері арқылы сарапшылардың іріктеуінен өтіп жатады. Мысалыға кейбір орталықтар жастар жобалары арқылы жақсы жұмыс жасаса, бірі аутрия-жұмыс, бейресми жастар топтары мен бірлестіктері арқылы көзге түсіп жатады. Тіпті кейбірінде жастар лагерлерін жүйелі ұйымдастыру қабілеттері жоғары болса, кейбірінде ақпараттанды мен кеңес беруі, сондай-ақ білім беру бағдарламалары жоғары бағаланып жатады. Мұның барлығы барлықжастар ресурстық орталықтарында болуы мүмкін емес. Сол себептен, жоғарыдағы көрсетілген сайт арқылы, орталықтар нәтижесі шыққанша, жұмыстарын толық жетілдіре алады. Кейбір жастар ресурстық орталықтарында адам саны бес не он адамнан құралуы мүмкін. Тіпті кейбірінде жиырмаға жуық адам да болады. Бірақ қанша адам болса да, өзін-өзі бағалауға қатысушы барлық топтар жұмыстарын біркелкі әрі жүйелі түрде ұйымдастыра білу керек. Ол үшін алдымен жиырма пайыз әкімшілік жұмысқа, сексен пайызын жастар ісіне арнайды.
Ал қандай өлшенетін көрсеткіштер болуы тиіс? Деген сұраққа келсек, жастар ресурстық орталықтарын тиімді бағалауда біріншіден, әмбебап болып табылатын және жеке жастар ресурстық орталықтары, аймақ жіне аудан деңгейінде салыстыруға мүмкіндік беретін жастардың қажетіліктері мен сұраныстары бойынша, білім беру бағдарламасы, жастар жобалары, білкелкі бұқаралық немесе топтық іс-шаралар бойынша сандық индикаторлар арқылы тиімді бағалана алады.
Аталған жұмыстарды іске асыру үшін мынадай мониторинг әдістері іске асырылады:
Осы орайда жаөзін-өзі бағалауға қатысушы жастар ресурстық орталықтары өз құзыреттіліктерін арттыру мақсатында жастардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтап, оны қамти алуы тиіс. Әрі жастарға кең түрде толығырақ ақпарат беру мен кеңес берілу маңызды. Және төмендегі мәселелер де кіреді:
Жоғарыда көрсетілген ақпараттың барлығы да болашақта жастар ресурстық орталықтарының өзін-өзі бағалауына септігін тигізері анық. Өзін-өзі бағалау бойынша сарапшылардың іріктеуінен өтпеген жағдайда да келесі кезекте бағдарламаға қатысу үшін өздеріне толық тәжірибе жинақтау арқылы жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіре алуына септігін тигізері анық. Әрі осындай бағдарламалар арқылы аладғы уақытта жастардың антасы артып, бәсекеге қабілетті жастар ресурстық орталықтары қалыптасып шығарына сеніміз мол.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР