Жазушылар одағы І пленумын "Ұлы даланың жеті қырына" арнады

21.12.2018, 20:08

201

Жазушылар одағында басшылық ауысқалы бергі І пленум өтті. Пленум тақырыбы – «Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ әдебиеті». Жиынға қатысқан Жазушылар одағының өңірлердегі өкілдерімен бірге бірқатар қаламгерлер қатысып, ел президентінің жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мәселелер мен құндылықтарды дәріптеудегі жазушылар мен ақындардың рөлін айта келіп, осыған орай атқарылатын шаруалардың ретін қарастырды.Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, президенттің аталмыш мақаласы қазақтың қазыналы құндылықтарын дәріптеуді мұрат етеді. Ал, бұл жағынан жазушылар мен ақындардың атқарар шаруасы орасан болмақ.Төраға пленумның ашылуында сөйлеген сөзінде:«Бұл мақала тарихымызда мойындалмай келген дүниелерді игеруге, меншіктеп үйренуге, келешек ұрпаққа өз тарихымыз қаншалықты терең ұлт екенімізді танытып, өзге елдерге дәлелдеп, негіздеп беруге жол ашып берді. Бұл мақаланың стратегиялық маңызы өте зор. Дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін де, әлемдік өркениетке қосқан үлесің мол болу керек. Ал енді біз қандай үлес қостық, «Ұлы даланың жеті қыры» осыны түгендеуге жол ашып отыр, — деп, бұдан басқа да бірқатар мәселелерді айтып, мақаланы тарихта кеткен есемізді қайтаруға арналған бағдарлама ретінде бағалады. Сонымен қатар, тарихты жазып жүрген қабырғалы қаламгерлермен қоса жас жазушыларға да үлкен мүмкіндік туып тұрғанын, оны жазушылар қауымы түсіне, пайдалана білуі керек екенін ескертті.Одан бөлек, пленумға қатысқан жалпы қаламгерлер мақалада жазылған тарихи мұраларды жаңғыртуға өздерінің белсенді атсалысатындарын айтты. Рас, бұл бүгін ғана емес, осыған дейін де жазушылар қауымының айтып, жазып жүрген мәселесі. Сол себепті, бұл мақала қаламгерлер үшін іздегенге сұраған болары сөзсіз. Бір ғана мәселе, сол жазылған дүниелерді, жазылмақ дүниелерді жақсы қырынан, заманға лайықтап көрсете білу, дәріптей білу жағы кемшін соғып келді. Енді, міне, бағдарламалық мақала бар, былтыр «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» шыққан, бұл мақала соның заңды жалғасы. Демек, соңғы екі жылда ұлт руханиятына шындап көңіл бөліне бастады...Пленумда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған шаруалармен бірге «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде іске асатын жоспарлар ортаға салынды. Соның негізгісі Одақ тарапынан жеті бірдей әдеби байқау өтеді. Алдағы жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірігіп «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» және «Қазақ фальклоры» атты антология шығару.Жиында сондай-ақ, бір жылға жуық уақыт ішінде жаңа басшылықтың атқарған шаруалары сөз болды.Жиын соңында қатысушылар бір ауыздан үндеу қабылдады. Үндеуде:«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының заңды жалғасы деп білеміз. Әлемдік кеңістікке ұлттық кодымыз арқылы шығып, барша әлем халықтарына қазақтың жанын, Тәуелсіздігіміздің мызғымас рухын, қазыналы құндылықтарымызды дәріптеуді мұрат етеді. Қазақ қаламгерлері өз шығармаларында қашанда тамыры мыңжылдықтарға кететін төл тарихымызды зерттеп, зерделеуге, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуында осыған дейін де өлшеусіз еңбек сіңіргені ақиқат. Осы орайда Президент Әкімшілігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, облыс әкімдеріне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында байтақ Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Тарихи әдеби өлкетану» жобасын ұсынамыз», — делінген.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 01.12.2021, 09:10
Қазақ философиясындағы дара тұлға
Индира БІРЖАНСАЛ 30.11.2021, 18:08
Жастармен бірге тыныстайтын басылым

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00