«Желтоқсан жаңғырығы» қойылымының тұсаукесері өтті

24.12.2018, 20:06

227

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ащы шындықты баяндайтын желтоқсан көтерілісі жайында Т. Дүйсебаевтың «Желтоқсан жаңғырығы» атты пьесасының желісі бойынша «Желтоқсан ызғары» қойылымы өтті. Спектакльді жаңадан құрылып жатқан ТИГУ жастар театрының өнерпаздары қойды. Қойылымды қойған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі – Әбиірбек Тінәлі.Басты рөлдегі Қайрат Рысқұлбековті (Асылбек Байғазиев) сомдаған жігіт, бар күш-қайратын салып, жан-тәнімен ойнап шықты. Әрине актерлық білімі жоқ өнерпазға ондай рөлді ойнау оңай емес. Қайрат қандай болған еді? Оның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, жігер-қайраты мұның бәрі беймәлім. Кеңес Одағы кезіндегі комсомол жастардың болмысы қандай еді… Ол кезде бәріміз комсомол болдық. Ол заман да басымыздан өтті. Қайрат Рысқұлбековтің образын ашуда Асылбектің көп ізденгені көрініп тұрды. Психологиялық тартыстан тұратын күрделі рөлді сомдау оңай болмаса керек. Дегенмен, Асылбек Байғазиев тебірентті, тербеді, көрермен көзінен жас шығартты. Бұл да үлкен жетістік. Ал, Қайратпен тартысқа түскен тергеуші Дубаев та (Бақтияр Бекназар) көрерменді дүр сілкіндірді. Қатыгез тергеушіні сомдауда Бақтияр да барын салып, өз трактовкасында ойнап шықты. Мені әсіресе толғантатын Қайрат Рысқұлбековтің анасы Дәметкен еді. Мен Дәметкен апамыздың көзін көріп, талай табақтас, сұхбаттас болып едім. Жаны жайсаң кісі еді. Дәметкеннің болмысын сомдаған Инжайым Үсенова өзінің тартымдылығымен тәнті етті. Бұл оның жемісті еңбегі деп білемін. Ал енді, Қайраттың әкесі Ноғайбай туралы айтар болсақ, оның рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор, әртіс Әбиірбек Тінәлі кәсіби деңгейде сомдап шықты десе де болады.Бұл эпизодтық рөлді ойнаған Әбиірбек, сахнада студент жастарға рух беріп тұрғандай болды. Спектакльдің музыкасы да Әбиірбектің әндерімен әрленген. Бұл да, спектакльдің көркемдік деңгейін аша түсті. Қойылымның соңы символикалық түрде «Желтоқсан желі» әнімен аяқталды.

Фархат ОМАРБЕКОВ,

Тараз қаласының тұрғыны.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 01.12.2021, 09:10
Қазақ философиясындағы дара тұлға
Индира БІРЖАНСАЛ 30.11.2021, 18:08
Жастармен бірге тыныстайтын басылым

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00