«Желтоқсанға» араша немесе солтүстікке сапар

Жарлы БАЙҒАНИН

21.09.2021, 11:00

1225

Солтүстік Қазақстан облысы, Аралағаш ауылында осы облыстағы «Желтоқсан» аты берілген жалғыз көшенің атауы өзгертілді деген дақпыртты ести сала, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Бейсенғазы Нүкен өрескел оқиға жайында 14-тамызда Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке Ашық хат жолдап, Мәжіліс депутаты Қазбек Иса осы мәселені парламентте көтерді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы тойланғалы отырған тұста «идеологиялық-моральды тұрғыда ескірген көше атаулары» деген желеумен өзгертілген көшелер ортасында кете барған «Желтоқсан» көшесіне араша сұраған азаматтар ат терлетіп, Қызылжарға жеткен-ді. Алматыдан жеткен жедел топты облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қарсы алды.

Жергілікті атқарушы биліктің жіберген өрескел қателігіне кешірім сұраған Ғани Сақтағанұлы облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың тапсырмасын басшылыққа ала отырып, бұдан бөлек, бес көше мен бір тұйықталған көшеге Желтоқсан атауын бергізуге қазіргі таңда ономастикалық ұйымда шешім қабылданып қойғандығын айтып, нақты құжаттармен таныстырды.

Осы тұста, тағы да бір нақтыланған мәлімет Аралағаш ауданындағы «Желтоқсан» көшесі облыс көлеміндегі жалғыз атау еместігі. Аталған ауданнан басқа облыс көлеміндегі Желтоқсан атындағы алты көшенің қатарын тағы да алты көшеге көбейткелі отырған облыс басшылығындағы азаматтарға біз сендік.   

Сонымен қатар, Қызылжар (Петропавловск) қаласының ортасында орналасқан төрт мектепке Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасов және Қажымұқан Мұңайтпасов есімдерін беретін шешімді көрсетіп, одан бөлек, Жұмабек Тәшеновтің есімін ұлықтау мақсатында үлкен бір көше дайындалып жатқандығын алақайлағандай жеткізген азаматтарға ризашылығын танытқан топ, рақметтерін жаудыра елге оралды.

Тегтер: желтоқсан оқиға пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ 22.10.2021, 15:44
Ескерусіз қалған ерлік
Жарас СӘРСЕК 22.10.2021, 10:16
Құрышпын деп жүргенің құрып кетсе-қайтесің?
Жарас ШӨКЕ 22.10.2021, 09:03
Боксшы қыздар нені бөлісе алмай жатыр?
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 18:56
Айман Алдаш зерттеулеріндегі терминология және аударма мәселелері
Фархад ОМАРБЕКОВ 20.10.2021, 15:17
Қожанасыр. Қожа – ғасыр
Бифат ЕЛТАЕВА 20.10.2021, 14:00
Әлеуметтік желіде «жалдамалы жазбалар» көбейіп барады

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31