Жезқазғанда Алаша хан мен Жошы ханның кесенесі қараусыз жатыр

Сайт әкімшілігі

17.11.2020, 17:26

1643

Редакциямызға «Жас Алаштың» тұрақты оқырманы Алматы қаласының тұрғыны Ахмет Оразбаев хабарласты.

Ахмет мырзаның айтуынша, Жезқазған қаласының маңындағы Алаша хан, Жошы хан кесенелерінің күтімі келіспей, тарихи орындардың күйісі кете бастаған.

— Жолым түсіп Жезқазған қаласының маңындағы қазақтың тарихи мұрасы саналатын Алаша хан мен Жошы хан кесенесіне барып зиярат ету үшін ат басын сол жаққа бұрдық. Алаша хан кесенесіне келгендегі қуанышым, кесененің ішіне кіргенде, мына суреттегі көріністі көріп  су сепкендей басылды.  Қазақтың тарихи мұраларының бірегейі саналатын Алаша хан кесенесінің ішінде құстың саңғырығынан аяқ алып жүретін жер жоқ,- дейді оқырманымыз.

(Кесененің ішіндегі құстың саңғырығы) 

Бұдан бөлек оқырманымыздың айтуынша, тарихи орындарға жетудің өзі бір бөлек әңгіме. Мысалы, Жошы ханның кесенесіне апаратын жолдың сапасы сын көтермейтіндіктен, арнайы техникамен немесе жол талғамайтын көлікпен ғана жетуге мүмкіндік бар.

— Жошы хан кесенесіне бармақ ниетпен жолға шықтық. Алаша хан кесенесінен Жошы хан кесенесіне баратын жолмен тек қана жол таңдамайтын көлікпен немесе арнайы техникамен баруға болады екен. Себебі жолмен жәй жеңіл көлік жүре алмайды. Егер Алаша хан мен Жошы ханға баратын жолды «Грейдер» құрылыс техникасымен тегістеп қана қойса,  қаншама адамға жол ашылар еді?!  Алаша хан кесенесінен Сәтпаев қаласына қарай 20 шақырымдай жерде Жошы ханға баратын екінші жол бар деген соң солай қарай бет алдық. Ол жердеде сол баяғы әуен- жол жоқ.   Жошы хан кесенесіне көктем мен күзде барайын десең — батпаққа батасың, қыста барайын десең — қарға батып, аязда қатып өлесің, жазда барар болсаң — шаңға көмілесің.  Ол аздай Жошы хан кесенесіне жол көрсететін «Жошы хан „деп жазылған тақтайша аяқтың астында жатыр.  

(Аяқ астында қалған тақтайша) 

  Осы көрініске қарап, біздің елдегі аудан, облыс, республика деңгейіндегі лауазымды азаматтар тарихи мұраларға тек қана Елбасы мен Президент келген кезде ғана көңіл бөліп, қалған уақытта қарамай ма деген ой келеді. Дәл осындай тарихи ескерткіштер өзге елдерде болса, бұл орындар олардың сыйлы қонақтарын арнайы әкеліп көрсететін  мақтанышы болар еді. Қарағанды облысының мүйізі қарағайдай басшыларын жердің астынан шығатын қазба байлықтар ғана қызықтырып, жердің үстіндегі рухани байлыққа түкіргендері бар сияқты,-дейді  Алматы қаласының тұрғыны Ахмет Оразбаев. 

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 11:00
"Жабық тақырып жөніндегі ашық әңгіме"
Бифат ЕЛТАЕВА 23.11.2020, 14:38
Алтын адамның алтынын сақтап, бас сүйегін қайда жібердік?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.11.2020, 03:30
Гиннесс рекордтарын жүзіммен жаулаған бағбанды мемлекет неге қолдамайды?
Сайт әкімшілігі 18.11.2020, 16:15
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 10:24
Қош бол, "Б"
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 09:26
«Қазақта жақсы өмір сүретін мүмкіндік болды, оны құр жібердік»

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56