Жұбан-Ана кесенесінен алтын бұйымдар табылды

20.12.2018, 23:30

371

Қарағанды облысы, Ұлытау аударыныда археологтар алтын бұйым тапты.Бүгін облыстық мұражайда тарихшылармен бірге қазба жұмыстарын жүргізген бір топ азаматтар БАҚ өкілдерімен кездесіп, тапқан олжаларын көрермен назарына ұсынды.Алтынға ұқсас, жалт-жұлт еткен тостаған мен әйел адамның сырғасын қазан айында Жұбан ана кесенесінен тапқан. Салмағы 400 граммдай болатын тостағанның алтын екендеріне ғалымдардың күмәні жоқ. Бүгінде кесене иесінің сүйегі Жапонияға және Америкаға зерттеуге жіберілген.«Жасын, қай жылы өмір сүргенін анықтау үшін сүйегін шетелге жібердік. Қазақстанда ондай лабораториялар бар бірақ, олардың ғылыми нәтижелеріне деген сенім халықаралық дәрежеде төмен. Сондықтан біз беделді, деңгейі жоғары лабораторияларға жіберіп отырмыз. Флорида және Жапонияда ұлттық ғылым орталығына  Екі жерге жіберуіміздің себебі, бір жерде дұрыс шықпай қалса, екіншісінде дұрыс болады. Сәйкестендіру жасауға қолайлы» — дейді археолог Айбар ҚАСЕНАЛИН. Мамандар алтын бұйымдардың енді қайда сақталанытатынын Мәдениет министрлігі шешеді дейді.«Қайда сақтайтыны жайлы сұрақ әлі талқыланған жоқ. Дегенімен, өзіміздің облыстық мұражайда сақталсын деген ниетіміз де бар. Бірақ, шешімді қабылдау біздің құзырымызда болмағандықтан, жоғарғыдағы билік шешім қабылдайды. Облыс әкімі бар, мәдениет министрі», -  дейді тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы Түлкібай ТӨЛЕУОВ.Алтын бұйым мен әшекейдің иесін білу мақсатында Жұбан-Ана кесенесі маңында мекен еткен Ескене ауылының тұрғындарымен тілдестік. Тұрғындардың айтуынша, Кесене тақтайшасында Шоқан Уалиханов деректері бойынша ХІІІ-ІХ ғғ деп жазылған. Алайда, кейін кесенені қайта жаңартқан кезде ХІ- ХІІ ғғ аралығы деп өзгертіліпті. Кесененің құрылысы мың жылдан аса қалпын жоғалтпай сақталынып келген екен. Тұрғындар әулие кісі болған дейді. Тіпті жаңбыр болмаған кездерде «тас аттық» жасаған.«Мың жылдан аса жақсы сақталынып тұрды. Біздің бала кезімізде күмбезінің бір жақ шеті құлап жататын. Екі рет жөндеуден өтсе де өз кірпіштері әлі күнге дейін сақталынып қалған. 1940 жылы ауылдық кеңестің төрағасы Түймендин Әбілда деген кісі болған. Сол кісінің атына халық комиссариатынан кесенені жөндеңдер деген хат келген. Сонда осы жердің халқы әулиені құрметтегені соншалық, жөндеу жүргізуге қорыққан. Кейін келген хатқа күмбезі құлаған жоқ деп жауап қайтарған. Одан кейін соғыс басталып кеткен. Бұл үлкендерден  жеткен әңгіме ғой», — дейді Ш. Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Балапан ЖУАНЫШБАЕВ.Тұрғындардың айтуынша, Жұбан-Ана кесенесіне қиналған адамдар, өмірінен адасып жол іздегендер немесе көптен бала көтере алмай жүрген отбасылар да келіп түнейді екен.«Біз осы ауылдың тумасымыз, атамның атын да осы кісінің атына сәйкестіріп қойған. Әкем мен анам қосылғаннан кейін бала көтере алмапты. Сонда атам, анамды осы әулиенің кесенесіне алып келген. Осы жазық далада, кесене түбінде түнеген. Таңертең атам анамнан «түс көрдің бе? » деп сұрапты. Анам түс көргенін және түсінде ұзын арқанды ұстап тұр екен. Екі шетінде екі қазығы бар дейді. Сонда атам, «е-е-е  дұрыс Алла қаласа,  балалы болады екенсің. Ұзын арқан сенің күйеуің, ал екі шетіндегі қазығы сенің екі ұлың болады» деп жорып беріпті. Айтқанындай, екі қазықтың бірі менмін. Анам екі ұл көтерді.», — дейді Балапан Жуанышбаев.Әулие кесенесіне Қазақстаннан бөлек, шет елдерден де саяхатшылар келеді екен. Жиынға келген археологтар табылған сүйектің қорытындысын күтеміз, келген бойда қорытындысын жариялаймыз деп отыр. Алтын сырға таспен жасалынған. Ал, тостағанда қазақи нақышта ою өрнек салынған. Сонықтан, ғалымдар бұл кісінің беделді болғанына күмән жоқ дейді. Сүйегімен бірге әшекейі мен тостағаны көмілгенге қарағанда, ислам діні қабылданбай тұрғанда өмір сүрген тұлға деп пайымдайды зерттеушілер.  Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 01.12.2021, 09:10
Қазақ философиясындағы дара тұлға
Индира БІРЖАНСАЛ 30.11.2021, 18:08
Жастармен бірге тыныстайтын басылым

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00