1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Сайт әкімшілігі

12.08.2022, 11:28

3965

Жыл басынан бері елімізде 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді», — деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр бұл көрсеткіш 400 мың га болған еді.

«Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр», — деді Ербол Қарашөкеев. 

Бұдан бөлек, жыл басынан бері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 деректі анықтады. 

«Сонымен қатар мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді», — деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, комиссия 7,45 млн га алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде  – 585,2 мың га  егістік пен 6,86 млн га жайылым жер бар.

Ауыл шаруашылығы министрі жергілікті әкімдіктерді пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау бойынша жұмысқа белсенді қатысуға, сондай-ақ АШМ-ге жер учаскелері бойынша ұсынылатын деректердің анықтығы мен өзектілігін бақылауға шақырды.

2022 жылы 9 тамызда Қазақстан Президенті жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектарға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлап отыр.

Тегтер: жер жайылым агро-сектор

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2022, 08:40
Қарыздары триллион, жалақылары миллион...
Арман ЖҰМАДІЛ 21.09.2022, 14:28
Жаңа Қазақстан астанасына жаңа ат қажет!
Еркежан АРЫН 21.09.2022, 12:02
Аналар күнін ұлықтау қажет
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:44
"Алматының Құрметті азаматы" атағын кімдер алды?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2022, 08:42
«Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...
Ринат РАХЫМ 13.09.2022, 13:49
Алтынбексіз ауыр жылдар

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41