"3 тәулік бойы лаңкестер торуылдады". Қалқамандағы ауруханада не болды?

Сайт әкімшілігі

11.01.2022, 15:21

2445

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананы 3 күнге жуық уақыт террористер қоршауға алған,-деп хабарлайды «Жас Алаш».  Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов айтып берді.

«Біз 5-8 қаңтар аралығында, 3 тәулікке жуық уақыт қоршауда болдық. Аурухана маңайына экстремистік топ қоршау құрып алды. Олар бізден 50-100 метір қашықта болды. Аурухана үш көше арасында тұр: Райымбек, Әшімов, Алтын Алаш. Осы көшелерде қарулы адамдар тобы болды. Олар қоршау тұрығызып аурухана жұмысына кедергі болды. Кіріп-шығуға мүмкіндік бермеді. Жедел жәрдем көліктерін кіргізбеді», — деді бас дәрігер. 

Содырлар от жағып, ауруханаға оқ атқан. Бірнеше рет шабуыл жасап, есік, терезелерді шаққан. Дәрігерлерді қорқытып, дәрі, спирт сұраған және қару кезенген. Куәгерлердің айтуынша, олардың арасында маска таққаны, сақалды-сақалсыз, әскери киінгендері болған.

«Біз терезеден қарап отырдық. Олар аурухананы кепілге ұстап отырды. Психологиялық тұрғыдан жұмыс істеу өте қиын болды», — деді ол.

Бұл кезде клиникада 300-ден кем емес науқас, 200-ге жуық қызметкер болған. Кей қызметкерлер 3 тәулікке жуық ауруханада жатқан. Оларға шабуыл жасау қаупі болғандықтан екінші ауысым жұмысқа келе алмаған.

"Өзімнің көзім жетті, көлігіме қылмыскерлер тобы тап бергенде қашуға тура келді. Бұл таңертеңгі уақыт болатын, таңғы 6-7 шамасы, жұмысқа келген кезім. Жеке сектор арқылы көлікті қалдырып, дуал арқылы қашып, жұмысқа келуге тура келді. 6-7 күндері жағда ушығып кетті, екі күндей жағдай қиын болды. 8 қаңтарда арнайы органдар күштік операцияны бастап, оларды мына жерден шығара бастады", — деді №7 аурухананың бас дәрігері. 

5-6 қаңтарда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алғандар ауруханаға түсе бастаған. 

«Түрлі дене жарақатын алғандар түсті. Бірақ кім екенін айта алмаймын. Орган қызметкерлері келіп, алып кетті. Бүгінде клиникада митинг кезінде зардап шеккендер де, құқық қорғау органы өкілдері де жоқ», — деді дәрігер.

Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі қайтыс болған. 

«Медициналық қызметкерлер арасында дүрбелең болған жоқ, бірақ қорқыныш болды. Ауруханада көбіне ер адамдар, хирургтар, травматологтар, нейрохирургтар, жеке қауіпсіздік қызметкерлері болды. Әйелдер қауымын қысқартуға тырыстық. Ауруханада болғандарды жоғарғы қабаттарға жасырдық», — дейді Рамазанов. 

Дәрігерлерге шабуыл жасалмаған, бірақ қорқытып, қарумен қоқан-лоқы көрсетілген. Бүгінде №7 қалалық клиникалық аурухана радикалдардан азат етілді, мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

«Ол жердегі жағдай қазір тұрақты, бәрі жақсы. Олар (террористер — еск.) жараланғандарды емдеу үшін сол жерде тосқауыл жасамақ болған. Арнайы операция жүргізіліп, дереу шара қолданылды», — дейді Алматы ПД баспасөз қызметі басшысы Салтанат Әзірбек.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 11:05
Амангелді Құрмет: Құрылымдардың ішінде Отанға опасыздық жасаған тұлғалар болған
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:49
Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 19.01.2022, 12:00
Елордадағы LRT-ның жыры бітпеді...
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 09:05
Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
Алмас НҮСІП 18.01.2022, 08:39
Аренадан Алаңға дейін...
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 14:00
"Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38