Алаяқтар екі электромобильді ұрлап, иесінен ақша талап еткен

Машина қайда тұрғанын айту үшін 10 млн теңге сұрапты.

Сайт әкімшілігі

15.09.2023, 14:20

3718

Өскеменде тұратын кәсіпкерлер Қытайдан жаңа электромобиль сатып алған. Екі көлік Алматыға келген соң кедендік тазартудан өтіп, уақытша сақтау қоймасында тұрады. Иесі хабарландыру сайтынан тапқан тасымалдаушыға машиналарды Шығыс Қазақстанға жеткізіп беруді тапсырған.

Қоймадағы көліктерді алған соң тасымалдаушы бір тәулік хабарсыз кетіп, телефонға жауап бермейді. Кейін өзі хабарласып, жаңа «зикрлер» қайда тұрғанын айтқаны үшін 5 млн, кілтін тауып бергені үшін тағы 5 млн теңге сұрапты.

«Кейін компания нақты адамның атына тіркелгенімен, ол кісі бұл салада көптен бері жұмыс істемегенін және басқа елде тұратынын білдік. Дереу полицияға хабарластық, Алматы полицейлері сол күні Қырғызстанға баратын тас жол бойындағы бұталар арасынан бір автомобильді тапты. Жолда қуаты таусылыпты, ішінде қуаттау құрылғысы болмаған. Көлік іздеу туралы ақпаратты жүргізушілердің түрлі чатына тараттық. Көп ұзамай олардың бірі қалада сондай машинаны көргенін, оған жалған ресейлік нөмір тағып қойғанын айтты», — деді Zeekr сатып алған азамат.

Ұрылар полиция машинаны тауып алғанын білген соң да ақшадан күдерін үзбей, кілт үшін ақы талап етеді. Машина иесі Қытайдағы автоөндірушіге хабарласқан екен, бренд бағдарламаны жаңартып, иесіне жаңа кілт жасап беріпті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбіт Сарыбай 16.09.2023, 10:55
Біздің қоғам шындықтан қорқады
Т.Раушанұлы 15.09.2023, 16:24
Мектеп директоры соққыға жығылған ауыл жұрты әнді харам санайды, тіл білмейді – Айгүл Орынбекпен сұхбат
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2023, 09:55
Киікке күйек байлаймыз ба?
Сағатбек Медеубекұлы 14.09.2023, 12:50
«Ешқашан менің атым өлмек емес...»
Нұрболат Әлдибек 13.09.2023, 18:12
Ұлы дала әкімдері. Орынбеков қана емес, Қарашөкеев те көшу керек
Тұрсынбек Башар 13.09.2023, 09:40
Нариман Қыпшақбаев, экс-министр: Қалтамда қанша ақша бар екенін білмеймін, ал суды күнде есептеп отырам

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55