Алматыда карантин күшейді
Сайт әкімшілігі
14.01.2022, 11:15
3200
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Қаулы шарттары мынадай:
- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
- қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде ("қызыл" статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» статус) — 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.
15 қаңтардан бастап Ashyq-та «жасыл» мәртебесі барлар ғана спорт орталықтарына, моншаларға, сауналарға кіре алады.
Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, тыйым салынады:
- концерт залдары, театрлар, цирктер, филармониялар қызметіне;
- ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- жаңа клубтар, барлар, караоке жұмысына.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.
Тегтер:
медицина коронавирус ПТР тест анықтама
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ
06:17
Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
Дос КӨШІМ
17.05.2022, 05:00
Қайран 16 миллиард...
Байділдә АЙДАРБЕК
13.05.2022, 07:56
Бұғып қалған 69-дың мұнысы несі?
Сайт әкімшілігі
11.05.2022, 07:24
Екі өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін - Қазгидромет 8
Болат ЖҮНІСБЕКОВ
05.05.2022, 05:13
Ақылдың алжасуы
Дос КӨШІМ
03.05.2022, 09:00
Референдум әділдік кепілі ме?