Алтынбексіз ауыр жылдар

Ринат РАХЫМ

13.09.2022, 13:49

3105

2006 жылы мемлекетшіл тұлға Алтынбек Сәрсенбайұлы саяси қастандықтың құрбаны болмағанда, биыл 60 жасқа толар еді. Өткен аптада саясаткердің туған-туыстары, достары, әріптестері ас беріп, құран бағыштады.

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылының мектебіне Алтынбек Сәрсенбайұлының атын беруге қатысты шаралар өтті. Алматы облысының мәслихаты халықтың бұл ұсынысын қолдап, мемлекетшіл тұлғаның атын мектепке беру туралы шешімді Республикалық ономастикалық комитетке жолдады.

Сол күні футболдан, волейболдан аудан көлемінде жарыс өтіп, спортшылар бақ сынасты. Саясаткермен мектепте бірге оқыған жора-жолдастары ас беріп, құран бағыштады. Екі күнге созылған іс-шарада жұртшылық алтын ұлдарының атын ұлықтады.

Шараға Алтынбек ағаларының есімін иеленген алпыстан астам жас жеткіншек арнайы келіп қатысты. Араларында дүниеге енді келген сәби Алтынбектер де бар екен. Тіпті бүлдіршіндердің бірінің аты-жөні Алтынбек Сәрсенбай екеніне куә болдық.

Марқұмның ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы: «Алтыкенге қастандық жасалған кезде «әлі жүз Алтынбек, мың Алтынбек өмірге келеді» деп едім. Сол сөзім расқа айналды. Бүгін біз соның куәсі болып отырмыз. Кішкентай Алтынбектер тау тұлғалы ағалары сияқты ұлтын, мемлекетін сүйетін қайраткер болсын», – деді.

Кеше, яғни 12 қыркүйек – Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Шараға қатысқан А.Сәрсенбайұлының туған-туыстары мен жақындары, саясаттағы серіктері зират басына барып, марқұмға бағыштап құран оқыды.

Белгілі журналист Ермұрат Бапи: «Алтынбек Сәрсенбайұлының орны ойсырап тұр. Алтекең мықты идеолог, тамаша стратег еді. Орнын ешкім толтыра алған жоқ. Соның салдарынан оппозиция тарап кетті. Біздің қоғамға бүгін Алтынбектей ірі тұлғалар аса қажет», – деді. Алтынбексіз ауыр жылдар өтіп жатыр. Ал алтын ұл Алтынбек Сәрсенбайұлының мерейтойына қатысты шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік МӘЛЕЕВ 10:00
Роман Скляр сатқын ба?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:59
Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.11.2022, 08:41
Адалдық тұсалса, көзбояушылық күш алады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.11.2022, 09:30
Журналист киллерге кешірім берді
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:30
2023 жылы тұрғын үй бағасы өсе ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 25.11.2022, 07:22
Осындай ұлтпыз, қайтеміз енді?

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43