Аналар күнін ұлықтау қажет

Еркежан АРЫН

21.09.2022, 12:02

1695

Мереке күні әр жыл үшін өзгеріп отырады. Биылғы жылы бұл күн 18 қыркүйекке түсіп отыр. Қазақстанда аналар күнін жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойлайды. Елімізде аналарды құрметтеу дәстүрі сан ғасырлардан бері бар болса да, мереке ретінде 2012 жылы ресми түрде бекітілді.

2012 жылы 8 наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан аналарын ұлықтау үшін белгілі бір күн белгілеу идеясын жеткізіп, отбасы ошақтарының қамқоршысы әйел рөлін және әлемде кең таралған әрі өзекті мереке ретінде аналар күнін атап өту шешімі қабылданған болатын. Сондықтан да қазақ аналарын күзде «тазалық біткенде, көңілге қонымды уақытта» құттықтау ұсынылды.

Көп ұзамай үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлыққа тиісті өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес жаңа мереке белгіленді.

Бұл мереке қазақстандық аналарды құрметтеу мақсатында енгізілген. Ана – өмір бастауының негізі, шаңырақтың ұйытқысы, отбасылық дәстүрді сақтаушы. Ендеше, ананы ардақтау – қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау, қазіргі заманда бұл өте маңызды. Өйткені өскелең ұрпақ кейде өмірдегі негізгі бағдарларынан айырылып, отбасы, неке, өз халқының салт-дәстүрін ұмытып кетіп жатады.

Бір қызығы, еуропа елдерінің көпшілігінде, АҚШ, Канада, Қытай, Жапонияда Аналар күні жыл сайын мамырдың екінші жексенбісінде, ал Ресейде қарашаның соңғы жексенбісінде тойланады.

Тегтер: мереке шара жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 30.09.2022, 14:39
«Артспорт» бағдарламасы асығыс жасалған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.09.2022, 08:36
«Әділетті Қазақстан» әдемі ертегі
Әділ АҚЫЛБАЙ 28.09.2022, 05:59
Қазақстанды қаралау кімге қажет?
Сағындық РАХЫМЖАН 27.09.2022, 14:15
Оталған орман...
Әділ КЕМЕҢГЕР 27.09.2022, 06:25
«Путиннің ақыры»..?
Батыр ЖАСҰЛАН 26.09.2022, 07:19
Әскери әлеуеті әлсіз ұйым Қазақстанға қажет пе?

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37