«Артспорт» бағдарламасы асығыс жасалған

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ

30.09.2022, 14:39

2154

Сыр өңіріне келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Әбілдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сала қызметкерлерімен кездесті. Оған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан қатысты.

Модератор, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов алдымен өңірдегі мәдениет және спорт саласында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

– Биылғы жылдың мамыр айынан бастап, біздің облыста – мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасын қосу жолымен қайта ұйымдастырылып, жаңадан облыстық мәдениет және спорт басқармасы құрылды. Сыр бойындағы зор әлеуетке ие дәстүрлі өнерді одан әрі жетілдіру, бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарын арттыру, мәдениет пен спорт өкілдерін әлемдік кеңістікке шығару үшін республикада, шетелдердегі түрлі фестивальдер мен байқауларға, біріншіліктер мен спартакиадаларға қатысуына қолдау көрсетіліп  келеді.

Биыл ел үшін де, өңір үшін де айшықты оқиғаларға толы жыл болды. Ән падишасы атанған Роза Бағланованың 100 жылдығына, әнші-композитор Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына арналған республикалық әншілер конкурстары мен «Ақкербез» республикалық бишілер байқауы өткізіліп, облыс орталығында Роза Бағланованың ескерткіші орнатылды. Сонымен қатар Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алу іс-шарасы, республикалық ғылыми конференция өткізілді. Бәбіш мола, орта ғасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Спортпен тұрақты айналысушылар 38 пайыз болса, 2025 жылы 50 пайызға жеткізілмек. 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға әзірлік – алдағы күннің еншісіндегі шаруа. Жыл басынан бері спортшылар Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен кубоктарында 807 медальға, Әлем және Азия чемпионаттарында 153 медальға қол жеткізді. Елорда күні қарсаңында өткен  «Қазақстан барысы – 2022» турнирінде жерлесіміз Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атанды.  2008 жылдан бастап ұлттық құрама сапында 4 жазғы олимпиада ойындарына 21 спортшы қатысып, 2 қола медаль жеңіп алды. Олар – боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен ауыр атлет Александр Зайчиков.

Кездесу барысында министр мәдениет, өнер, кино, спорт, туризм салаларындағы жаңалықтарды айтты.

– Еліміз бойынша 35 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 265 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бұл тізімде кітапханалар, театрлар, музейлер, концерт залдары мен мәдениет үйлері бар. Ұлттық мәртебесіне ие мәдениет ошақтарындағы қызметкерлердің еңбекақысы 75 пайызға өсті. Бізде мұндай мекеме саны көп емес, бар болғаны онға жетер-жетпес. Сондай статусқа ие мекемеге барлық өңірден қызметкерлер келіп, жұмыс істеуге ұмтылу керек. Жаңа облыста қолға алынған шаралардан хабардар болдым. Біз «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына байқау жарияладық. Бұл байқауға Қызылорда өңірінен де азаматтар қатысады деп ойлаймын. Мұнда 7 номинация бойынша сыйлық беріледі. Олар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті»,  «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны» деп бөлінеді. Әрқайсысының бас жүлдесі – 5 миллион теңге. Осы жерде комикстің не керегі бар деген ой туындайды. Бірақ балаларды әдебиетке тартудың бір құралы ретінде комискті қостық. Оған тек ұлттық комикстеріміз ғана қабылданады. Біз жаңа қазақ әдебиетінің серияларын шығаруды қолға алдық. Онда еш жерде жарияланбаған қаламгерлер еңбектерін бізге жолдауы керек. Жас мөлшеріне шектеу жоқ, – деді министр.

Д.Абаев елімізде жүргізілген «Артспорт» бағдарламасының асығыс жасалғанын айтты. Қазір балалар спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуда. Оған 40 млрд теңге қаражат бөлінген. Бірақ бірнеше проблеманың бары анықталған. Ең негізгісі – жергілікті бюджетте қаржының жетіспеуі. Одан бөлек, жалпы бағдарлама асығыс ойластырылған.

– Қажетті есептеулер, бағдарламаға қатысатын балаларды қамту бойынша болжамдар дұрыс құрылмаған, ақпараттық портал жұмысының қағидалары анық жазылмаған. Бағдарлама 4-тен 18 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Бұл – республикадағы 4 млн бала. Осыншама ауқымды салааралық күрделі бағдарлама қысқа уақыт ішінде енгізілген, – деді Д.Абаев.

Сондай-ақ министрлік ондаған миллиард теңге жұмсалатын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салудан біртіндеп бас тартатынын айтты. Мұндай кешендерде спорттық жүктемеге пайдаланылмайтын үлкен атриумдар, дәліздер, паркингтер, акт залдары көп. Оған қарағанда модульдік спорттық нысандардың құрылысы бірнеше есе тиімді, әрі оларды салу оңай. Көбінесе мұндай нысандарды ауылдық жерлерге салу ыңғайлы. Ендігі  уақытта министрлік олимпиада нәтижелеріне толықтай жауапкершілікті өз мойнына алады.

Кездесуде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры режиссерінің кеңесшісі Хұсейін Әмір-Темір, облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Жақсыбек Егізбаев, Темірбек Жүргенов атындағы қордың төрағасы Сәпен Аңсатов ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Мұнан кейін министр республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, тұрғындарды жеке қабылдады.

Түстен кейін Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде болып, «Байқоңыр» космодромы музейімен танысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік МӘЛЕЕВ 10:00
Роман Скляр сатқын ба?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:59
Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.11.2022, 08:41
Адалдық тұсалса, көзбояушылық күш алады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.11.2022, 09:30
Журналист киллерге кешірім берді
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:30
2023 жылы тұрғын үй бағасы өсе ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 25.11.2022, 07:22
Осындай ұлтпыз, қайтеміз енді?

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43