Асхатқа араша қажет пе?

28.07.2020, 12:24

19

Әлеуметтік желіде білім жәнеғылым министрі А.Аймағанбетовті мақтау, қолдау науқаны басталған сияқты. Меніңше,бұл Қазақ елінің ақпарат алаңында көптен бері болмаған құбылыс. Интернеттібіреулерді жамандау үшін жаппай пайдалану тәсілі, ұмытпасам, мәдениет министріАрыстанбек інімізді жамандау науқанында басталып, әлі күнге дейін өзінің тиімдінәтижесін беріп келеді, бірақ қызметінде отырған министрді жабыла мақтау, оныңосы уақытқа дейінгі іс-әрекеттерін тізбелеп, позитивті реңк беруге тырысуды өзбасым осы уақытқа дейін кездестірмеппін. Бұл, сөз жоқ, жақсы құбылыс.

    Мұның бірнеше себептері болуымүмкін. Бірінші себебі – «ертең мемлекет басшысы үкіметті тарататын шығар (президенттіңүкіметке екі апта уақыт бергенін білеміз), сондықтан өзімізге ұнайтын министрдісақтап қалайық» болуы ғажап емес, ал екінші себебі – «оның ғылыми еңбегікөшірілген деген айыпты оны кетіру, құрту науқанының басталуы» деп түсінгенжақтаушыларының «бұрын жұдырықтауы» деп түсіну керек сияқты. Алайда бұл екеуіде сын көтермейтін себептер. Диссертациясы көшірілді деп тағылған кінәніңдұрыс-бұрыстығын сот шешеді (Асхат бауырымыз да осы жолды таңдады), егерминистр жеңіп шықса, оның беделі одан да жоғары көтеріледі, ал үкіметтіңотставкасынан ешқандай көпшіліктің қолдауы ешкімді құтқармайтыны анық.

     Сонда да болса осы құбылыстың, Асхаттықолдаушылардың, осы екі-үш күнде пайда болғанына талдау жасап көрейік. Біреулер«бұл министрдің өзінің ұйымдастырғаны» деген пікір айтады. Өз басым сенгімкелмейді. Әрине, бірге жүрген қызметтестерінің бұл «көпшіліктің қолдауәрекеттеріне» қосылуы ғажап емес, бірақ министрлік тарапынан әдейіойластырылған, жоспарлы түрде жасалған акция деуден аулақпын. Меніңше, бұлакцияның пайда болуының үш факторы бар сияқты.

      Біріншісі – Асхатты осыданбұрын осы қызметте болған (қанша екенін білмеймін, әйтеуір, 10-нан артық екеніанық) білім министрлерімен салыстыру. «Бәрі де салыстырудан көрінеді» дегенорыстың мақалы бар. Шынында да, керек десеңіз, есімдері де жадымызда қалмағанминистрлердің көпшілігі білім саласын жетістірген жоқ. Әрине, кейбіреулеріжақсы өзгерістер бастауға ниет етіп еді, қызметтен ертерек кетті. Қысқасы,осылардың қатарында қазіргі министрдің оқшау тұрғаны анық.

      Екіншісі – тағы да салыстыру.Енді көпшілік білім министрін Қазақстандағы басқа да саланың министрлеріменсалыстыра бағалайды. Бұл жерде осы саланың әрқашан көпшілік назарында, көзалдында (бәріміз ата-анамыз, бәріміз де білім беру мен тәрбиенің «білгішіміз»ғой) болатынын да ұмытпалық. Сондықтан білім саласындағы жұмыстардың бағыты меннәтижелеріне терең сараптама жасап, баға бере алмасақ та, бір адамдай түсінеміз,жақсы жағы мен қателіктерін де өз тұрғымыздан талдап бере аламыз. (Ал, мысалы,энергетика саласының министрі Н.Ноғаев мырзаның энергетиканың әлемдікдағдарысқа ұшырау кезеңіндегі іс-қимылына баға беруге жүрегіміз дауаламайды.)Сондықтан болуы керек, «үкімет отставкаға кетсін, бірақ Асхат орнында қалсын»деген пікір көп.

       Меніңше, салыстырмалы түрдеқабылдау объективті бағалау болып табылмайды. Бұл кейде «жаман» мен «өтежаманның» арасындағы таңдау болуы да ықтимал. Сондықтан болуы керек, әлеуметтікжелілердегі министрді қолдаушылардың жазбаларынан «қазір осыдан басқа адамкөріп тұрған жоқпын» немесе «осы уақытқа дейін мұндай министр болған жоқ» дегенсөз тіркестері жиі ұшырасады.  Екіншіден,біз бұрынғы кеңес заманынан қалған психологиямен біреулерді мақтасақ көккекөтереміз де, жамандасақ жерге кіргіземіз. Ортасы болмайды. Әр пенденің жақсыжағымен қатар, қателіктері де болады дегенді айтқымыз келмейді.

      Үшінші фактор – министрдің адамиқасиеті, мінезі, парасаттылығы, мәдениеттілігі. Баяғы кеңес заманындағы «жапесікті, әкеңнің...» деп, кеңсенің есігінен сығалатпайтын бастықтар мен басқармалардансоң, адамдармен ашық сөйлесіп, олардың ой-пікірлерін тыжыраймай тыңдайтынбасшыларға халық та жылы көзқарас қалыптастыра бастады. Соңғы уақытта Светқали,Есенғали Раушанов сияқты замандастарымыз көтерген «Қ.Тоқаевтың қасынатоптасайық!» деген ұранның пайда болуында осы мәселе жатқан сияқты.

      Әрине, басшының парасатты,мәдениетті болғанына не жетсін, бірақ бұл  министрлерді бағалау шарттарындағы ең соңғыталаптардың бірі деп ойлаймын.  Әрине,«түсі игіден түңілмегеніміз» дұрыс, бірақ өз басым басшы  қызметкерлердің нақты шешімдері мен нақтыіс-әрекетіне ғана баға бергенін қалаймын. Себебі олардың шешімдері біздіңболашағымызға тікелей әсер етеді. Осы жерде өзімнің білім министрлігінен некүткенімді қысқаша айтып кетейін: а) мектепте екінші тілді үйренуді бастауышсыныптарынан соң ғана (12 жастан кейін) енгізу (30 жылда азаматтарға мемлекеттіктілді үйрете алмай жүріп екінші, үшінші тілді тықпалау не сұмдық?); ә) жоғарысыныптардағы негізгі пәндерді ағылшын тілінде жүргізу керек деген ақымақтұжырымды алып тастау (Ұлттық ғылымды толық құртатын тұжырым. Екіншіден,математика, биология т.б. пәндерді ағылшын тілінде оқытатын он мыңдағанмұғалімді басқа жақтан алып келерміз, ал олардың дәрістерін ұғатын миллиондағаноқушыларды қайдан табамыз?);  б) «Орыс әдебиетінің»орнына «Әлем әдебиетін» енгізу (о заман да бұ заман басқа ұлттың әдебиетін жекепән ретінде оқыту деген не сұмдық? Әлде Рабиндрат Тагор, Марк Твен, Маркестермен Айтматовтар Толстой мен Лермонтовтың деңгейінен төмен бе?); г) мемлекетқамқорлығындағы үйлерде (жетімдер үйінде) оқу-тәрбие жұмыстары тек мемлекеттіктілде жүруі шарт. (Осыдан он шақты жылғы мәлімет бойынша, Қазақ еліндегі 33жетімдер үйінде 17 аралас, 16 орыстілді мектептер жұмыс істейді екен. Бірде-бірқазақ мектебі жоқ. Ал балаларды қай тілдегі мектепке беру керегін ата-анасышешетінін ескерсек, бұлардың ата-анасы – мемлекет. Мемлекеттің тілі – қазақтілі. Бірақ біз әлі күнге дейін жетімдерімізді, бірнеше ондаған мыңбүлдіршіндерімізді көрші Ресейдің тілінде тәрбиелеп, оқытып жатырмыз.) Өкінішкеқарай, осылардың біреуі де жүзеге асқан жоқ.

     Президент орнына таласқан жанөзінің бағдарламасын жариялайды да, жеңіп шықса сол уәдесін орындауға кіріседі.Халық одан өз қолымен жазған, халықтың алдында сөз берген мәселелерді орындаудыталап етеді, қалай орындап жатқанын бақылайды және соған байланысты бағабереді. Әлі есімде, 1989 жылы Алматыдағы «Айнабұлақ» ықшамауданындағы жаңасалынып жатқан мектепті айқасып жүріп қазақ мектебіне айналдырдық. Сол жеңістіңекпінімен мектептің директорын да жергілікті тұрғындар, балалардың ата-аналарысайлайтын мүмкіншілікке қол жеткіздік. Директорлық орынға төрт адам таластыжәне олардың әрқайсысы өздерінің бағдарламаларын ұсынып, біздің алдымыздақорғап шықты. Меніңше, біздің әрбір министр қызметке тағайындалғанда, еңболмаса өзінің «мен мыналарды жүзеге асырамын» деген негізгі бағыттарын халыққажариялағаны жөн болар еді. Сонда ғана жөнді-жөнсіз мақтаулар мен даттаулардалада қалып, оның өз мойнына алған міндеттерді қалай жүзеге асырғанына бағаберілер еді. 

     Айтудан жалықпаймын, қоғаміріп-шіріп, билік жүйесі әділетсіздік ауруына  ұшырағанда оның бір немесе бірнеше  саласының (білім және  ғылым не медицина) жақсы, дұрыс болуы мүмкінемес. Бұл аксиома, талассыз шындық. Мойындайық, білім саласы – жемқорлыққа батқан, проблемасы шаш етектенкелетін саланың бірі. Кешегі сайлауда да  халықтың даусын ұрлағандардың көпшілігіұстаздар. Меніңше, бүгінгі Асхат бауырымызды мақтаушылар мен жақтаушылар осыкелеңсіздікті өзгертетін азаматтың билікке келуін асыға күтетін жандар болар депойлаймын. Бұл – үміт оты. Ал үмітсіз жанды қазақтың не деп атайтынын бәрімізбілеміз.

    Өркениетті әлем, алдыңғы қатарлыдамыған елдер де дәл біздің жолымызбен жүріп өткені анық. Сондықтан да олар көппартиялықжүйе қалыптастырып, атқарушы билікті жасақтауды жеңген партияның қолына толықберетін жолды ойлап тапты. Көп жағдайда үкімет жұмысына кешенді баға беріледіде, халықтың үмітін ақтамаған үкіметтің премьерден бастап, барлық министрлерібір адамдай отставкаға кетіп, бұрынғы билікпен ешқандай қатысы жоқ жаңамамандар келеді. Ал не әділетті сайлауы жоқ, не көппартиялық жүйесі жоқ, билігімен байлығы біте қайнасып кеткен елдер «мына бала аналарға қарағанда жаман емессияқты» деп, малтасын езіп отыра береді.       

     Бұл – Асхатты қорғау не қолдауемес, биліктің тығырыққа тірелуінің көрсеткіші. Басшыларды тағайындау,орындарынан алып тастау жүйесінің тығырыққа тірелуі дер едім. Басшы қызметкеадамдар қалай келеді, оларды таңдау тетігі бар ма, не үшін, қандай артықшылықтарыарқылы келді? Олар қызметтен қалай кетеді, не үшін, қандай себептер орындарынбосатады? Егер олар біздің ақшамызға жұмыс істейтіні рас болса (бұл талассызмәселе), олардың не үшін қызметтен шығарылғанын білу біздің құқығымыз. Ал бізәлі күнге дейін сенат спикері Дариға Назарбаеваның қызметтен не үшін кеткенінбіле алмай, бал ашып отырмыз. Кеше тағы бір министр кетті. Оның кеткені, дұрысындакетіргені, мемлекеттік не коммерциялық құпия сияқты көлеңкеде қалды.

      Ал бізге интернет беріп қойды.Рахат!    

 Дос КӨШІМ          

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 09:12
Ауылды қарызға батыру ағайынды құрдымға кетіру екенін неге ұқпаймыз?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.10.2020, 11:11
Реформалар кеңесі 30 жылда бағы ашылмаған салалалардың бабын келістіре ме?
Жарлы БАЙҒАНИН 22.10.2020, 10:55
Өз балаңды өзекке теппеші
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.10.2020, 09:07
Құм құрсауында қалған ауылдар
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 15.10.2020, 09:48
Қоғамдағы көп кеселді қолдан жасап отырмыз
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:32
Қазақта қайткенде баспана болады?

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04