Ауылда отырып айына 300 мың теңге табатын 13 жастағы баланың арманы не?

Шынашақтай шебердің шеберханасынан кісі үзілмейді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

19.11.2020, 16:48

4362

 Нұра ауданы, Қараой ауылының 13 жастағы тұрғыны Нұрасыл Несіпбаев айына 300 мың жалақы тауып отыр. Ол   істен шыққан электр техникаларының барлық түрін жөндеумен айналысады. Қаршадай жеткіншек бүтін бір ауылдың қажетіне жарауда. Осы күні оны Астанадан арнайы  іздеп келушілердің қатары  да көбейіп келеді. Шынашақтай шебердің шеберханасы кісіден үзілген күні жоқ.

— Сонау Нұра кентінен осында келіп жүргеніміз. Осы бала секілді  мықты маманды маңайымыздан майшаммен іздеп таппайсыз. Кішкентай шебер жасаған жұмысының сапасына кепілдік береді. Алатын құны қарапайым халықтың қалтасы көтеретін шамада,-дейді Нұра ауданының тұрғыны Құдайберген Әбдікәрімов.

Нұрасыл сүйікті ісіне әбден машықтанып алған. Айналдырған жарты сағаттың ішінде, кейде шектеулі уақытқа жеткізбей теледидар, тоңазытқыш, көлік магнитофондарын қалтықсыз қалпына келтіріп береді. Келешекте кәсібінің аясын кеңейтпек ойда.

Бала шебер, «Әкем екеуміз радиобөлшектердің майда сымдарын ұлғайтып көрсететін микроскопқа тапсырыс бердік. Бұл құрал ұялы телефонды жөндеуге де қажет. Ал жинаған ақшамның бір бөлігін  өзіме қажетті құрал саймандарға жұмсаймын»-дейді. 

Жасөспірімнің ата-анасы перзентінің болашағынан зор үміт күтеді. Оқуда үлгерімі озат. Әсіресе, физика пәнінің мұғалімі Қымбат Әбілдинова, шәкіртім менің пәнімнен алдына қара салдырмайды деп мақтайды. Баланың жетістігі әсіресе, әке-шешені марқайтып, көңіліне дем береді.

Нұрасылдың әкесі шаңырақтарындағы аядай 4 бөлменің бірін  баласына  ықшамдап, шеберханаға айналдырып берген. Ол отбасындағы үш баланың ортаншысы. Өнерлі өрен қанмен дарыған талантын шыңдап, есейгенде әлемдегі алдыңғы қатардағы хас  шебер болуды көксейді. Мұраты мәрт жеткіншек әкесінің кеңесімен келесі жылы көлік жөндейтін шеберхана ашуды көздеп отыр. Ол мақсатқа жету үшін қомақты қаржы қажет.

Несіпбаевтар мемлекеттен несие алып, несібелерін еселетпек. Нұрасыл кірісін осы бастан межелеп қойған. Кәмелеттік жасқа толған соң, әкесін шалғадайғы Америкаға емдеуге апарып, ауруынан құлантаза айықтырсам дейді. Отау иесі тумысынан мүгедек. Осыдан екі жыл бұрын көлік апатына түсіп, тірек-қимыл мүшесі қозғаусыз қалған екен. Отағасы содан бері кәсібінен біржола қол үзген. Бірақ, тағдыр  ізінбасар Нұрасылға бойындағы өнерді дарытыпты. «Үміт ең соңынан өшеді» деген осы. Отбасының отын маздатып отырған кішкентай шебер ойын баласы болса да,  сүйікті ісін іркілісіз ілгерлетіп отыр.

Тегтер: кәсіп нәсіп бизнес жоспар кіріс шығын несие

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 11:08
COVID-19: антибиотиктер көмектесе ала ма, ақиқаты қайсы?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 25.11.2020, 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Тоқтар ЖАҚАШ 24.11.2020, 09:25
Маминның «малы» мұхит асты
Бифат ЕЛТАЕВА 19.11.2020, 13:11
COVID-19: Дәрумендер шынымен дертке дауа ма, дәрігерлер қандай кеңес береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.11.2020, 09:32
Зейнетақы қоры ма, әлде маңдай тердің соры ма?
Тоқтар ЖАҚАШ 12.11.2020, 12:40
Алматының мәселесін шешуге әкім Сағынтаевтың әлі жете ме?

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42