Ауылдағы ағайынды мал дәрігері емдей ме?

28.07.2020, 12:52

39

Денсаулық сақтаусаласынан министр Елжан Біртанов кетіп, артынша билік «жағдайды қалыпқакелтіреді» деп сенім білдіріп, Алексей Цойды тағайындады. Келе салысыменкарантинді  «локдаун» деп жұмсартып,  алдымен екі апта, одан кейін тағы екі аптаға шектеушараларын енгізген Цойдың коронавирус туралы айтып жүрген мәліметтері «жағдайтұрақтала бастады» дегенге саяды.

                                      Цой не дейді, ел не дейді?

     Жағдайдыбарынша жақсартып көрсетуге тырысатын министр өткен аптада үкімет алдында есепберді. «Ағымдағы айдың үш аптасында жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мыңинфекциялық және провизорлық төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Төсек-орын қорыныңөсуі 19,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялықтөсек-орын қарастырылды. Осының арқасында мұқтаж пациенттерге медициналықкөмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты», – дейді министр А.Цой. Сондай-ақминистр қазір провизорлық стационарларда қосымша ашылған 14 мың төсек-орынбарын,  инфекциялық және провизорлықстационарларда 1958 ӨЖЖ  аппараты барекенін,  әкімдіктермен бірлесіп, қосымша4183 аппарат сатып алынғанын,  дәрітапшылығы жойылғанын айтудай-ақ айтып жатыр. 

      Бірақ Цойосылай деп жатқанымен, елдегі жағдайдың әлі де ушығып тұрғанын дәлелдейтінфактілер жетіп-артылады. Халық іздеген дәрі-дәрмегін таппай, ауруханаға жатайындесе, орын тапшылығы  шешілмей, дәрігерлердіңжетіспеушілігінен тіпті онлайн ақыл-кеңес алудың өзі мұң болып жатқаны жасырынемес. Әсіресе ауылдық жерлердегі халықтың уайымы қалыңдап тұр. Алыстағы ауылдардатест тапсыруға мүмкіндіктің жоқтығы, ауылдық амбулаторияларда қажеттідәрілердің тапшылығы, аудан орталықтарындағы дәрігерлердің біліксіздігі, тіптіқайсыбір ауылдарда дәріхананың жоқтығынан, дәрі алу үшін халықтың жаяулап ауданорталығына барып жүргені, ірі қалалардың өзінде дәрі таппай не ПТР тесттапсыратын зертхана таппай жүрген елдің қарасы әлі көп екені ащы да болсаақиқат. Ал осы ақиқатты министрліктің мойындайтын түрі көрінбейді.  Министр Цой бұған қатысты: «Тәулігіне 32 мыңтест өткізу қуаты бар 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Бір ретпайдаланылатын медициналық үшқабатты масканың шекті бөлшек бағасы 28 пайызғатөмендетілді. Үкімет резервінен осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді», –  дейді.

     Жалпы, осыуақытқа дейін елде коронавируспен күреске 6 трлн теңге бөлінгенін есептесек,бұл қаражаттың «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпей, діттегенжеріне жеткеніне қазір де күмән көп. Күмәннің көптігінен елдегіантикоррупциялық агенттік тергеу, тексеру амалдарын бастап та кетті. Ал халықарасында атқарушы билікке деген сенімсіздік саябырсыған жоқ. Әсіресе ауылхалқының жаңа министр Алексей Цойға артар өкпесі қара қазандай.

     

                                 Ауыл халқынеге ашынады?

     Ауылдағы елді ашындырған Алексей Цойдың мәлімдемесіөткен аптада қызу талқыланды.  Үкіметкеесеп беріп тұрып, елдегі ПТР тестілеу мәселесі естілеу шешіліп жатқанын айтқысыкелген Цой былай деді: «Бүгінгі таңда тестілеудің нақты қуаты тәулігіне 32 мыңзерттеуді құрайды. Алдағы уақытта мұны тәулігіне тағы 8000-ға өсіру қажет. Мәселені шешу үшін 1 тамыздан бастап ветеринарлық қызметтің 67 маманын тартаотырып, ветеринарлық қызметтің зертханаларын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Осымамандардың көмегімен күніне 5200 тест зерттеуін жасауға қол жетеді (26 ПТРжабдығы). Осылайша өңірлерде ПТР тестілеу тапшылығы ауыл шаруашылығыминистрлігінің ветеринарлық зертханалары есебінен теңестірілетін болады».

      Міне, министрдің айтуынша, коронавирустыанықтайтын тестілерді  енді мал-дәрігерлікзертханаларда жасауға болады.  Сол-ақекен, ауылдағы ағайынның біразы базынасын айтып шыға келді. Редакциямызғахабарласып, «енді біздің тағдырымызды мал дәрігерлері арқылы шешуге көшті ме,бұл не мазақ» дегендердің шағымын БАҚ өкілі ретінде бізге де тыңдауға туракелді. «Жас Алашқа» хабарласқан  ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессорЕскелді Ерденбеков былай деп ашынды:

    – 2013-14 жылдары жергілікті атқарушыоргандардың жанынан 2534 ветстанция мен ветпункт құрылған еді. Бүгінде олардыңжартысынан көбінде өздеріне тиесілі ғимарат жоқ. 2534 ветстанция менветпункттің тек 834-і ғана өз ғимаратында орналасқан. Ал 1585-і әкімдіктердің,басқа да ұйымдардың ғимараттарын паналап отыр. 115 ветпунктте ғимарат атыменжоқ. 431 ветстанция мен ветпункт орналасқан ғимарат күрделі жөндеуді қажететеді.  

     Елімізде 27 миллионнан астам мал басытіркелген.  Оның 6,5 миллионы – ірі қара. Осы ірі қараның 30 пайызы жылсайын түрлі індет жұқтырып, эпизотикалық ошақтарға апарып көміледі, өртеледі.Тіпті ауру малды сатылымға шығарып жатқандар да бар. Мал індетіне қатысты сібіржарасы, күйдіргі, аусыл, бруцеллез, нодурярлы дерматит тәрізді аурулар әрбіркөктем  сайын өршіп кетеді. 2019 жылы аса қауіпті ауруларға қатысты149 миллион екпе жасалыпты. Мұның өзі елімізде мал індетінің инфекциясы өршіптұрғанын аңғартады.  Сонда осы мәселелерді шеше алмай отырып,енді адамдарды ажал құштырып жатқан коронавирусты зертханалық зерттеуді малдәрігерлеріне табыстау мүлдем қисынсыз тірлік.

  

            Дімкәс ветеринарияның дерттіемдеуге шамасы жоқ

      Маманның пайымдауынша, бізде ветеринариясаласында мәселе жетіп-артылады. Ауру малды өртеу де, оны көму де сауаттыжүргізіліп отырған жоқ. Мұндай сауатсыз жүргізілген істің соңы аурудың малданадамға жұғуына апарып соқтырады. «Ал қазіргідей қиыншылықта қанша жерден қаржыбөлінсе де, бұл саланың кем-кетігін түзеу қиын» деседі мамандар.

Жалпы,  мамандардың дені ветеринария саласына бөлініп жатқан қомақтықаржыны бақылау үшін әрбір аймақтан коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындарқұру қажеттігін баса айтып отыр.  «Егерқаржыны бақылайтын мұндай кәсіпорын ашылса, бөлінген қаржының, қордаланғанмәселенің де сұрауы болады. Бәлкім, сонда дімкәс ветеринариямыз сауығар. Алқазір мәселесі көп бұл саланың дертті емдеуге шамасы жоқ. Мұны көзбен көріп,біліп отырған ауыл халқы сондықтан арнайы ведомоствоға тісін қайрап отыр» дейдімамандар.

Тақырыпқа тұздық

          

           «Аспаннан шұға жауса да, ауылға неге бұйырмайды?»

   Осы мәселеге орай, «Жас Алашқа» пікірбілдірген мал шаруашылығы ғылымының кандидаты Жанқабыл АҚАЕВ былай деді:

  – Бізде кейбір аудандардағыветеринарлық жағдай мүлдем нашарлап кеткен. «Ветеринария туралы» заңындағыөзгерістерге сәйкес, «жергілікті атқарушы органдарда ветеринариялық қызметтерқұрылады, соған байланысты әр облысқа 150-дей штат беріледі. Мәселен, бұрынауыл шаруашылығы басқармасында ветеринариялық қызмет жоқ еді, енді бөлек бөлімашылады» делінген. Заң бойынша аудандық әкімшілікте ауыл шаруашылығы бөліміненбөлек, мал-дәрігерлік бөлім жұмыс жасамақ. Облыс және аудандардағы бөлімдердеүш адамнан, селолық округтерде бір-бір маман жұмыс істейтін болады. Бұлар жұмысжоспарын жасап, әр елді мекенге қаржы бөледі, тендер өткізеді, жұмыс жүргізудіталап етеді, малды сырғалап, идентификация жүргізеді. Ал өзіңіз ойлаңызшы, осы жерде мамандарды міндеттепжасақтаймыз ба, қайтеміз? Ауылға сауатты ветеринарларды апару үшін не істелінуікерек? Сол туралы ештеңе айтылмайды. Ауылдық округ бойынша бір ғана ветеринар маманның жұмыс істеуі ақылға сыймайтын нәрсе. Ертеңтөтенше жағдай орын алса,бір ветеринардың неге шамасы келеді?!Ауылда бір ғана ветеринар барын, тіпті кейбіріндеоның өзі жоқ екенін министрдің білмейтіні осыдан-ақ байқалып отыр. Сондықтан осы жердегі шикілікті қайта қарап, алдымен ауылға сауатты, білікті маман жасақтау бағытына өзгерістер енгізген жөн. Дәрігерлердіңсауатсыздығынан ажал құшып жатқаны аздай, енді ветеринарлардың сауатсыздығынанхалық опық жемесіне кім кепіл?! Республика халқының 46 пайызы ауылдық аймақтардатұратынын ескерсек, ауылға деген көзқарасты өзгерту керек. Қаншама қаражатбөлінеді, бірақ  аспаннан шұға жауса да,ауылға  неге бұйырмайды?! Ауылдағыхалықтың тұрмысы нашар, тауқыметі қиын. Ауыл медицинасының жағдайы мүшкіл екенібелгілі. Сондықтан билік ауылдағы ағайынды алаңдатпай, сауатты шешімдерқабылдауы тиіс. Ауылда ел барын естен шығармағанымыз жөн. Сауатты әрі сауаптыістерден ауыл да құр қалмауы тиіс.  

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 09:12
Ауылды қарызға батыру ағайынды құрдымға кетіру екенін неге ұқпаймыз?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.10.2020, 11:11
Реформалар кеңесі 30 жылда бағы ашылмаған салалалардың бабын келістіре ме?
Жарлы БАЙҒАНИН 22.10.2020, 10:55
Өз балаңды өзекке теппеші
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.10.2020, 09:07
Құм құрсауында қалған ауылдар
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 15.10.2020, 09:48
Қоғамдағы көп кеселді қолдан жасап отырмыз
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:32
Қазақта қайткенде баспана болады?

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04