Бас санитар қатаң карантиндік шектеулер енгізуге қатысты пікір білдірді

Сайт әкімшілігі

14.09.2020, 11:00

493

Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіндігіне қатысты қауесетке орай пікір білдірді. 

 «Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», — деді Бас санитар дәрігер. Оның айтуынша, бүкіл елімізбен қатар әрбір өңірдегі елдімекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады.

«Қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», — деп нақтылады Айжан Есмағамбетова. Айта кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханаға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келген болатын.

Тегтер: індет коронавирус дерек дәйек ақпарат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:26
Еліміздің 11 өңірінде үсік жүріп, жайын-шашын болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 09:43
Алмат ҚОДАСБАЕВ: Адам жанын арашалауға ұмтылыс жеке басқа деген қауіпті ұмыттырды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:09
Бидай қымбаттады, енді нанның бағасы өсе ме?
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 17.09.2020, 10:24
Бауыры суық қоғам және ағаның жан жылуы
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:45
Министр шешілмей жатқан түйінді «әлсіз ұстаздарға» артқысы келе ме?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 09:43
Алексей Цой ресейлік вакицнаны бірінші болып салдырды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27