Бір жарым миллиардтық «бетон»

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

20.01.2023, 10:00

1998

Бұл жолғы ши Жаңақорған ауданынан шықты. Орашолақтықтың кесірінен 1,5 миллиард теңге жер астына сіңді. Тарқата айтсақ, Жаңақорғандағы жаңа мектеп іргетасының астына салынған сейсмикалық бетон осыншама қаржыны жұтып қойыпты.

Жаңа жыл қарсаңында ашылып, III тоқсаннан бастап пайдалуға берілген су жаңа білім ордасының құрылысына 2,2 млрд теңге жұмсалған. Бар болғаны 600 орындық шағын мектепке осыншама қаржы кеткеніне қарамастан, жоба-сметалық құжаттарында су ағары, акт залы және спорт алаңы талапқа сай емес. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуына кедергілер көп. Ал мектеп табанына кеткен ақшаға шенділер шарасыздан барғандарын айтады.

Әдепкі 2019 жылы осы мектепті саларда ғимараттың жоба-сметалық құжаттамасы мен құрылысына 3 миллиард теңге сұралған екен. Халық арасында үлкен дау туған соң ол қаржыны 2,2 млдр-қа түсірген. «Салдарынан» мектепте су ағар жоқ, ал мәдени шараларға арналған акті залы мүлдем есігі жоқ дәлізде қолдан жасалған.

Кемшілікті анықтаған «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мамандары болса бұл мектептің тым қымбатқа салынғанын айтады. Олар басқа өңірдегі дәл осындай білім ордаларының құрылысымен танысып, зерттеулер жүргізіпті.

Салыстыру үшін жер сілкінісіне төзімділігі (сейсмоустойчивость) 9 балл деп белгіленген Алматы, Тараз аймақтарында 3 миллиард теңгеге 1200 орындық мектептер салынып жатқан болса, дәл осындай 600 орындық сыйымдылықтағы Тараздағы мектеп лифтісімен, барлық жабдықтары қамтылған және құны небәрі 1 миллиард теңге болып отыр. Яғни бюджет қаражатын желге ұшыру фактісі орын алып отыр, – дейді «Әділдік жолы» РҚБ ҚОФ басшысы Ләззат Бақтыбаева.

Ал мектеп директоры болса, «жоба бойынша жоқ, бірақ бізде үлкен залдар бар» деп ақталды.

– Осы үлкен залдарды акт залы есебінде пайдаланамыз. Спорт алаңы да бар, сыртта, смета бойынша қарастырылған, – дейді Жаңақорған аудандық №169 мектеп директоры Әділмырза Тәжимов.

Ал жобаны сызған  жауапты мамандар болса көп қаржының ізі қайда деген сұрағымызға былай деді:

Бұл мектептің орналасқан жерінде ыза су деңгейі 2 метр көлемінде шығып тұр. Сол себепті, сейсмикаға байланысты сұрақтар туындады. Қымбаттауы да осы себептен. Өйткені бұл мектеп 2 метр армированный бетонның үстінде тұр, жарылмас үшін, бұл сейсмикаға қарсы қабылданған шаралар, – дейді Жаңақорған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Орман Ахметов.

Дегенмен ыза суға толы жерге мектеп салған жобалаушылар о баста аумақты қалайша зерттеп, зерделемеген деген сұрақ қылтияды. Осылайша құны бір жарым миллиард тұратын «бетонды» мектеп астын нығайтуға тығып жіберді. Бұны елордалық «Мемлекеттік сараптама»  РМК мақұлдаған. Ал қалған қаржыны жеткізу үшін шенділер жобалық типтік мектепке қажетті өзге қажеттіліктерді алып тастаған.

Құны қымбатқа түскен білім ұясының шала-шарпы жасалғанынан аудан атқамінерлері де хабардар. Олар алдағы уақытта мұның барлығы жөнделеді деп сендіреді. Бірақ бұл мектептің жерасты ыза суына қашанға дейін шыдас беретіні белгісіз. Өкініштісі сол, жаңа мектептің кем-кетігін жөндеп, ыза су жұтып қоймас үшін енді жыл сайын мемлекеттің орасан қаражаты тағы да жұмсалып отырмақ. Ал бір жарым миллиард қаржы шынымен «бетонға» жұмсалған-жұмсалмағанын қаржылық органдар анықтай жатар.

Тегтер: құрылыс бетон мектеп қаржы қаражат тендер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ораз ҚАУҒАБАЙ 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 31.01.2023, 07:42
Әбдірахымовқа қатысты құпиялар көбейіп тұр

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28