Біз өзімізді ойлауымыз керек. Сонда ғана ұтамыз!

Айнұр АБАЕВА

20.01.2023, 14:03

2048

Міне, жаңа 2023 жыл да келді. Қазақстан халқы жаңа жылға жарқын үміт артады. Биылғы жыл былтырғыдан жақсы болады деп күтеміз. Сыбайлас жемқорлық, заңсыздық, басқа да көптеген қылмыстық құбылыстар өткен шақта қалады деп сенеміз.

Сосын бар ғой. Бірнеше жылдан бері рейдерлерге қарсы күресіп келе жатқан Обухов тау-кен байыту комбинатына сәттілік тілейміз.

Еске салайық, тау-кен байыту комбинаты келісімшарт құқығын қорғай алды. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан қазақстандық кәсіпорынның атышулы тарихы қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі. 2020 жылы ел азаматтары зор заңсыздықтың куәгері болды.

Отандық кәсіпорынды күшпен тартып алмақ болды ғой. Башқұрт сода компаниясының өкілдері бастаған қарақшылар қолдарына қару алып, «Тиолайн» компаниясына басып кірді.

Комбинат қызметкерлерін соққыға жыққан, барлық құжаттарды алып қалды. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен прокурорлары түк істемеді. Комбинаттағы оқиға сыбайлас жемқорлықтың шын ұсқынын көрсетті. Қазақстан 1990 жылдардағыдай қара рейдерліктен әлі арыла қоймағаны белгілі болды.

«2020-2021 жылдардағы рейдерлік қанды және қатыгез болды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы қанша айтсақ та, рейдерлік мәдениет әлі бар екен. Бүгінде онымен бандиттік топтар айналыспайды екен. Онымен мемлекеттік органдар, билік құрылымдары айналысатын болыпты. Соттар, прокурорлар, қаржы полициясы. Шындық сол», – деген еді бір кездері мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Обухов тау-кен байыту комбинатындағы жанжалға түсініктеме бере отырып.

«Тиолайн» ЖШС атқарушы директоры Виктор Долгалев YouTube желісіндегі парақшасында Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады. Долгалев 2023 жыл Қазақстанда рейдерлік әрекеттерді ұмытатын жыл болады деп үміттенеді. Комбинат басшысының айтуынша, 2022 жыл «Тиолайн» компаниясының тарихындағы ең жақсы жыл болды.

Желтоқсан айында комбинат жұмысшылары 2700 тонна цирконий концентратын өндірді. Кәсіпорын бойынша орташа жалақы 394 мың теңгеге дейін өсті. Сыйақы 112%-ға дейін өсті. Соңғы үлгідегі қондырғылардың арқасында ауысым тәулігіне 134 тонна өнім шығара бастады.

– 2017 жылдың шілдесі мен тамызы есімде. Енді жұмыс істей бастаған едік. Айына 105-107 тонна өнім шығарушы едік. Ал қазір тәулігіне 134 тонна өнім шығара аламыз. Бұл үлкен жетістік. Соңғы жылдары біз едәуір көп өстік, – дейді Виктор Иванович.

Долгалев өзіне қарсы қозғалған үш қылмыстық істің жабылғанын айтты. Бұл қаржы жымқыру, алаяқтық және заңсыз өндіруге қатысты істер. Алайда, прокуратура да қарап отырған жоқ. Жыл соңына қарай оның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Митингтер мен тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін.

«Қашан да плюс пен минус болады. Біз келісімшартты қайтардық. Енді жаңа жер телімдерін игеруді жоспарлап отырмыз. Жабдық жаңартылды. Бірақ біздің жетістіктерімізге көңілі толмайтындар бар. Біз неғұрлым жақсы жұмыс істесек, соғұрлым қатты жынданады олар. Олардың мақсаты – зауытымызды тартып алу. Олардың сілекейі ағып жүр. Жоқ! Біз ешкімге жем болмаймыз!» деді Виктор Иванович зауыт жұмысшылары алдында сөйлеген жаңажылдық сөзінде.

Айта кету керек, Обухов тау-кен байыту комбинатында жағымсыз жаңалықтардан гөрі жағымды жаңалықтар көп. Желтоқсан айының соңында «Тиолайн» қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Шараға 270 бала қатысты. Балалар сыйлықтар мен қуанышты әсер алды. Виктор Иванович Обухов тау-кен байыту комбинатының Алматыда өткен халықаралық шахмат турнирінің демеушісі болғанын атап өтті.

«Ол турнирге біздің қандай қатысымыз бар деп сұрарсыз. Мен тікелей жауап берейін. Біріншіден, Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атанды. Ол біздің жерлесіміз және елдің мақтанышы! Ол әлсіз ойыншымен емес, әлем чемпионымен сайысты. Мен турнирде болдым. Онда бәрі әділ болды. Командалар ең мықты құрамдарын әкелді. Біз де басқа демеушілермен бірігіп, лайықты жүлде қорын құра алдық. Сол себепті турнирге деген қызығушылық жоғары болды», — деді Долгалев.

«Тиолайн» компаниясы жүлде қорына ақша салды. Бұл отандық шахмат спортын қолдау мақсатында жасалды. Шығын өзін ақтады. Турнир аса жоғары және өте сапалы деңгейде өтті. Долгалев әрбір қазақстандыққа жаңа жылда жерлесіміз Бибісара Асаубаеваның жетістігі  сияқты жарқын жеңістер тіледі!

Көріп отырғанымыздай, қазақстандық кәсіпорынды құртпақ болған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қызметінен кетуі Обухов тау-кен байыту комбинатындағы төрт жүз отыз қызметкердің жағдайына оң әсерін тигізді. Адамдардың иығынан ауыр жүк түсіп, мемлекет салық түрінде қосымша пайда тапты.

Енді Обухов тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Айдарбек Сапаровпен сындарлы, жақсы достық қарым-қатынас орнатамыз деп үміттенеді. Шынында да, мұндай достықтан, бірлескен жұмыстан ресейліктерге де, қытайларға да емес, туған Қазақстанымыз бен барлық солтүстік қазақстандықтарға пайда тиер еді. Біз өзімізді ойлауымыз керек. Сонда ғана ұтамыз.

Тегтер: Обухов тау-кен комбинат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ораз ҚАУҒАБАЙ 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 31.01.2023, 07:42
Әбдірахымовқа қатысты құпиялар көбейіп тұр

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28