COVID-19: антибиотиктер көмектесе ала ма, ақиқаты қайсы?!

Бифат ЕЛТАЕВА

26.11.2020, 11:08

1096

Бұрынғыдай емес, қазір бір жеріміз ауырса болды, бірден антибиотикке жүгіретін әдетіміз бар.  Осы антибиотиктердің пайдасы мен зияны да қатар жүретінің біріміз білсек біріміз білмейміз. Осы жайлы дәрігер-терапевт Меруерт Бақытпен сұхбаттасқан едік: 

— Қазіргі таңда антибиотиктерсіз тіршілік жоқ секілді. Осы антибиотиктер шынымен де ағзаға пайдалы ма?

– Антибиотиктер (АБ) – патогенді бактериялар шақырған қабынулық ауруларды емдеуде қолданылатын препараттар тобы. Қазіргі таңда АБ -тердің 7000 жуық түрі бар. Ағзамызда ауру шақыратын микрооргагизмдерге: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар жатады. Яғни, антибиотиктер жоғарыда айтқандай тек бактерияларға қарсы әсер етеді, сол жағынан ғана пайдалы десек болады. Себебі, бактериялар тудыратын аурулар саналуан, антибиотиктер ағзадағы патогенді бактерияларға екі түрлі әсер етеді: бактериоцидті (бактерия жасушасын өлтіру) және бактериостатикалық (бактерия жасушасының көбеюі басу). Антибиотиктерсіз өмір жоқ деген пікірге қарапайым халық тілімен түсіндірсем, антибиотиктердің пайда болғаны 20 ғасырдың басында, яғни оның пайда болып кең қолданылған уақытына енді 1 ғасыр ғана болды. Кеңес одағы кезінен көптеген суық тиіп қабыну ауруларында пенициллин, ампициллин қолдану қарапайым ем түрі сияқты кең таралғандықтан, халық бұл ем шараларды дұрыс деп санап жатады. Әрі антибиотиктерді жиі қолдану сол кездерден бастап антибиотиктерді шығаратын фарм компаниялардың жарнамасының әсерлерінен деп ойлаймын.

 Қызықты статистика айтайын: 46% Жер халқы вирусты (ЖРВИ, грипп) инфекция кезінде антибиотиктерді қолданады және көмектеседі деп сенеді. Өкінішке қарай  вирустар жеке әлем, басқа тіршілік иесі, антибиотиктер вирусты өлтіре алмайды.

– Қазір көбісі антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз дәріханалардан өзіне керекті антибиотиктерді ала алады. Бұған көзқарасыңыз қандай?

– Дәріханалардан антибиотиктерді рецептісіз алуға көзқарасым әрине теріс. Жоғарыда айтқан зардаптар дәл осы қарапайым халықтық сауатсыздығынан, біреудің айтуымен немесе интернет арқылы өз бетінше емделуінен болып жатады. Интернет желілерінде ақпараттар өте көп, бірақ барлығы да аралас, түсініп болмайсың, сондықтан да антибиотиктер тек қана қажет жағдайда дәрігермен тағайындалып, рецепті арқылы сатып алынуы керек, ал ең дұрысы антибиотиктерді арнайы емдеу стационарларында ғана қолдану керек деп санаймын. Біздің елімізде соңғы 2015 жылдыңмамыр айындағы дәрілік заттырды босату туралы приказында антибиотиктер қатаң түрде рецептпен ғана босатылуы керек туралы заң бар. Бірақ бұл заң барлық дәріханаларда қатаң сақтала бермейді, тіпті рецепттерді тексеріп отыратын өкілетті органдар жоқтық қасы еді. 2019 жылдың басынан бұл шаралар қатаң ескеріліп тапсырмалар бойынша қазіргі таңда көптегер ірі дәріханалар желісі рецептісіз препараттарды босатуды қойды десек те болады.

— Антибиоктиктерді курсқа қарамай, яғни өзінің дозасын мөлшерімен пайдаланбаған жағдайда әсер ету ықтималдығы қандай?

– Кез келген дәрілік  препарат өзінің фармакокинетикасы (азға түсуі, сіңірілуі, шығарылуы) және фармакодинамикасы (азғаза тигізер әсері) болады. Антибиотиктердің ерекшелігі ол белгілі бір немесе бірнеше бактерия түріне ғана әсер етеді. Сондықтан да Антибиотиктер – 2 түрлі кең және тар спектрлі болып бөлінеді. Кең спектрлі АБ  бірнеше бактериялар тобын жоя алады, тар спектрлі  белгілі бір бактерия түрін ғана жоя алады. Дәл осы антибиотиктердің бактерияларды жоюы немесе көбеюін шеутеу үшін оның дозасы қанда үнемі өз деңгейінде тұруы керек, яғни адам салмағына қарай дозасы есептеліп, сол дозаның қанда үнемі тұрақты болуы үшін  антибиотиктің уақытымен ағзаға енгізілуі өте маңызды. Сондықтан да дәрігер нұсқауы бойынша доазсын дұрыс салу азғаны аурудан сауықтырады. Антибиотиктерді орташа қабылдау күні 7-10 күн болуы керек, көп адамдар бұл тұжырымды да орындамай, кейін толық емделмей асқынуларымен күресіп жүреді

— Науқастарға антибиотиктердің нұсқауын жазып бергенде, қандай тағамдармен бірге қабылдауға кеңес бересіз?

– Антибиотиктерді қабылдау  қатаң түрде  инструкциясы бойынша жүргізілуі тиіс, кейбірі тамақтан бұрын, кейбірі тамақтан кейін 2 сағат деп берілуі мүмкін. Мұнда еркерілетін жағдайлар: антибиотиктер қабылдағанда келесі тағамдар уақытша рационыңыздан шығаруыңыз керек: алкоголь, сыра, өте ащы, қышқыл,  тәтті, тұзды  және майлы тағамдар мүлде шектеп, құрамында белогі көп тағамдар (ет, жұмыртқа, бобовые) азырақ пайдалану керек. АБ терді міндетті түрде таза газдалмаған сумен бірге қабылдаған дұрыс, мұнда сүт, шырындар жарамайды. Сонымен қоса, сүт өнімдерін де азырақ қолданған дұрыс. Нені қабылдаймыз деген сұраққа жауап берейін: кемінде 2-3 л таза су, көкөністер мен жемістер.

— Қазір  гентамицин мен азитромицин антибиотиктеріның ағзаға зиян екені жайлы жиі айталады, Бұған не айтсаңыз?

Гентамицин – аминогликозидтер тобына жататын АБ. Кең спектрлі, бірқатар бактерияға қарсы әсері болғандықтан, іріңді қабынулы ауруларда қолданылады. Қазіргі кездері жерлігікті теріге арналған және көзге тамызатын дәрілік түрлері жиірек қолданылады. Негізгі ерекшелігі жүйелі қолданғанда нефротоксикалық (бүйректі улағыш) және ототоксикалық (құлақ) әсерлері болғандықтан, жергілікті ғана қолдану ұсынылады. Жанама әсерлері көп. Балаларға мүлде қолдануға кеңес бермеймін. Азитромицин — макролидтер тобының ең жиі қолданылатын кең спектрлі препараты. Тыныс жолдары, бүйрек, зәр шығару жолдары, тері және жұмсақ тіндердің бактериалды қабынулы ауруларында қолданылады. Инъекцияға арналған және таблетка түрінде түрлері бар. Ауыр бүйрек  және бауыр ауруларында, 12 жасқа дейінгі балаларға, аллергиялық реакциялар кезінде қолдануға болмайды. Қабылдар алдында міндетті түрде инструкциясымен танысу керек, қарсы көрсеткіштері көп. Азитромицин ағзадан шығу уақыты өте ұзақ 35-50 сағат, сондықтан да 7-10 күн қабылдау керек кезде ағза резистенттілік тудырып, келесі қолданғанда әсері болмай қалады. Жалпы, 5-6 күн ем курсы жеткілікті. Екі антибиотик те ауыр антибиотиктерге жататындықтан дәрігер кеңесінен кейін ғана нақты көрсеткішпен қабылдауды сұранамын.

Сөз соңында айтарым, соңғы 40 жылда ешқандай да жаңа антибиотик түрі шыққан жоқ, жаңа деп шығып жатқандары тек бұрынғы құраммен жаңа саудалық атаумен ғана шыққандар. Қазіргі таңда әсіресе жастарда антибиотикке резистенттілік көп болуда, яғни көптеген антибиотиктер тобы әсер етпеуі, мұның барлығы да ата-аналардың балаға кішкентайынан антибиотик жиі қолдануынан деп санаймын. Өтінерім, жай тамағы ауырып тұр, жөтелі бар, температурасы бар деп антибиотик қабылдауды тоқтатыңыздар.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аян КІШКЕНБАЕВ 17:34
Жалғыз өзі сотталды - 2
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:46
Арсыз болмай, атақ жоқ
Бифат ЕЛТАЕВА 19.01.2021, 09:15
Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
Мүсірепхан МЫҢБАЙ 15.01.2021, 10:07
«Жас Алашым» – жастық шағым
Талас ОМАРБЕКОВ 14.01.2021, 14:05
Отарлық сананың мызғымас ошақтары
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.01.2021, 15:49
Теріс жолдан тез тайқыңдар! Ойлан, қазақ элитасы!

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15