COVID-19: Дәрумендер шынымен дертке дауа ма, дәрігерлер қандай кеңес береді?

Дәрумендерді өз бетінше қабылдау дұрыс емес 

Бифат ЕЛТАЕВА

19.11.2020, 13:11

1318

Дәрумендер – денсаулық кепілі деп жатамыз. Бірақ қазіргі таңда дәріханаларда болсын, желілік нарықта болсын (сетевой маркетингте) сатылатын дәрумендердің көбеюі көпшілікті алаңдата бастағаны анық. Сыртында ағзаға пайдалы, көздің көруін жақсартады, иммунитетті нығайтады деген жазулармен әрлеп қойған дәрумендердің шынымен де пайдасы бар ма?!

 Осы жөнінде «оқырманға пайдалы болсын» деп, Тараз қаласының №2 қалалық емханасының отбасылық дәрігері, терапевт Гүлжанар Нұралықызынан кеңес алуды жөн көрдік.

— Дәрумендер жайлы толық айтып берсеңіз?

–Дәрумендер (витаминдер) дегеніміз нақты айтар болсақ, ол ағзаға керекті заттар болып саналады. Ағзадағы зат алмасу процесінде дәрумендер қызмет атқарады. Витаминдер латын тілінен аударғанда – өмір деген мағынаны білдіреді. Яғни, өмірлік маңызды ағзларды қоректерндіру үшін керек. Бірақ дәрумендер ағзамызда тым көбейіп кететін болса да ағза үшін өте зиянды. Медицина саласында А витаминоз және гипервитаминоз деген ұғым бар.  А витаминоз дегеніміз, дәрумендердің жетіспеушілігі, яғни друмендердің жетіспеушілігінен пайда болатын әртүрлі аурулар бар. Сол сияқты егер де витаминдер ағзада тым көбейіп, дәрумендердің мөлшері жоғарылап кететін болса,  ол кезде гипервитаминоз болады. Гипервитаминоз ағза үшін өте қауіпті.  Ол кезде де қандай да бір аурулар пайда болып, науқастың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Сол себепті, дәрумендерді қабылдау кезінде, міндетті түрде құрамына, мөлшеріне мән беру керек.

Дәрумендер майда еритін және суда еритін болып екіге бөлінеді. Майда еритіндерге А, Е, Д, К дәрумендері жатады. Осы дәрумендер майда еритін болғандықтан өт бөлінуі кезінде өттің жұмысымен тығыз байланысты.  Өт бөлінген кезде майда еритін дәрумендер ағзаға жақсы сіңіріледі.Және  майда еритін  дәрумендерді майлы тағамдармен, маймен жеген дұрысырақ. Бірақ өте абай болу қажет. Өйткені майда еритін дәрумендердің ерекшелігі, токсикалық әресі көп болады. Сол себепті, майда еритін дәрумендер мен А, Е, Д, К дәрумендерін мұқият, әрі дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет.

Суда еритін дәрумендерімізге В тобының, яғни, В1, В2, В3, В4, В5, В6, В7, В8, В9, В10, В11, В12 дәрумендері жатады. Сонымен бірге, С витаминдері де бар. Суда еритін дәрумендер де ағзаға өте қажет болғанымен, майда еритін дәрумендерге қарағанда токсикалық әсері аз болады. Бірақ бұларды да көп мөлшерде қабылдайтын болса, ағза үшін өте қауіпті. Мысалы, қазіргі таңда комплексті витаминдер бар. Комплексті витаминдердің ішінде бірнеше  минералдар бар. Олар темір, йод, кальций, магний т.б заттар болуы мүмкін. Және майда еритін витамин мен суда еритін витаминді біріктіріп жібереді.  Бұл мүлде дұрыс емес. Майда еритін витамин мен суда еритін витаминді бөлек қабылдау керек.  Егер майда еритін витаминді қабылдасаңыз, суда еритін витаминді қабылдамау керек. Өйткені екеуінің бір-біріне сіңімділігін жойып жібереді.

-  Дәрумендер шынымен ағзаға көмектесе алады ма?

– Әрине, дәрумендер ағзаға көмектеседі. Егер сізде қандайда бір витаминнің жетіспеушілігі болса. Мысалы, сізге В12 витаминінің жетіспеушілігі болса, В12 витаминін ішсеңіз көмектеседі. Ол үшін арнайы В12, В9, цинкке (минерал) анализ тапсыруға болады. Анализ тапсыру арқылы ағзамызға қаншалықты витамин қажет екенін.  Сол үшін витамин қабылдамас міндетті түрде  бұрын қай витаминнің жеткіліксіздігін анықтап алып, дәрігердің ғана тағайындауымен қабылдау тиіс.

– Дәрумендерді көп тұтынудың әсері қандай?

– Егер  майда еритін дәрумендерді ұзақ уақыт тұтынсаңыз, ағзаға жинала беріп, токсикалық әсер тудырады. Сол арқылы ағзаңызды бұзып аласыз.  Сол үшін дәрігер 1 айға тағайындаса 1 ай, 2 апта тағайындасақ, 2 апта ғана ішу керек.

— Дәрумендерді өз бетінше қабылдау дұрыс па?

–Дәрумендерді өз бетінше қабылдау дұрыс емес. Және оған кеңес бермеймін.

— Сонымен қатар қазір дәрумендер сататын желілік маркетингтер (сетевой маркетинг) көбейіп кетті. Оған көзқарасыңыз қандай?

— Расында, қазіргі таңда дәрумендер сататын желілік маркетингтер көбейіп кетті. Оларға қарсымын. Оларды тұтынбас бұрын бірінші құрамын тексерген дұрыс. Олардың ішінде майда еритін витамин мен суда еритін витаминді біріктіріп қоюы да мүмкін.

— БАД туралы айтсаңыз, ол да дәрумен бе?

–Биологиялық активті добавкаға витаминдер де, минералдар да, спорттық тамақтану, аминқышқылдары, омега 3, магний, кальций т.б басқалары кіреді.

— Әлемді жаулаған індеттің кезінде өз бетінше емделушілер көбейіп кетті. Сонымен бірге, әртүрлі әдіс-тәсілмен емдейтіндердің де саны артты. Оған көзқарасыңыз қандай?

— Індеттің өршуіне байланысты көп адам өз үйлерінде емделуде. Өз әдіс-тәсілдерімен немесе қандай да бір компаниялардың  жарнамалаған дәрілерін қабылдап, соған сеніп жүр.  Негізі барлық әдіс-тәсілге сене берудің қажеті жоқ. Тек қана дәрігермен  кеңесу арқылы емделу керек.

— Оқырманға иммунитетті нығайту жөнінде қандай кеңес бере аласыз?

— Иммунитетті нығайту үшін алдымен спортпен айналысу керек. Организм әрдайым қозғалыста болса, қанайналым жақсы жүреді.  Қанайналым жақсы болса, барлық ағза дұрыс жұмыс жасайды. Сол үшін әрдайым жаттығулар жасап, тыныстық гимнастикалар иммунитетті нағайтуға көп көмектеседі. Сонымен қатар ұйқының да әсері бар. Ұйқы кезінде мелотарин деген гормон бөлінеді. Егер сіз ауырған жағдайда, 7-8 сағат ұйықтасаңыз мелотарин гормоны бөлінеді. Сол себепті, сағат 22.00-ден 3.00-ге дейінгі ұйқы дұрыс болу қажет. Ал түнгі 12,00 де ұйқыға жатып 7-8-ге дейін ұйықтасаңыз, ол сапалы ұйқы болмайды. Одан иммунитетіңіз көтерілмейді. Сол үшін ұйқы, спорт, дұрыс тамақтану осы үшеуі иммунитетіңізді көтеруге көмектеседі.

Өзімнің науқастарыма Д витаминінің провилактикалық түрін ішуге кеңес беремін. Өйткені соңғы зерттеулер бойынша короновируспен ауырған науқастарда Д витаминінің ағзадағы мөлшері төмен болған. Науқастарыма Д витаминіне анализ тапсыртқанымда, көбісінде Д витаминінің мөлшері 11, 15 дәрежесін көрсетіп жатыр. Сол үшін науқастарыма тыныс алу ауруының алдын алу мақсатында міндетті түрде Д витаминінің профилактикалық дозасын, яғни 200 единицасын ішуге кеңес беремін.

Пайдалы ақпаратыңызға рақмет!

Тегтер: коронавирус індет міндет медицина сақтану қауіп қатеринфекция

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ЖАҚАШ 09:25
Маминның «малы» мұхит асты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.11.2020, 16:48
Ауылда отырып айына 300 мың теңге табатын 13 жастағы баланың арманы не?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.11.2020, 09:32
Зейнетақы қоры ма, әлде маңдай тердің соры ма?
Тоқтар ЖАҚАШ 12.11.2020, 12:40
Алматының мәселесін шешуге әкім Сағынтаевтың әлі жете ме?
Қарлығаш Зарыққанқызы 12.11.2020, 10:27
Қош бол, инвестор!
Дос КӨШІМ 11.11.2020, 18:54
АҚШ-тағы сайлау: Қазаққа кім тиімді?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56