Дүниежүзілік Универсиаданың алауы сөнді

Заңғар АЛМАС

24.01.2023, 09:11

1511

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ХХХІ қысқы Дүниежүзілік Универсиада аяқталды. Бұған дейін біз биатлоншы Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков және шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильевтің бас жүлдені олжалағаны жайында жаздық.

Одан кейін биатлоншы Александр Мухин мен шаңғышылардың әйелдер құрамасы эстафетада қолаға қол созды. Бұл команданың құрамында Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина өнер көрсетті. Соңғы күндері шаңғымен тұғырдан секірушілердің командалық сайысында жерлестеріміз күміс медальді иеленді. Бұл команданың сапында Данил Васильев пен Сергей Ткаченко сынды спортшылар болды. Олар Аустрияны ғана алға жіберді. Ал қола медальді Жапонияның өкілдері еншіледі. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетада күміс медальді мойындарына ілді. Бұл жарыста Яна Хан, Мәлік Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Абулқатымов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұханов ел намысын қорғады. Біздің өрендер Франциядан ғана қалып қойды.  

Биатлоншылардың 15 шақырымдық масс-стартында Александр Мухин күміс медальді иеленді. Оның алдын франциялық Аксель Гарнье орап кетті. Шорт-тректен 5000 метрлік қашықтықта еліміздің ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны алға жіберіп, екінші орынды иемденді. Бұл команданың сапында Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулқамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов және Валерий Клименко сынды студенттер өнер көрсетті.  

Шаңғышылардың 15 шақырымдық сайысында Надежда Степашкина, Лаура Қиныбаева, Айша Рақышева, Ксения Шалыгина, Анастасия Ротова және Мария Люфт сынды сұлулары бар отандастырымыз өнер көрсетті. Солардың арасынан Шалыгина олжаға кенелді. Ол мәре сызығын үшінші болып қиып өтті. Бірінші орынды эстониялық Мариэль Пуллес иеленсе, америкалық Кендалл Крамер екінші сатыға жайғасты.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы топтық турнирде Оңтүстік Корея (5:1), Мажарстан (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакияның (4:1) ойсырата ұтып, АҚШ-тан (1:4) жеңілді. Жартылай финалда Канадаға (1:4) жол беріп, қола медаль үшін Жапониямен күш сынастық. Бұл бәсеке 8:1 есебімен біздің жігіттердің пайдасына шешілді. Осы ойында Максим Мұхаметов хет-трик авторы атанса, Саян Данияр, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов, Әли Қасенов және Данил Бутенко бір-бір голдан соқты.

Сөйтіп 47 мемлекеттен келген 1400 студент-спортшылардың басын қосқан ХХХІ қысқы Дүниежүзілік Универсиадада 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальді олжалаған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 11-орынды иеленді.  Ал алғашқы үш орынды Жапония 48 (21 алтын+17 күміс+10 қола), Оңтүстік Корея 29 (12+8+9) және Канада 13 (6+1+6) олжалады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәкен УАҚ 11:59
Ататүрік қашан «бостандыққа» шығады
Ораз ҚАУҒАБАЙ 02.02.2023, 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.02.2023, 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 02.02.2023, 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16