Екі өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін - Қазгидромет 8

Сайт әкімшілігі

11.05.2022, 07:24

2803

Соңғы деректерге байланысты мамырдағы құрғақшылық туралы болжам түзетілді. Ел аумағының басым бөлігінде, ай бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Болжам бойынша 4 облыста орташа құрғақшылық болады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Степногорск қаласы маңында, Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында, Қызылорда облысының Арал және Ақтөбе облысының Әйтеке би мен Хромтау аудандарында. Ал, 2 өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін.

Олар — Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы.

«Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Тайынша аудандарында, Ақтөбе облысы Ырғыз және Ойыл аудандарында, Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха және Үржар аудандарында ауа райы қолайлы болады», — деп хабарлайды

«Қазгидромет» РМК. Еске салсақ, нөсер жаңбырдың салдарынан Маңғыстау облысындағы 2 қала мен 3 ауданындағы 9 елді мекенді су басқан болатын.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 08:07
Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
Тұрысбек СӘУКЕТАЕВ 20.05.2022, 08:09
НӘН-байдың заманы мен зауалы
Жарас КЕМЕЛЖАН 20.05.2022, 08:01
Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
Айдын ОЛЖАЙ 19.05.2022, 08:52
Мусин міз бақпайды
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ 18.05.2022, 06:17
Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
Дос КӨШІМ 17.05.2022, 05:00
Қайран 16 миллиард...

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56