«Елім-айы» жоқ ерікті шұбырынды

Сағындық РАХЫМЖАН

03.10.2022, 08:40

1380

21-25 қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасының Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Бұған қоса теміржол арқылы келгендер де жетерлік.

Осы мәселеге қатысты Қызылжарда жергілікті атқамінерлер арнайы брифинг өткізіп, ақпарат берді. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің айтуынша, қазір жағдай тұрақты, шекарада кезек жоқ.

— СҚО Ресейдің үш өңірімен шектеседі. Қазір шекарада азаматтарды өткізу штаттық режимде жүзеге асып жатыр. 21-25 қыркүйек күндері Қазақстанға келгендердің саны көп болса, қазір көрсеткіш біршама төмендеді. Себебі шекара қызметінің мәліметінше, көрші елде Ресей Федерациясының әскери міндетті азаматтарының елден кетуіне бақылау күшейтілген. Кейінгі 5-6 күнде Ресейдің 30 мыңнан астам азаматы СҚО-ға шекара арқылы өтті. Ал олардың 20 мыңға жуығы 18-20 жас аралығындағылар екені белгілі болды, – деді Дәурен Жандарбек.

Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, Ресейден келгендердің барлығы бірдей СҚО-да тұрақтап қалып жатқан жоқ. Көбі еліміздің басқа өңірлеріне кеткен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір бізде 90 шетелдікке уақытша болуға рұқсат рәсімделді, оның ішінде Ресейдің 64 азаматы бар. 1 481 ресейлік тұрғын келгені туралы тиісті органдарға хабарлама берген.

Ресейліктердің жаппай Қазақстанға келуіне байланысты өңір полицейлері күшейтілген режимге көшті. Енді көшелердегі қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

— СҚО-ға келген 30 мың азаматтың ішінде 20 800 ер адам, 7 383 әйел бар. Барлығы СҚО-да қалып жатқан жоқ. Біздің облыс – транзит өңір. Жол жүріп кеткені де бар. Қала мен аудандарда криминогендік жағдай тұрақты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 3-бөлігі бойынша Ресейдің үш азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жол ережелерін бұзған. Ал қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар тіркелген жоқ, – деді СҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ермек Нүсірбаев.

Аймаққа келген Ресей азаматтары қазір ХҚКО-ға барып, тіркеуге тұрып жатыр. Алайда орталықта кезек жоқ. Петропавл қаласы әкімдігі көрші елден келгендер ХҚКО-ға баруы үшін арнайы автобус бөлді.

Кәсіпкерлер ғана емес, әскерге жұмылдырудан қашқан жастар да атын атап, түсін түстемеуді өтінеді. Соғысқа бармау үшін бас сауғалауға мәжбүр болғанына намыстана ма, әлде қылмыстық қудалаудан қорқа ма, ол жағы өздеріне ғана мәлім. Қазіргі күні Петропавлдың қонақ үйлерінде бос бөлме, жалға берілетін бос пәтер таппайсыз. 

— Бұның барлығы тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, – дейді СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Қазір қалада қайда бармасаңыз да рюкзак асынған келімсектердің көп екенін аңғарасыз. Шекарадан қиналмай өтіп, жетер жеріне жетіп алғандардың дені жастар. Отанынан безгендердің, басқа елді қарық қылмасы бесенеден белгілі жағдай. Сондықтан волонтерлердің көптен көрмеген туысы келгендей құрақ ұшып жүргені мен кейбір ағайындарымыздың құшақ жая ұмтылғаны көңілге кірбің ұялатады.

Тегтер: Ресей Украина Қырым Донбасс саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік МӘЛЕЕВ 10:00
Роман Скляр сатқын ба?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:59
Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.11.2022, 08:41
Адалдық тұсалса, көзбояушылық күш алады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.11.2022, 09:30
Журналист киллерге кешірім берді
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:30
2023 жылы тұрғын үй бағасы өсе ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 25.11.2022, 07:22
Осындай ұлтпыз, қайтеміз енді?

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43