Еліміздің 11 өңірінде үсік жүріп, жайын-шашын болады

Сайт әкімшілігі

23.09.2020, 13:26

505

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні — секундына 15-20 метр. Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 23 метрге дейін болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны — секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр. 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны — секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары. Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. 23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, кей жерлерде — секундына 28 метр болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

Тегтер: ауа-рауы болжам жауын-шашын рекорд мәлімет дерек дәйек

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Махамбет САПАРМҰРАТОВ 15.10.2020, 09:48
Қоғамдағы көп кеселді қолдан жасап отырмыз
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:32
Қазақта қайткенде баспана болады?
Сайт әкімшілігі 08.10.2020, 10:06
Балабақша: сан бар, ал сапа қандай?
Жарлы БАЙҒАНИН 08.10.2020, 09:13
Домбырам басы дың, дың!
Әділбек ЖАҚЫП 06.10.2020, 09:43
Сталин неге Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін құрбан етті?
Қарлығаш Зарыққанқызы 01.10.2020, 11:07
Халықтың аш құрсақ екенін Үкімет қашан сезінеді?

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33