Ғалымбек Кенжебаев: Қоңқабаев кеткен есені қайтарады

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан

22.07.2021, 20:55

2786

22 шілдеде Токиода бокстан Олимпия ойындарының жеребесі тартылды. Онда қазақстандықтар өз қарсыластарын анықтады. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев журналистердің сұрағына zoom арқылы жауап берді.

­‒ Әлемдік рейтингте үздік төрттікте тұрған боксшыларды жартылай финалға дейін кездеспейтіндей етіп жеребе тартылды. Біздің құрамадан 81 килода Бекзат Нұрдәулетов, 91 килода Василий Левит және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтар үздіктер қатарында болғандықтан олар Олимпиадада негізгі қарсыластарымен жартылай финалға дейін кездесе алмайды. Бірақ мықты деген боксшылардың барлығына жеребе сәтті болды дей алмаймын. Себебі, Василий Левит испанияның атынан шығатын кубалық боксшымен кездеседі. Ал одан әрі өтсе, 81 килода Рио Олимпиадасының чемпионы атанған Ла Крузбен кездесуі мүмкін. Жалпы, Азия чемпионатынан кейін Василийдің кем-кетіктерімен жұмыс істедік. Дұрыс-бұрыс дайындалғанын ринг көрсетеді.

Қоңқабаев пен Жалолов арасындағы соңғы кездесулер өзбек боксшысының пайдасына шешіліп жатыр. Бұл туралы не айтасыз?

­‒ Әрине, бұл сұрақ әлі талай қойыла береді. Қоңқабаев пен Жалолов бір-бірімен жұдырықтасу үшін алдымен екі-үш қарсыласты жеңіп шығу керек. Содан кейін көре жатармыз. Егер де финалда кездесіп жатса, Қоңқабаев кеткен есені қайтаруға тырысатыны сөзсіз. Ол оған әбден дайындалды.

Олимпиадалық қалашықтың қызмет көрсету жағдайы қалай?

‒ Барлығы жақсы. Біз курортқа келген жоқпыз, сайысқа келдік. Сондықтан барлығына дайынбыз. Әлеуметтік желіде шулап айтып жүрген картоннан жасалған керуерттер ыңғайлы. Сапасы да керемет.

Токиоға келгеннен кейін бірден жаттығу жасауға мүмкіндік болды ма?

‒ Біз бірінші күннен бастап жаттығуды бастап кеттік. Алғашқы жаттығуды келген күні-ақ ашық алаңда жасадық. Екінші күннен бастап жаттығуды залда өткізіп жүрміз.

Ауа-райына, жергілікті уақытқа бейімделдіңіздер ме?

Токиода ылғал көп. Ыстықтау. Бірақ біз жаттығуды кешке жасап жатырмыз. Бізде ешқандай проблема жоқ. Жергілікті климатқа да, ауа-райына да үйреніп алдық.

Өзбекстан құрамасының боксшылары Токиоға ерте келген екен. Ал Қазақстан боксшылары неге ерте келмеді?

Біз Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталықта екі апта бойы карантиндік талаптарды сақтай отырып, тыңғылықты жаттығу жасадық. Олимпиадаға қатысатындарға екінші-үшінші нөмірлі боксшылар көмектесті.

‒ Токиода құраманың жоспары қандай?

Әркімнің өз жоспары бар. Бірақ дайындықтың нәтижесін ринг көрсетеді. Бақ пен бап қатар келсе, барлығының да жүлде алуына мүмкіндігі бар.

‒ «Қазақтың салмағы» 69 килодағы Абылайхан Жүсіпов өзі  қатысқан соңғы турнирлерде олжа алмай жүр. Мұны немен түсіндіресіз?

‒ Абылайхан сөз жоқ талантты боксшы. Бірақ бұл салмақта Замковой, Батуров,Сотолонго сынды мықтылар бар. Олармен тең дәрежеде жұдырықтасу да оңай емес. Осылардың қайсысы мықты болады, сол чемпион атанады.

Әбілхан Аманқұл көбіне жарақат алып жатады. Қазір жағдайы қалай?

‒ Әбілхан қазір бабында. Азия чемпионатында жақсы жұдырықтасып шықты. Токиода да жарақат алмай бокстасып шықса, Әбілханнан нәтиже күтеміз.  

Бекзат екінші Бекзат бола ала ма?

‒ Сұрағыңызды түсіндім. Бекзаттың жеребесі оңай емес. Оның алдағы қарсыласы Имам Хатаев деген ресейлік мықты боксшы. Түбі сондай-ақ дағыстандық Испанияның атынан шығатын боксшы ол да әжептеуір қарсылық көрсете алады. Сондықтан Бекзатқа алғашқы кездесуде жеңіске жету маңызды. Олимпиадада біз Бекзаттан үміт күтеміз.

52 кг

Сәкен Бибосынов – Янкиель Ривера (Пуэрто Рико)

57 кг

Серік Теміржанов – Роланд Галос (Венгрия)

63 кг

Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо (Перу)

69 кг

Абылайхан Жүсіпов – қарсыласы кейін анықталады

75 кг

Әбілхан Аманқұл – қарсыласы кейін анықталады

81 кг

Бекзад Нұрдәулетов – қарсыласы кейін анықталажы

91 кг

Василий Левит – Эммануель Рейес (Испания)

+91 кг

Қамшыбек Қоңқабаев – Есри Рез Мұстафа (Египет)

+75 кг

Надежда Рябец – Тамара Тибелт (Канада)

Тегтер: спорт футбол хоккей ақпарат дерек ұйымдастыру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 23.09.2021, 09:05
Қазақстанға АЭС керек пе?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.09.2021, 15:00
Орынбасарлары орын ауыстырса да Ахметов өзгермейді
Расул ЖҰМАЛЫ 22.09.2021, 08:35
Ауған тартысы және қазақ мүддесі
Жарас КЕМЕЛЖАН 16.09.2021, 07:50
Арман Шораев: Кейбір саяси шешімдер Мәскеуге тәуелді
Берікжан БАЙБОТАЕВ 15.09.2021, 09:30
«Сұмырай келсе су құриды...»
Батыр ЖАСҰЛАН 15.09.2021, 08:16
Тілді талқыға салатын төрт топ бар

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39