«Халық қартайып, қажып барады»

 Үкімет мұны сезініп отыр ма?

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

16.04.2021, 09:15

4478

       Халықаралық сарап­шылардың пайымдауынша, кез келген мемлекетте адам капиталы 60 пайыздық межеге жеткенде ол мемлекет өзінен-өзі дамиды. Ал бұл тұрғыда біздің көрсеткішіміз қандай? Адам капи­талын дамыту мақсатында отандық идея­лар легі қалай жасақталуда? 60 пайыздық межені бағындыруға ықылас-бейіліміз қаншалықты? Осы сауалдарға жауап іздегіміз келген-ді. Бірақ тапқанымыз көңілімізді аса көншіте қоймады.        Мәселен, адами капиталды дамытудағы ең бірінші қадам, ол – адамның өмір сүру ұзақтығы және мемлекеттің жас ұрпақпен толығып отыруы. Сауатты адам капиталын жасау үшін ең маңыздысы – осы. Ресми мәліметтер бойынша Қазақстандағы 65 жастан асқан тұлғалар саны 1,1 миллион адамды немесе тұрғындардың жалпы санының 7,14 пайызын құрайды. Ең қызығы сол – БҰҰ сарапшылары Қазақ­стан­ды тез қартаюшы мемлекеттер қата­рына жатқызады. Олардың болжамы бойынша 2050 жылы республика тұрғындарының 25 пайызын қарт адамдар құрайды.

 

                             Қартаюдан қорқу керек пе?

       Ал мамандар «қартаюшы мемлекет болудан қорыққан абзал» деседі.

Бұл ретте пікір білдіргенсарапшы Меруерт Молдабаева былай дейді:

     – БҰҰ Қазақстанды тегіннен-тегін қартаюшы мемлекеттердің қатарына қосып отырған жоқ.  Халық қартайып, қажып барады. Бұл рас. Ресурстық қоры мол Қазақ елі үшін адам капиталын сауатты қалыптастыру идеясының бір бөлігі – бала туу көрсеткішін көбейту. Егер БҰҰ мамандары болжап отыр­ған­дай, 2050 жылы елімізде қарт­тар­дың көрсеткіші 25 пайызға жетсе, онда бұған шынымен алаңдауымыз керек. Қарттық деңгейінің өсуі мемлекетімізде еңбекке қабілетті адам­дар­ көрсеткішінің төмендеуіне апа­рып соғады.

       Маманның айтуынша, қазір біз әсіресе «қазақ ғылымы қартайып барады» дегенді жиі айтамыз.

      – Қазір қазақ ғылымында еңбек етіп жүргендердің дені 60-70 жасты құрайтындар. Ғылымда жастардың қарасы тым аз. Біз үшін қай салада болсын жастардың жасақталуы өзекті. Бұл адам капиталының сауатты қалып­та­суына оң ықпал етеді. Біздің мемлекетімізде жастардың қа­расы өсер болса, онда ең­бек белсенділігі, білім алуға деген құл­шы­ныс, іскерлік қарым-қаты­нас­тар­дың нығаюы артады. Демек, қарт­тар­дың орнын үнемі жастар басып оты­ратын бол­са, бұл да бір құн­ды­лық­тың сақталуы іспетті дүние. Сондық­тан нақ қазір біз үшін жастардың еңбекке, саясатқа, ғылымға араласуына жағдай жасап, жастардың өмір сүруін жақсартқан жөн, – дейді  маман.                    Ауылға дамитын қабілет беру керек        «Адам капиталын сөз еткенде медиатехауыл мәселесін тасада қалдырмауымыз керек» дейді мамандар. Біз тілдескен сарапшылардың дені ауылдық жерде адам капиталының жоғары көрсеткішіне қол жеткізу үшін алдымен ауылға акционерлік қабілет беру керек екенін алға тартты. Бұған қатысты экономист-ғалым Бейсенбек Зиябеков:

      – Елдегі әрбір екінші адам ауыл тұр­ғыны болғандықтан, адам капи­талын дамытуда урбанизацияны сауат­ты жүргізу, тұрғындардың білімге және кәсіпкерлікке араласуына жағ­дай жасау керек. Егер біз болашақта ауыл­дың акционерлік қабілетін артты­рар болсақ, бұл ауыл индустриясының дамуына оң ықпал етпек. Демек, адам капиталын дамыту бағдарламасын жа­сақтау, ауыл-аймақтың әлеу­меттік-экономикалық жағдайын көте­ріп, ауылдағылардың жекелеген ак­ция­лармен жұмыс істеуіне мүмкіндік ашу ауыл тұрғындарының еңбек өнім­ділігін арттырады. Бірақ еліміздегі 7000-нан аса ауыл мен сол жерлерде тұ­ратын ел халқының 45 пайызы эко­но­­ми­каның дамуынан қалып келе­ді. Сон­­дықтан медиатехауыл деңгейіне жету үшін алдымен ауылдың кәсіп­кер­лік, акционерлік қабілетін арттырған жөн, – дейді.

               Дамыған елдерде – 64, бізде 8 пайыз          Негізінен,  дамыған елдерде адам капиталы 64 пайызға дейін жетеді.

Қазір біздің адам капита­лы­мыз 8 пайыз болса, қалған 92 пайызы шикізаттың еншісінде. Бірақ нақ осы мұнай өндіру саласына келсек, бұл халыққа емес, олигархтарға қызмет ететін сала екені тағы даусыз. Сон­дықтан тек қана мұнай шикізаты арқылы дами алмайтынымыз бүгінде белгілі болып отыр. Бұдан бөлек, жақсы қызмет пен жұмсақ креслоны да бұрыннан келе жатқан шенеуніктер иемденуге құштар.  Мысалы, мәжілісті сөз етсек,  депутат мандаты бар халық қалаулыларының арасында да қылшылдап тұрған жастардың аздығын аңғарамыз.  Ал «сенатқа үкімет шал-шауқанды жиып алды» дегенді біз қаузағалы қашан. Тіпті  сарапшылар тарапынан «Қазақстанның заң шығарушы құрылымына кәрі-құртаңдардан тұратын  сенат керек пе?» деген сыни пікірлердің де айтылғанына  біраз болды.  

         Қалай десек те, «халық қартайып, қажып барады» деген мамандар сөзінің жаны бар. Себебі халықтың тапқан табысы өзін-өзі дамытуға жетпейді. Айлығын шайлығына жеткізе алмай, тіршілік тауқыметі қос өкпеден қысып жүрген елдің қарасы көп. Ал мұндайда ел қайдан өзін-өзі дамытып, еңсесін тіктесін? Үкімет болашақта осы жағын ескеріп, Қазақстан халқының әдемі қартаюына жағдай жасай алар ма екен?! Ол болашақтың еншісіндегі дүние.  Дегенмен де бұған қатысты реформалардың нақ бүгіннен басталуы керегі даусыз. Сондықтан алдағы уақытта «елдің жайын ойлауы тиіс Мамин үкіметі халыққа пайдасы бар реформаларға реңк берер» деген үмітімізді үзгіміз келмейді.

Тегтер: халық нарық әлеумет ахуал еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:43
Мемлекет медбикелерге қашан мейірімммен қарайды?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2021, 11:00
Жошы ханды жаһанға таныта аламыз ба?
Болат ШАРАХЫМБАЙ 12.05.2021, 08:16
Желтоқсан құрбандарын толық ақтау – асыл парыз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 15:23
Алматыдағы тағы бір ЖОО лицензиясы тоқтатылды
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 08.05.2021, 09:15
Жанкешті тағдырлардың сақабасы
Несіпбек АЙТҰЛЫ 06.05.2021, 09:09
Жалақорға жауап

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06