Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!

Айжан БҮРКІТБАЕВА

25.11.2020, 17:29

2495

Пандемия салдарынан елімізде ипотекалық несиеге өтініш берушілердің саны күрт төмендеген. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің соңғы рәсімдеген ипотекалық несие көлемі 17,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 66,7 пайызға аз. Ал өткен жылғы көрсеткіштен 71,2 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Бұл 2016 жылғы ипотекалық дағдарыстан кейінгі ең төменгі деңгей болып отыр. Мәселенің мән-жайын  «Жас Алаш» тарқатып көрмек.

Белгілі экономист-сарапшылар еліміз індеттің ілмегіне ілінгелі бері ипотекалық дағдарыстың басталып кеткенін айтады.

Арман Байғанов, экономист-сарапшы:

«Қазір ипотека саласы, расымен, дағдарыста тұр. Банктерге ипотека рәсімдеуге өтініш берушілердің саны күннен күнге азайып келеді. Себебі, коронавирус салдарынан халықтың біраз бөлігі тұрақты жұмысынан айырылып қалды. Зейнетақы төлемдері уақытылы жүргізілмесе, әлбетте банектер несие рәсімдеуден бас тартады. Бұл да ипотекаға деген сұраныстың азаюйына алып келеді. Сондай-ақ, алғашқы жарнаны да халықтың жинауға мүмкіндігі жоқ. Егер елімізде ипотекалық дағдарыс үдей түссе, біздегі жұмыссшылар тобының үлкен секторы болып табылатын – құрылысшылар тобы жұмыссыз қалатынын сөзсіз. Сондықтан, зейнетақы қорынан әрбір салымшының белгілі бір шекпен емес, жиналған қорының үлесін алып отыруына рұқсат беру керек. Сонда, дағдарыстың дұрысталуына жол ашылады», – дейді.

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4,07 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайызыға аз көрсеткіш. Сонымен қатар, теңге девальвацияға ұшырайды деп үркіп жүрген болуы керек, банктер сан мыңдаған тұрғындарға ипотекалық несиені теңгемен емес, доллармен рәсімдеуге көшкен.

Тегтер: дағдарыс ипотека доллар теңге нарық халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аян КІШКЕНБАЕВ 17:34
Жалғыз өзі сотталды - 2
Нұрболат ӘЛДИБЕК 09:46
Арсыз болмай, атақ жоқ
Бифат ЕЛТАЕВА 19.01.2021, 09:15
Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
Мүсірепхан МЫҢБАЙ 15.01.2021, 10:07
«Жас Алашым» – жастық шағым
Талас ОМАРБЕКОВ 14.01.2021, 14:05
Отарлық сананың мызғымас ошақтары
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.01.2021, 15:49
Теріс жолдан тез тайқыңдар! Ойлан, қазақ элитасы!

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15