23.01.2023, 07:13
1751
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кезектен тыс сайлау науқанының үміткерлері енгізетін жарна мөлшері белгілі болды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавқат Өтемісов жиын барысында депутаттыққа үміткерлер қанша теңге мөлшерінде жарна енгізетінін айтты. Сөзінше, кез-келген партия атынан ұсынылатын үміткер ең төменгі 15 айлық мөлшері деңгейінде қаржы төлейді.
Қазіргі таңда ең төменгі айлық көрсеткіш 70 мың теңге деп есептесек, бұл — 1 миллион 50 мың теңге. Бұл жарнаны әрбір депутат боламын деген үміткер енгізеді.
Ал мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін жарна мөлшері басқаша. Яғни, ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерін төлейді. Бұл — 350 мың теңге.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР