Мәжілісте Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП қанша орын алды?

Сайт әкімшілігі

12.01.2021, 14:24

1006

Орталық сайлау комиссиясы үш саяси партия алатын депутаттық мандаттардың санын атады. 

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, «Ақ жолда» 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат мандат бар.

Парламент сайлауының қорытындысы:

Nur Otan партиясы — 71,09 пайыз;«Ақ жол» партиясы — 10,95 пайыз;Қазақстан Халық партиясы  — 9,10 пайыз;«Ауыл» партиясы — 5,29 пайыз; ADAL партиясы — 3,57 пайыз.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланған болатын.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 9,03 пайыз дауыс;Nur Otan партиясы — 71,97 пайыз дауыс;«Ауыл» партиясы — 5,75 пайыз дауыс;«Ақ жол» партиясы — 10,18 пайыз дауыс;ADAL саяси партиясы — 3,07 пайыз дауыс.

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аян КІШКЕНБАЕВ 21.01.2021, 17:34
Жалғыз өзі сотталды - 2
Нұрболат ӘЛДИБЕК 21.01.2021, 09:46
Арсыз болмай, атақ жоқ
Бифат ЕЛТАЕВА 19.01.2021, 09:15
Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
Мүсірепхан МЫҢБАЙ 15.01.2021, 10:07
«Жас Алашым» – жастық шағым
Талас ОМАРБЕКОВ 14.01.2021, 14:05
Отарлық сананың мызғымас ошақтары
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.01.2021, 15:49
Теріс жолдан тез тайқыңдар! Ойлан, қазақ элитасы!

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30