McDonald’s-тен мән кетті

Жарлы БАЙҒАНИН

20.01.2023, 11:02

673

Кезек Қазақстандағы McDonald’s-тарға да жеткен секілді.

«Бүлінгеннен бүлдіргі алманы» біліп айтқан қазекем, «Таусоғар көкелердің» көп-көрім «Алатау» мен «Байқоңыр» кинотеатрларын күреп тастап тұрып, орнына тұрғызған McDonald’s-тың да маңдайшасындағы НӘН жазуын алып жатқандарға қарап, түрлі ой түйіп, бір жерлерімен құмалақ ашуға кіріскен.

Бірі бұны Ресейге салынған санкциялардың сарыны деп түсіндірсе, енді бірі ежелгі құда Боранбаев байғұстың бағы таюымен байланыстырып әуре.

Ал телеарналар мен басылымдар байыпты ой айтқан болып, осындай «керемет инвестордың» елден кетулерінің ең басты себебі ретінде: бұл гамбургерлерге керекті котлеттерді жасайтын ет өнімдері біздің елден итпен іздесе табылмайтындығын, ол тек мұхит асып, мұз жарып жететіндігін дәлелдеп бағуда.

Сөйтіп, қазақ даласындағы қарайған малдың етінен мұны жасауға татитын сорты табылмады деген уәждер басты негізге алынғандай болатын.

Ең қызығы, дәл осы тұста, америкалық белгілі шеф-повар және тележүргізуші Джейми Оливер McDonald’s-тың бұл тағамдарының ит жеуге де татымайтындығын дәлелдей отырып, атышулы сотта жеңіп шықты деген ақпарат таралып кетті.

Иә, иә, Оливер өзінің «Пищевая революция» деген теле-шоуында гамбургерлерге арналған котлеттердің неден жасалатынын толықтай дәлелдей отырып, әлемдегі жылдам әзірленетін ірі ресторандар жүйесі McDonald’s-тің абыройын айрандай төкті десе болғандай.

McDonald’s жүйесінің уәкілдері өздеріне керек ет өнімдерін аса ірі көлемдегі көтерме партиялармен сатып алуларына байланысты біздің өнімдеріміз өте арзан (арзан екеніне әркімнің-ақ күмәні бар) деп мәлімдейтін-ді. Мәні енді белгілі болғандай. Өйткені олар тамаққа қосуға жарамайтын ет қалдықтарын пайдаланғандары аздай, оны өңдеуге қосылатын түрлі химикаттардың итке алғысыз екендігі анықталып отыр.

«Жалпы, итке де тастауға болмайтын аммоний қосылған ет қалдықтарын химиялық жуу жолдарымен күлгін түске келтіріп, көз алдаумен адамдарға ұсыну, дей келе, айтыңыздаршы, қандай дұрыс ата-ана өз баласына осындай тағамды жегізеді» дейді Оливер өз бағдарламасында.

«Біреудің қаңсығын таңсық көрген» дегенді тағы да тауып айтқан қазекемнің қазіргі ұрпағы болса, табиғи таза жайылымда өскен қойдың етін сасық деп мұрындарын шүйіруде.

Енді қайтеміз?.. Мақтаулы McDonald’s-ің мынау болса.

«Свято место пусто не бывает» деген солтүстіктегі көрші сол жылы орынға өз өнімдерін «Вкусно – и точка» дегенді әкеп тыға салмақшы деген де әңгімелер айтыла бастады.

«Сиыр етінде суық бар, қойдың еті қорғасын, жылқының еті жатқанша» деп қай малдың етін қай уақытта жеуіңе дейін жіліктеп берген аталарымыз бірдеңе біліп айтқан болар?

Ет жеп жүріңіздер! Тек McDonald’s-тің етін жемеңіздер! Не вкусно и точка!

Тегтер: КӘСІП НӘСІП ШЫҒЫН

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ораз ҚАУҒАБАЙ 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 31.01.2023, 07:42
Әбдірахымовқа қатысты құпиялар көбейіп тұр

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28