06.02.2023, 08:11
1535
Әкесінің қатыгез әрекетіне шыдамаған жасөспірім үйінен қашып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына баруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Жас Алаш Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Өзін осы орталықтың қызметкерімін деп таныстырған Дильназ Әділжанқызы өзінің Facebook парақшасына жағдайға қатысты ақпарат бөлісті. Оның жазуынша, атыраулық 11 жастағы қыздың әкесі деструктивті діни ағымның өкілі.
Әкесі бірнеше жыл бойы қызын ұрып-соғып, дұға етуге мәжбүр ткен. Егер тілін алмаса, тіпті "өлтіремін" деп қорқытқан. Ал қыздың анасы бірнеше жыл бұрын түрмеге қамалған. Ол жақтан босатылғаннан кейін отбасынан кетіп, балаларынан бас тартқан,
— деп жазады Дильназ.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР