Оралда 50-ге жуық саяжай су астында қалды

Сайт әкімшілігі

20.03.2023, 15:19

2419

Батыс Қазақстан облысының тасқын сумен алысып жатқанына бір аптаның жүзі болды. Тасқын Орал қаласындағы «Ягодка», «Парус», «Вишневый сад», «Путеец» сынды саяжалай үйлеріне де жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Саяжай иелері алғашында қарғын суға өз күшімен тосқауыл болуға талпынған, алайда 50 шақты үй зардап шекті.

«16 наурызда саяжайымызды құтқаруға тырыстық. Жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік жиналды, бөгетке жол тарттық, қапшықтарға құм толтырып, олармен суға тосқауыл боламыз ба деп едік, онымен болмады. Су басқа жермен кетті. Біз сол жаққа бардық. Саяжайшылар өз күшімен тосқауыл қойды, құтқарушылар келгенімен, олардан онша көмек болмады. Адамдар жыл бойы осы жерде тұрады, көпшілігі балалы-шағалы. Суға кеткендер үйлерін тастап, туысқандарын жағалап кетуге мәжбүр болды», — дейді «Вишневый сад» саяжайының тұрғындары.

Адамдар су одан да көп мөлшерде келе ме деп алаңдаулы. Олардың айтуынша, мұндай тасқын соңғы рет 2011 жылы болған. Мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінінен адамдар үміт үзген. Саяжайларды қалпына келтіруге шенеуніктер әу баста қаражат көрсетілмегенін айтты.

«Өткен аптада Деркөл мен Шаған өзендері арнасынан тасыды. Судың бетін тоң мұз басқан, ал еріген су арнасынан тасып, жан-жаққа жайылып жатыр. Сөйтіп біздің саяжайларымыз су астында қалды. «Ягода» саяжай қауымдастығында 35 щақты тұрғын үйді су басып қалды. Бүгінгі күні Деркөл өзенінің деңгейі төмендеді, алайда адамдарды эвакуациялауға тура келді. Біз күнделікті барлық саяжайға барамыз. Су басу қаупі бар жерлерде адамдар өз күшімен әрекет етіп жатыр», — дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша саяжайшылар қауымдастығының төрағасы Андрей Заозеров.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
АХМЕТТІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ
Күлтегін БЕК 06.06.2023, 09:46
Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 12:42
Жұмыссыз ерлер Қызылордада, жұмыссыз әйелдер Маңғыстауда көп
Күлтегін БЕК 31.05.2023, 09:42
Смағұл Елубай, жазушы: Аштықта қазақ демографиялық жағынан ғана ұтылған жоқ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 31.05.2023, 04:57
Құлақтан аяққа дейін: Қазақ дәрігерлері кесуді ғана біледі
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.05.2023, 16:26
172 мың түлектің үміті желге ұшты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00