Орынбасарлары орын ауыстырса да Ахметов өзгермейді

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

22.09.2021, 15:00

2044

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің орынбасарларын жиі ауыстыратынынан жұрт жаңылатын жағдайдға жетті. Биыл облысты басқарғанына 7 жылдың (2014 жылдың қараша айынан бері) жүзі болатын облыс әкімінің бір ғана – идеология, медицина және әлеуметтік салалар бойынша орынбасары үшінші рет ауысқаны соның блір дәлелі. Облыс әкімінің қызметіне кіріскен уақытта осы саладағы орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне ауысқанымен, арада алты ай өтпей жатып Өскемен қаласыныңі әкімі болып қайта оралды. Бұл кезде Даниал Кенжетайұлы өзімен ала келген Әсем Нүсіпованы облыс әкімінің орынбасары етіп бекіткен еді.

Әсем Бекқызының қазақ тіліне шорқақтығы жалпы, қазақтың ұлттық ұғымыныа сәйкес келетін жайларға аса бас ауыртпайтындығы өзі қызметте отырған кезден-ақ көріне бастаған болатын. Әсіресе, 2018 жылдың 31 мамыры – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Семей қаласына келіп тұрып, «Завтра день защитих детей, с праздником» деген сөзімен-ақ «хит» болып кеткенін шығыстықтар әлі күнге жыр етіп айтады. Оның сөзін шала ұққан жұрт «31 мамыр мереке ме?» деп айран-асыр болды да қалды. Артынша барлық БАҚ өкілдері бұл тұрғыда жаппай жариялағаны белгілі.

Сәтін салып 2019 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласына қызмет ауыстырған Әсем Бекқызының орнына осы жылдың соңғы айының соңғы күндерінде Әлішер Мархабат келіп жайғасты. Жасыратыны жоқ, Ә. Мархабаттың Шығыс жұртының арасынан көрініп, өзінің «бар екенін» байқатқан кезі сирек болды. Ахметов сенім артқандай өткен жылғы Абайдың 175 жылдығы мерейтойы қарсаңында ұлттық идеология тұрғысынан өзін танытуға келгенде тапырақтап қалғанын да көзіміз көрді. Көбіне кабинетінен ұзамайтын орынбасар ретінде ел еміс-еміс білетін есімге айналып қайтадан келген жағына – Елордаға аттанып кете барды.

Ал өткен жылдың соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне келген Азамат Мұхамедчинов биыл шілде айында Д. Ахметовтің осы саладағы орынбасары болып тағайындалғанда оны азды-көпті жұрт білетіні рас еді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, еңбек жолын орта мектеп мұғалімі болып бастаған ол Риддер қаласында оқытушы, «Мәдениет сарайы» директоры және сол қаланың Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарған. 2019-2020 жылдары Азамат Мұхамедчинов Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Қызығы сол, Мұхамедчинов осы қызметке келгенге дейін «үйінде жатқан» болатын.

 Бір анығы  Әсем Нүсіпованың да, Әлішер Мархабаттың да қазақшаға судайлығы шамалы болатын. Ал ана тілінде сөйлегенде қамшы салдырмайтын Азаматтың сыналар шағы әлдеқашан жетсе де Өскеменнен арыға барып өзін көрсете алмай жүргені тағы бар.

Байбеков қайда? Байахметов Семейде...

Даниал Ахметовтің ауылшаруашылығы және ветеринария, жер қатынастары саласы бойынша орынбасары болып 2017 жылы «жоғары жақтан» келген Шалқар Байбек те осынау салаға көп тұрақтай алған жоқ. 2019 жылдың қараша айында оны Бесқарағай аданының әкімі қызметіне тағайындап «құтылған» Ахметовтің ол жайындағы мына бір көзқарасы әлі күнге дейін интернетте сайрап тұр:

— Шалқар Заманбекұлы өте тәжірибелі басқарушы. Оның кандидатурасын мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Ол өзінің тәжірибесін Бесқарағай ауданын дамыту барысындағы маңызды мәселелерді шешуде қолданатынына сенімдімін, — деді Шығыс Қазақстан әкімі. 

Алайда, Шалқар Заманбекұлы жыл басында өткен праймеризден кейін Нұр-Сұлтан қаласына «жұмбақ жағдайда» жоғалып кетті де, биылғы маусымнан бастап Абай ауданының әкімі қызметін атқарған Жарқынбек Байсабыров Бесқарағай ауданының әкімі қызметіне білек сыбана кірісті.

Айтпағымыз бұл емес. Қазіргі күнде Семей қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанына бірер айдың жүзі өткен Бақытжан Байахметов те Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Бұл лауазымға дейін Үлан, Аягөз ауданыныың әкімі болған Бақытжан Кәкенқажыұлын Ахметов ат-түйедей қалап 2019 жылдың сәуір айында өзінің ТҮКШ саласы бойынша орынбасары қызметіне алып кеткенде аягөздіктер таңырқап қалған болатын. Себебі, Аягөз ауданын 5 жыл басқарған басшының осы аудандағы ауылдарға ауыз су бағдарламасы бойынша бөлінген 2,5 млрд қаржыны құмға сіңген судай жоқ еткенін айтып ауыз ауырып, жазып журналистердің жағы талған болатын.

Міне, сөйткен Байахметовті жанына екі жыл шамасы ғана «байлап ұстаған» Ахметов оны Семей қаласының әкімі етіп «қыр асырып» тынды. Ал Байахметовтің орнына жақында ғана облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын 12 жыл басқарған Нұржан Жұмаділов тағайындалды. Оның «замакімдігі» қаншаға баратынына уақыт төреші.

  

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ажар ОРЫНБАСАР 22.10.2021, 13:32
Мамандықтың озығы бар, тозығы бар
Қуаныш ЕРМЕКОВА 22.10.2021, 12:00
Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілуде
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.10.2021, 08:55
«Қазпошта» қазаққа жау ма?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2021, 09:10
Сүйек-саяқты қанағат тұтып...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 19.10.2021, 09:46
Жамбылда жол апаты неге жиілеп кетті?
Дос КӨШІМ 19.10.2021, 08:24
«Қажет болған кезде...» қазақ тілін өлтіре салыңдар!

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31