Орыстілділер Путиннің «Отандасы» болмақ

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

05.04.2022, 05:28

3332

«Единая Россия» партиясы Ресей думасына «әлемдегі орысша сөйлейтіндердің барлығы біздің отандастарымыз саналады» дейтін заң жобасын ұсынды. Яғни, көрші елдегі аталмыш заң жобасы мақұлданса, «шетелдегі отандастар» деген анықтаманы алып тастап, әлемнің барлық бұрышындағы орысша сөйлейтін қазақ та, қырғыз да, өзбек те басқасы да Ресейдің «отандасы» болып шыға келмек. Бұл тіл арқылы баяғы империяны қайта құруға тырысу ма, жоқ әлде ақылға сыймайтын шешіммен жан-жағына доқ көрсетіп қалу ма, әйтеуір, көршіміз осындай «қылық» шығарып отыр.

Әсіресе, дәл қазіргі жағдайда жан-жағына айбат шегіп, жан шығардағы соңғы тұяқ серпуіндей, жанталаста бұл заңның қабылданып кетуі де әбден мүмкін. Әзірге, құжаттар заңнамалық қызметті қамтамасыз ету жүйесінің сайтында жарияланды. Заң жобасын ұсынған «Единая Россия» партиясының құрамына кіретін ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің айтуынша, бұл заң шет елдердегі орыс диаспоралары мен орыс тілінде сөйлейтін азаматтарға қолдау көрсету мақсатын көздейді. «Отандастар» сөзін дұрыс қолдануды желеу етіп, көтерілген мәселе, айналып келгенде, күн өткен сайын қауқары қалмай бара жатқан орыс тілінің мүддесін көксеп отырғаны белгілі.

Атап өтер жайт, бірқатар елдерде расында да орыс тілі төрден ығысып, тіпті, есіктен сығалайтын дәрежеге жеткенімен, біздің елімізде отыз жылдан бері орыс тілі биліктің, шенеуніктердің, ресми жиындардың тілі болып отырғаны жасырын емес. Сәйкесінше, қазақ тілінің үстемдік құруынан күдерін үзген жай халық та баласын орыстілді мектепке беріп, қоғам жаппай орыстанып барады. Есесіне, отыз жылдың ішінде қазақ тілін қажетті тілге айналдыру үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, желге ұшты. Отыз жылдан бері қазақ тілін дамытамыз деп бөлінген қаржыда есеп жоқ, ең өкініштісі, нәтиже де жоқ болып отыр. Ішің ашиды. Өзгелер өз мүддесін ойлап күн өткен сайын, ұлтының жоғын түгелдеп жатса, біздің отыз жылдан бері кімнің сойылын соғып жүргеніміз түсініксіз болып отыр. Бұл түрімізбен билігімізбен қосылып, тұтас халқымыз орыстардың Отандасы болып шыға келсе де обалымыз жоқ шығар, сірә...

Ал кейбір елдердегі саясаттанушылар «Ресейдің бұл заң жобасы орыс тіліне орыстардың өз қолымен ор қазуы» деп бағалауда. Өйткені дәл қазіргі таңда этникалық орыстардың өзі Ресейден қашып отырған тұста өзге елдердің Ресейдің айдағанына жүріп, айтқанына көнуі екіталай.  Сондықтан аталмыш заң жобасын қабылдаса, бұл елдің сыртындағы орыстілділерге Ресей тарапынан «отандастар» деген идентификация сырттай ғана таңылады. Оны мойындау яки мойындамау – әр елдің ішкі мәселесі деуде. Осылайша, олар тілге қатысты әр елдің ұстанымы Ресейдегі заң жобасының болашағын айқындайтынын айтуда. Яғни, дәл қазіргі сәт шешуші сәт. «Тіл арқылы жұтыласың ба?», «Отаныңды сатасың ба?», жоқ әлде «ана тілің арқылы азаттығыңды танытасың ба?» өзің таңдауын өзіңде.

Осы орайда, айта кетер жайт, бұған дейін Зеленский Украинаны орыс тілінен бас тартуға Ресейдің өзі итермелегенін айтқан болатын-ды. Украина басшысының айтуынша, Ресей әскерлері басып кіргеніне дейін елде ешқандай тіл проблемасы болмаған. «Ал қазір орыс тілі мұнда басқыншылықтың, озбырлықтың, зұлымдықтың, адам өлтіру мен жарылыстың кепілі сияқты болып естіледі», дейді Зеленский. Тілдің артында бір елдің, тұтас ұлттың тағдыры байлаулы екенін анық сезініп отырмыз. Енді бұдан кейін орыс тілінен бас тартпасақ, өз елімізге ор қазатынымызды да сезініп отырмыз. Сондықтан орыс тілділерге миллиондар жұмсап, қазақ тілін үйренуге жалынудан гөрі, нәтижелі қадамдар жасайтын кез жеткен секілді. Азаматтарымыз орысша сөйлеп, Ресейдің азаматы атана ма, жоқ әлде өзге елдің «отандасын» билік басына жібермейміз бе, дәл қазір шешім қабылдамасақ, ертең кеш болады. Өйткені тілдің артында мемлекеттің, халықтың тағдыры тұр...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ораз ҚАУҒАБАЙ 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 31.01.2023, 07:42
Әбдірахымовқа қатысты құпиялар көбейіп тұр

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28