25.11.2022, 07:22
3470
Бір аптадан бері әлеуметтік желіде ұлардай шулап, Ресейден Александр Кириллов деген бір азғын келіп, Алматыда азғындық жаттығулар өткізіп, қазақ қыздарын азғындыққа үйретемін депті. «Соған қарсы шығайық, намысты жігіттер» деген сияқты желеумен әлеуметтік желінің барлығы дабыраға толып кетті.
Былай алып қарасақ, мұның барлығын қолдап отырған біздің билік екені айдан анық. Күннен жарық дүние. Өйткені әлгі жігіттер неге шешен, дағыстан сияқты кавказ халықтарына барып, азғындықты үйретпейді. Неге олар бізге келгіш? Өйткені қазақта сөз бар, «құмыраның ішіндегі жын бейімді адамға жұғады» деген. Біз өзіміз соған бейім боп тұрмыз дейді тарих ғылымының кандидаты Жұмамұрат Шәмші.
Бірде-бір шешен, не дағыстан, өзбек-тәжік, қырғыз, түркіменнің қыздары әлеуметтік желіден жыныстық қарым-қатынас немесе еркекпен қалай жату деген нәрсені үйретіп жатқан жоқ. Тек біздің айтыскер ақын, Түркияда өмір сүріп жатқан Айнұр Тұрсынбаевадан бастап, Құралайы бар, басқасы бар, иттің итақайы толып кетті. Әлеуметтік желіге шығып, еркекпен қалай жатуды үйретіп жатқан біздің қыздар. Соларға тыйым салатын біз бен сіз, еркектер. «Әй, дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмағаннан кейін осылай шығып алып, қазақша-орысша сөйлеп, бүкіл қыз-келіншектерді үйретіп отыр. Осындай азғындықтың кесірінен кейін «жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты» демекші, қайдағы бір қаңғырып келген келімсек орыс ұлт өкілдеріне осы аз ғана бір-екі айдың ішінде 500 қазақ қызы тұрмысқа шықты дегенді естідік. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Осындай ақпарат шықты. Кім-көрінгенге байға шыққыш біздің қыздар. Біздің Алматы қаласында 2019 жылы гей-парад болғанын білеміз. Басқа елдерде болған жоқ. Демек, бұдан шығатын қорытынды, біз өзіміз соған бейімбіз. Бейім болғаннан кейін иттің итақайы, көрінген көк атты біздің елге келіп, «неше-түрлі азғындық курстарын өткіземіз, тренинг өткіземіз» дейді.
Жуырда ғана Алматы қаласына азғын Филипп Киркоров деген келіп, киелі, қасиетті сахнаға жалаңбұт шығып, ыржалаңдап, би билегенін де көрдік. Қайсыбірін айтасың. Гей-парадқа да аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын біздің қазақтың қыздары шықты. Оларды біздің полиция қолдап, қорғап жүргенін көрдік көзімізбен. Бұдан кейін не айтуға болады? Адам біреуге бірдеңе айтардан бұрын бірінші айнаға қарайды. Біз кімбіз, өзі?
27 жасында екі поэма жазған Сұлтанмахмұт Торайғыров айтады:
«Жақсылық көрсем, өзімнен,
Жамандық көрсем, өзімнен.
Біреу қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен», дейді.
Біреу үшін біреу саусағын қимылдатпайды. Демек, біз өзіміз азғындыққа бейімбіз. Ақтамберді жырау өз заманында былай деген:
«Көк көгершін, көгершін,
Көкқұтан ұшар жем үшін.
Тең, тең үшін, тең үшін,
Тең құрбыдан кем үшін.
Көк шекпенін бөктеріп, ерлер жортар мал үшін.
Тұтам емшек бие үшін, қатын-бала қамы үшін,
Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін», – дейді.
Демек, басына бітер бағы үшін әркім өзі үшін күресетіні анық дүние. Біз өзіміз түзелмей, қайдағы бір келімсектерді түзетуге әрекет етеміз. Біздің биліктің Ресейдің бүкіл саясатын, мәдениетін, әдебиетін қолдайтыны бесенеден белгілі. Осыдан жүз жыл бұрын Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романында жазған еді. Сол кездегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін. Сәттібек деген байдың қызы Ақбілекті орыстың офицері тауға алып кетіп, білгенін істеген. Сол кезде орысты суреттеген. Кәпір, мұсылман емес деп, шошынып қараған. Бүгінгі қазақтың қыздары орыс былай тұрсын, Африканың негіріне тиетін болды. Кімде ақша бар, соған тие береді. Жақында маймылға да тиеді-ау. Тәрбиенің жоқтығынан, қазақшылық, мұсылмандықтан жұрдай болдық. Ұлтымыздың тең жартысы мәңгүрт қой, орыс тілінде сөйлейтін, соның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанады. Пасханы тойлап жатады қазір қазақтар, өтірік емес қой. Тіпті Қытай, Моңғолия, Өзбекстаннан келген оралмандардың немере-шөберелері қазір орыс тілінде сөйлеп жүр. Қазақ болайық деп Қазақстанға келді де, мемлекетті басқару жүйесі орыстілді болғандықтан, іс жүзінде ту-талақайымызды шығарып, бәрімізді орыс қылып жіберді. Көшіп келген қазақтардың бәрі орыс болуға бейім боп кетті. Қазақ тілінде күнделікті сөйлемесек, тіліміз қалай дамиды?
– Режиссері Досхан Жолжақсынов болған өткендегі «Құнанбай» фильмін түсіргенде толып жатқан дүниелерді ысырып қойып, тап бір атасы мен келіні, Қодар мен Қамқаның жатқанын көрсетіпті. Негізі, олар жатпаған. Мекемтас Мырзахметов айтып берген, бұл Құнанбайдың қасында жүрген жағымпаздардың үгіттеп, Қодардың жайлауы мен қыстау жеріне көз тігіп, соны тартып алу үшін әдейі ұйымдастырғанын. Қодардың өз келінімен жатуы мүмкін емес, қазақ тарихында мұндай болмаған. Тап соны киноға түсіріп, қазіргі азғындаған ұрпақты одан бетер азғындатып, жығылғанға жұдырық қылыпты. Өйткені біз жалаңаштануға бейімбіз. Оны мойындау керек. Шындық қашан да ащы болады. Ермек Тұрсыновтың «Келін» деген киносында да жалаңаштанатын жерде біздің қазақ жүреді. Жалпы біз саяси, терең дүниелерге бармаймыз да, жалаңаштанатын жерге шұбырып барамыз. Осындай ұлтпыз, кәйтеміз енді. Айтпасам, ауырып қалатын адаммын, осындайларды айтуымыз керек. Ұлтымызға ара түскіміз келеді, өсіп-өркендеуді қалаймыз. Кім-көрінген бізге не болса соны тықпалай береді. Сондықтан әрбір қазақтың жігіті ұлт үшін шырылдауы керек. Зиялы қауым өкілдері қашан да, қай заманда болмасын, ұлтының қамын ойлаған. Ұлт деген тірі организм, ұлтқа жанымыз ашуы керек. Сол кезде біз өркениетті елдер қатарынан табыламыз. Әйтпесе, қазіргі мынау жалт-жұлт еткен төрткүл дүние алай-дүлей. Біз бейқам, самарқау отырмыз, мұрнымызды сіңбіріп қойып, етімізді жеп. Шекараны ашып қойдық, келген орыс кіріп жатыр, – дейді Жұмамұрат Кеңесұлы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР