Пікір айтқанда әділ болайық!

Сайт әкімшілігі

29.03.2023, 10:59

1790

Ермек Мұқанғалиев деген азамат «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2023 жылдың 7 наурызында шыққан №17 санына ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты турасында «Біз орыс болып кеткенбіз!..» деген тақырыпта мақала жазыпты.

Оқи отырыңыз: Біз орыс болып кеткенбіз!

Біз бұл азаматтың бізге жазған хатына тиісінше жауап бергенбіз. Хатымыз төменде:

«Құрметті Ермек Мұқанғалиев!

          Сіздің ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры атына 2023 жылдың 19 ақпанында жазған хатыңызбен мұқият танысқанымызды хабарлаймыз. Қазақ тілінің таралуы және патриоттық тәрбиені нығайтумен байланысты қоғамдағы кемшіліктер Қазақстанда ұлттық мемлекет құру үшін күрделі жағдай қалыптастыратыны туралы Сіздің алаңдаушылығыңызды түсінеміз. Бұл мәселе бойынша сіз өзіңіздің «Қазақ ұлттық идеологиясы» атты кітабыңызды талқылауды ұсынып отырсыз. Осыған байланысты, 2022 жылғы 8 шілдеде Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығы мен Философия орталығының бірлескен отырысында осы кітап талқыланғанын еске салғымыз келеді. Талқылау нәтижесі бойынша екі орталықтың қызметкерлері аталған кітап айқын публицистикалық сипатқа ие және ғылыми жұмыс емес деген жалпы қорытындыға келді. Философия, саясаттану және дінтану институты ғылыми еңбектерді талқылайтын ғылыми ұйым. Сіздің кітабыңызда айтылған пайымдаулар қажетті ғылыми теориялар мен тұжырымдамалармен қамтамасыз етілмеген, ғылыми әдістеме, статистика және эмпирикалық материал жоқ. Институт Сіздің кітабыңызды қайта талқылаудың қажеті жоқ деп есептейді».

Ермек Мұқанғалиев «Біз орыс болып кеткенбіз!..» деген мақаласының мазмұнында біздің мекемеде өткен «Сайлау заңнамасындағы инновациялар және сайлау комиссияларының қызметі» атты дөңгелек үстелдің жүз пайыз орыс тілінде өткенін айтыпты. Бұл асыра айтылған сөз. Әр бірден соң жала. Біз барлық ғылыми жиналыстарымызды бірінші кезекте мемлекеттік тілде, содан кейін қажет тұсында орыс тілінде де жүргіземіз. Бұл қалыпты құбылыс. Біз мемлекеттік тілмен қатар орыс тілін де жұмыс барысында қатар қолданамыз. Ғылым істеу үшін қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілдеріне деген қажеттіліктің жоғары екенін естен шығармаған жөн.

          Біздегі жұмыс барысы ғылыми жобаларға тікелей байланысты. Мемлекеттің конкурс негізінде алған ғылыми жобаларды жүзеге асырамыз. Ғылыми жобалардың басым көпшілігі – мемлекеттік тілде. Сонымен қатар орыс тілінде де жүзеге асырылатын ғылыми жобалар бар. Оны ғылыми талқыға салғанда әлбетте қазақ тілімен қатар, орыс тілін де қолданамыз. Сондықтан қайсыбір мәселеде пікір білдіргенде оған жан-жақты қарап, объективті тұжырым жасаған жөн деп есептейміз.

         

С.Сейдуманов,

Философия, саясаттану және дінтану институтының

Бас директоры 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
АХМЕТТІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ
Күлтегін БЕК 06.06.2023, 09:46
Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 12:42
Жұмыссыз ерлер Қызылордада, жұмыссыз әйелдер Маңғыстауда көп
Күлтегін БЕК 31.05.2023, 09:42
Смағұл Елубай, жазушы: Аштықта қазақ демографиялық жағынан ғана ұтылған жоқ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 31.05.2023, 04:57
Құлақтан аяққа дейін: Қазақ дәрігерлері кесуді ғана біледі
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.05.2023, 16:26
172 мың түлектің үміті желге ұшты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00