«Путиннің ақыры»..?

Әділ КЕМЕҢГЕР

27.09.2022, 06:25

3224

Ресейдің кәрі диктаторы Путин бұл мобилизацияны жариялағысы келмеген еді. Соңына дейін созып, халықты қатты шулатпай, соғысқа жаппай жұмылдырмай-ақ құтылсам, деп үміттенген-ді.

Неге екені түсінікті. Бөтен елдің жерінде ашқан соғыс екі-ақ жағдайда халқыңның көңілінен шығуы мүмкін: егер ол «жылдам жеңіспен біткен шағын соғыс» болса, не ол соғысқа халықтың көпшілігінің қатысы болмаса...

Бірақ бұл соғыс мүлдем басқаша боп шықты. Қанды қырғын созылып кетті. Барған сайын жаңа адам шығынын талап ететін бітейтін тартысқа айналып жатыр. Кәсіби сарбаздар, еріктілер мен қолданыстағы әскердің ендігі жетпей қалғаны анық болды. Енді Кремль қолына қару ұстай алатындар мен тығылып үлгермегендерді соғыс аймағына таяқтың күшімен жөнелтуге мәжбүр.

– Бұл мобилизация – Путин үшін бұл катастрофа. Біріншіден, ол өзінің әлсіздігін мойындады. Бүкіл әлем жонын күжірейткен Путиннің, шындығында, түк қауқары жоқ екенін енді бәрі байқады. Екіншіден, өтірікші екені, оның халықты алдап келгені ашылды. Мобилизация болмайды деп халыққа уәде берген өзі еді. Миллиондаған адамның көз алдында Путин енді өтірікші және әлсіз адам боп қалды. Бірақ о заманда бұ заман мұндай адам диктатор бола алмайды. Ендеше, бұл – Путиннің ақыры, — деген екен ресейлік оппозиционер Илья Яшин.

Бұл мобилизацияның түбі жарияланатыны, Путиннің «үш күнде Киевті алу» жоспары іске аспай қалғанда-ақ белгілі болған. Иә, Путин бірден мобилизация жариялауға батпай, әбден тығырыққа тірелгенше, күні бүгінге дейін созып келді.

Түрмелерден небәрі 10 мыңдай қылмыскерді соғысқа көндіре алды. Бірақ қылмыскердің аты қылмыскер, олар соғысқа бара сала, Украинаға тұтқынға беріле салды. Путиннің қолында қалған соңғы үміті ядролық қару мен осы мобилизация еді.

Ядролық қару қолдануға Путин батпайды, өйткені «қолдансаң, бункеріңді бұрқ еткіземіз»,  – деп оған АҚШ ашық ескертті.

Ал халықты өлімге итере салуға келгенде, Путин еш шімірікпейді. Өзінің мәнсіз өмірі мен билігін созу үшін – оған жүз мыңдаған адамның өмірі түк емес.

Ресейдің жалпы мобилизациялық әлеуеті – 31 млн адамға бағаланады. Запаста 2 млн адам тұр, оның 17 млн-ы әскери қызметке, тікелей соғысқа шақыртыла алады. Әрине, 17 млн адамды шақырмас, бұл ақылға сыймайды.

Путин әскери борышын өтеп келгендер арасынан соғысқа адам алмақ. Соңғы бес жылда әскерге шақырылғандар арасынан ары кетсе, 500 мың сарбаз табылар. Соғыстағы ең қажет мамандар – дәрігерлер мен жүргізушілер, ендеше, военкоматтар сондайлардың соңына шам алып түседі.

Ал Украина өз мобилизациясын әлдеқашан жариялап, жүзеге асырып қойған. Олардың қаруланған 1 млн сарбазы бар, оның жартысынан астамы дәл қазір майданда соғысып жүрген жоқ. Ендеше, Ресей арқа сүйеп отырған мобилизациядан кейін келіп қосылатын күшке Украина қазір-ақ дайын отыр. Резервистерді соғысқа жеткізгенше, апталар мен айлар өтеді, оған дейін өзге елдерден қарудан қару алып жатқан Украина Ресей әскерін талқандай береді. Бәрібір саны мен сапасы жағынан Украина әскері басым бола бермек.

– Бұл ішінара мобилизация Ресейге еш көмектеспейді. Тіпті, толыққанды мобилизация жарияланса да көмектеспейді. 170-200 мыңдық әскерін қамтамасыз ете алмай отырған Ресей ертең 400-500 мың болатын әскерін қалайша қамтамасыз етеді? Ең сорақысы – Ресей әскерін тамақтандыру аутсорсингпен жүргізіледі. Бейбіт уақытта болса бір жөн, бірақ соғыста қайдағы жекеменшік фирма? Есі ауысқан Путин шалдың империялық амбициясы үшін Ресей тағы мыңдаған адамынан айырылады. Ресей халқының қаны бөшкелеп төгіледі. Мобилизация жариялауымен Путин өзін бейбіт түрде отставкаға кету мүмкіндігінен айырды. Енді, ол не асылып өледі, не Гаагада сотталады, не Мәскеуде трибуналға түседі. Біз енді квази-фашистік режимнің ит өліміне куә боламыз. Мұны көптеген ресейліктің көре алмай кететіні ғана өкінішті, – депті тарихшы Дмитрий Чернышевский.

Тегтер: Ресей Украина Қырым Донбасс саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік МӘЛЕЕВ 10:00
Роман Скляр сатқын ба?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:59
Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.11.2022, 08:41
Адалдық тұсалса, көзбояушылық күш алады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.11.2022, 09:30
Журналист киллерге кешірім берді
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:30
2023 жылы тұрғын үй бағасы өсе ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 25.11.2022, 07:22
Осындай ұлтпыз, қайтеміз енді?

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43