Путиннің Балқаш пен Байқоңырға көз тіккені бекер емес

Әділ АҚЫЛБАЙ

08.10.2021, 09:08

4060

      «Осы биыл ғана 10 айдың ішінде Ресей мен Қазақстан басшылары 19 мәрте кездесіп, немесе телефон арқылы сөйлескен. Бұрын ондай тым тығыз қарым-қатынас болған емес», – дейді саясаттанушы Санжар Боқаев.

    – Өткенде «Балқашта атом электр стансасын салу керек» деп Путин қоймай, екі-үш мәрте ұсыныс жасаған болатын. Оны естіген біздің билік құдды бір тапсырма алғандай, ала жүгірді. Енді өткен аптада Путин жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге дайын екенін айтып кетті. Осы жобаға Қазақстан 415 мың гектар жерді бөліп қойған. Ал бұл дегеніңіз – Еуропадағы шағын деген 4-5 мемлекет жерінің көлемімен бірдей аумақ. Менің ойымша, дәл осы жерде АЭС болсын, жолбарыс болсын, ең маңыздысы – барлығы келіп, дәл Балқашқа тіреліп қалғаны тегін емес-ау. Путиннің бірдемені біліп, біздің білмейтініміз бар сияқты.

       Ендеше, картаны ашып қарап, ойланайық. Балқаш пен Байқоңыр табиғи су шекарасы бойымен, шамамен, бір деңгейде орналасқан. Ал 5-сыныптың геометриясынан барлығымыз білетіндей, бір сызықты өткізу үшін екі нүкте қажет. Дәл осы мәселе бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті жақсылап талдап, өз бағасын береді деп сенемін.

       Қаражатқа келетін болсақ, біздің үкімет 120 миллион теңге бөліп, жерді дайындаймыз деп, оны игеріп алған. Ал ендігі келесі жылдарға тағы 14 миллиард теңге бөлмекші. Бұл жерде мен үшін ең қызықтысы, өзінің халқын ойламаған билік енді жолбарысты ойлап қалыпты. Тағы бір айтып кететін күдікті мәселе – соңғы жылдары бізде шенеуніктер Путиннің қолынан марапаттау қағазы болсын, басқа да медальдар болсын, алатыны тым жиілеп кетті. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Өйткені біздің шенеуніктер марапаттау қағаздарын тек қана біздің мемлекет басшысынан алуы тиіс. Егер Путиннен марапат алса, ендеше, олар қай мемлекет үшін жұмыс істеп жатыр, а? 

       Құрметті ағайын! Қазақстанның, шын мәнінде, досы жоқ. Мемлекетаралық қарым-қатынаста ешқашан, ешқандай достық болмайды. Тек қана ұлттық мүдде болады. Сондықтан сақ болғанымыз жөн. Біздің жеріміз, тәуелсіздігіміз, егемендігіміз сияқты мәңгі құндылықтарымыздан айырылып қалмайық, – дейді ол.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:55
«Қазпошта» қазаққа жау ма?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2021, 09:10
Сүйек-саяқты қанағат тұтып...
Нұрболат ӘЛДИБЕК 19.10.2021, 09:46
Жамбылда жол апаты неге жиілеп кетті?
Дос КӨШІМ 19.10.2021, 08:24
«Қажет болған кезде...» қазақ тілін өлтіре салыңдар!
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 11:04
Жанар-жағармай тапшылығы тағы қайталана ма?!
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 15:28
ЕАЭО электронды коммерциясының бірыңғай операторы

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31