«Қант жеткізіп берем» деп қатырып кетті

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

26.07.2022, 14:22

1929

Қазіргі күнде екінің бірі қант бағасының көтерілгенін, тіпті қолға түспейтін қат дүниеге айнала бастағанын айтып зар қағып жүр. Ірі сауда орталықтарының адам басына 5 келіден өлшеп беретін жағдайға жеткені де жаңалық болудан қалған. Ал Өскеменде 29 жастағы әйел бұл күрделі жағдайды «өз игілігіне» пайдаланып, қантқа қарық қылатынын айтып, жүзден астам адамның қалтасын қағып кеткені анықталып отыр. Алаяқтың айлакерлігі соншалықты «қант әперуге» 90 миллион теңгеден астам қаржы жинап үлгерген.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, ол қантты әлеуметтік желілер арқылы сырттай сатып, оны ешкімге жеткізбеген.

– Таяуда қаладағы Үлбі полиция бөліміне зардап шегушіден Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғыны қант жеткізу сылтауымен ақша қаражатын иемденгені туралы шағым келіп түсті. Күдікті сол күні ақ (16 шілде) қолға түсті. Алайда, оның қарауында кәмелетке толмаған екі баласы бары ескеріліп, қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгінгі таңда бір аптаның ішінде, оған алданғандар саны жүзден асып кетті, бұл цифр әлі де өзгеруі мүмкін. Бұл әйелге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, қазір тергеу жүріп жатыр, – дейді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Талайларды тақырға отырғызған әйелге сенгендердің әрекеті таңғаларлық.  Ол ел аузында бұған дейін тарап кеткендей, OLX қосымшасын пайдаланбаған. Есесіне, ол көшеде бір-екі қап қант сату арқылы алушылардың сеніміне кірген. Солайша, қант саудагері кейпінде көрініп, тұрғындардың өздері арқылы жалған құлақтандырып, зәру дүниенің қорын молынан алуға ұмтылғандардың қатарын көбейте түскен. Тіпті өскемендік бір тұрғын оның шотына қантқа қарық боларына күмәні болмай, 4 млн 700 мың теңгені толық аударып жібергені белгілі болғанда, кімді кінәларымызды білмей дал боласың.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2022, 08:40
Қарыздары триллион, жалақылары миллион...
Арман ЖҰМАДІЛ 21.09.2022, 14:28
Жаңа Қазақстан астанасына жаңа ат қажет!
Еркежан АРЫН 21.09.2022, 12:02
Аналар күнін ұлықтау қажет
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:44
"Алматының Құрметті азаматы" атағын кімдер алды?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2022, 08:42
«Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...
Ринат РАХЫМ 13.09.2022, 13:49
Алтынбексіз ауыр жылдар

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41