Қара тасқа қашап жазған тарихын...

Күлтегін БЕК

03.06.2021, 09:08

3261

       Әлемде   адам  таңғалатын   дүниелер  көп. Содан  болар,  оларды  ғалам  ғажайыптары  не  болмаса  әлемнің    кереметтері  деп  жатады. Сол  керемет  дүниелердің біріне    ықылым  заманда   тасқа  бәдізделген  таңбалар,  шекіп жазылған  жазулар  жатады.  Бізге  керегі – әрине,  исі  қазаққа  жақын, ұлы  далаға  байланысты,  ол  жерде  өмір  сүрген   адамдар  жөнінде  баяндайтын жазбалар.   Қазақ  жерінде  таңбалы  тастар, жартастарға  шекіп  жазылған  жазбалар  баршылық. Дегенмен    олардың  бәрі  төрткіл  дүниеге   белгілі емес. Әлі де болса  зерттеуді  қажет ететін  дүниелер. Ал,  жалпы,  түркі  жұртынан  хабар  беретін   бір-екеуіне  тоқтала  кеткен  жөн  болар.

        Сақ  даласына  байланысты   алғашқы    тасқа  қашап  жазылған  дерек – Бехистун   жазбасы. «Патшалардың патшасы»  атанған,   жарты  әлемді  билеген  сақ  ханшайымы  һәм қолбасшысы  Тұмар (Еуропа  атауында – Томирис)  ханым  басын  кесіп, күбіге  салған  Кир  патшаның  досы,  кеңесшісі Гистапстың   ұлы  Дари ( біздің  заманымызға  дейінгі 522-486  жылдар)   патша  сақ  даласына   аттанып  бара  жатқанда Бехистун  жартасына  тоқтап,  кейіннен    әлемге «Бехистун  жазбасы»  деген атпен  танылатын   жазбасын  жаздырған. Сол  тұста парсы  патшасы  Кирдің  басын кесіп,  әскерін  масқара  етіп  жеңген  сақтардан  Дари   кек  алу  үшін  700  мың  әскер  жиып,  ұлы  далаға  аттанды. Жолай Бехистун  құзының  маңына  ат  шалдырып,  жартасқа   Ахманидтер  әулетінің    жай-күйі,  жаулап алған  жерлері,  жеңістері  жөнінде ұсталарға тасқа қашатып   жаздырды. Тұтқынға  түскен   патшалардың  да  суреттерін  тасқа бәдіздетті.

       Бір айта кетер  жайт, Бехистун жартасы  қазіргі Иран  жерінде,  Хамадан шаһарына  жақын жерде  орналасқан. Жартас  жерден 152  метр  биіктікте  тұр.   Жазу  үш  тілде:  көне  парсы,  элам  және вавилон  тілдерінде  шекітілген. Жазу   бес    тізбеден,  414  сөйлемнен  тұрады.  Жартасқа  салынған  суретте  парсы  патшасы  Даридің алдында  аяқ-қолы  байланған,  мойындарына  тұзақ  салынған  тоғыз  патша  және  тайпа  көсемдері  тұр.   Сонымен,  сақ  даласына  жер  қайысқан  700  мың  (кей  деректер 300 мың деп  көрсетеді)  әскермен  аттанған  Дари жеңіске  жетті. Жолында  тұрғанның  бәрін  жапырып  өтті.   Бірақ  ұлы  далаға  ішкерілеп  енуге  қорықты. Өйткені  желден  жүйрік  сәйгүлік  мінген   сақтарды ұстау  мүмкін емес еді.  Түбі Кирдің  кебін  киіп  қалармын  деп  сескенген  ол сақтардың  жеңілген  тайпасының  көсемін байлап-матап,  өзімен бірге  алып  кері  шегінді.   Кейіннен   әлгі  Бехистун  жартасына    өзінен  жеңілген  оныншы  патша  ретінде  сақ  көсемі Скунханың  суретін салды.  Бұл  жазбалар  шамамен  біздің  дәуірімізге  дейінгі  522-519 жылдары тасқа  қашалған.   Жалпы,  Бехистун  жазбасын   ХІХ  ғасырда  ағылшын    ғалымы  Г.К. Роулинсоно  оқып,  әлемге   танытқан.   Бехистун  жазбалары   Азия  тарихынан  кең  мағлұмат  беретін  көне  дерек  көзі  болып   табылатынымен  де құнды.

        Мәселен, Күлтегін ескерткішінде мынадай  жазу  бар:  «Бектердің, халқының түзу еместігі үшін, табғаш (қытай) халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгені үшін, інілі-ағалының дауласқанынан, бектің, халықтың жауласқанынан түркі халқы елдігінен айырылды. Қағандық қағанынан айырылды, табғаш халқына бек ұлдары құл болды, сұлу қыздары күң болды. Түркі халықтары түркі атын тастап, табғаш бектерінің табғаш атын ұстап, табғаш қағанға бағынды. Елу жыл күш-жігерін жұмсады» дейді. Дегенмен осы  жазуларда түркі  халқының  қалай  құрылғаны, Бумын, Естеми, Құтылық-Елтеріс, Білге  Тоныкөк  және Күлтегін секілді  түркінің  арда  да асыл  ұлдарының,  қаған, батырлардың  «жерде  жатқан  халқын  көтеріп  күн еткенін,  сол  жолда  күндіз  отырмағаны,  түнде  ұйықтамағаны,   бастыны  идіргені,  тізеліні  бүктіргені»  жөнінде  кеңінен  жазылған.  Бұлардың  бәрі  өте  құнды  дүниелер  болып  табылады.  

         Қазақ  даласында  тасқа  қашалған  тағы  бір  жәдігер жазба ұлы  жиһангер, атақты  Ақсақ Темірдің  атымен  байланысты. Ол  1391  жылы   Алтын  Орда   ханы Тоқтамыспен   соғысуға  бара  жатып  Ұлытауға  тоқтап,   әскерін   демалдырды. Сол  жерде өзінің  осы  маңда  болғаны  жөнінде  шағатай  тілінде тасқа қашап  жазба  қалдырды.  Таста:  «Мен – Тұранның бегі Темір-бек, хижраның 769 қой жылы ара айының 21-і күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққа белгі қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!» деген  жазу  бар.

        Бұл тасты 1935 жылы Қаныш Сәтбаев тауып, Санкт-Петербургке жіберген. Қазір  Эрмитажда тұр.  1940  жылы бұл жазуды ажыратып,  алғаш  оқыған адам  профессор  И.Пеппе  мен  қазақтың  көрнекті  ғалымы,  академик  Әлкей  Марғұлан  болатын.

         ...Қара  тасқа  қашап  жазылған дүниелер  осылайша  сыр  шертеді.

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 07.06.2021, 12:35
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар режим бұзғаны үшін жазаланады
Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ 01.06.2021, 08:24
Бекзат болмысты Бекзат
Елеусіз МҰРАТ 29.05.2021, 10:12
Жалған жарнаманы насихаттағандарға жауапкершілік неге жоқ?
Батыр ЖАСҰЛАН 27.05.2021, 11:04
Қазақтың үні қашанғы қалыс қалады?
Қамысбай Бесінбергенұлы 25.05.2021, 09:08
Ұлттық құндылықтарды, қадір-қасиетімізді дәріптеуге неге қарсымыз?
Нақыпбек СӘДУАҚАСТЕГІ 21.05.2021, 09:11
Қазаққа кереғар атаулардан арылу қажет

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02