Қазақстан тастанды ел ме?!

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

31.01.2022, 08:19

4670

Байқап отырсақ, Қазақстаннан адам ғана емес, ақша да «қаша» бастағандай. Соның дәлелі, соңғы жылдары елімізден біржола қоныс аударып көшіп кетушілердің санының еселеп артқаны аздай, ақшамыздың да өзге елге көбірек аударыла бастағаны байқалып отыр. Еліміздің ақша аудару жүйелерін пайдалана отырып, өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелден келген ақшадан 4 есе көп қаражат шекараның сыртына аударылып кеткен көрінеді.

Ranking.kz зерттеуіне сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелге жөнелтілетін ақша аудару жүйелері арқылы жеке тұлғалардың халықаралық ақша аударымдарының көлемі 921,3 млрд теңгені құраған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда – 29,2 пайыз артық екен. Ал шетелден алынған қаражат көлемі іс жүзінде өзгеріссіз қалып – 256,2 млрд теңгені құраған. Шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражат көлемі арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде – 2,8 еседен 3,6 есеге дейін өскен.

«Елдер бойынша 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан аударылған ақша аударымдарының көлемі бойынша Өзбекстан – 278,5 млрд теңгемен көш бастап тұрса, Түркия – 189,2 млрд теңгемен екінші орынға жайғасқан. Ал Ресейге – 162,1 млрд теңге аударылған. Аударылған ақшаларға қарап-ақ қай елдердің экономикасына қаржы құйып жатқанымыз белгілі секілді. Атап өтер жайт, еліміз қазір заңды тұлғалардың елден қаражат шығаруына жіті назар аударып отыр. Алайда өткен жылдың 11 айында Қазақстаннан тек жеке тұлғалардың шекараның арғы бетіне аударған аударымдарының көлемі – 1 триллион теңгеге жақындағанын ескерсек, заңды тұлғалардың ғана емес, жеке тұлғалардың да шетел асыратын ақшасының себебіне үңіле түсу қажет секілді. Өйткені кеткен қаржыны қадағалап, себебіне үңілмесек, өсе беретін түрі бар. Өзге елге азаматтары да, ақшасы да жыл сайын артып кетіп жатқан еліміз тастанды ма!..

Халықтың банк картасымен аударатын тиын-тебенін қадағалап, ел наразылығын туғызып келгендер бір сәт шекара асып жатқан миллиардтарға да назар аударып қойса ғой шіркін. Халық мұншалықты наразылық танытпас па еді...

Айтпақшы, мәжілісмен Азат Перуашев «жемқорлар мен олигархтарды ұстап, ұрланған ақшаны қайтаруы тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, ол ақшаның көлемі –160 миллиард долларды құрайды және Қазақстанның бір жылдық ішкі жалпы өніміне тең. Міне, бюджет кірістерінің резерві сонда жатыр. Үкімет пен фискалдар сол жерде өз табандылығын танытуы тиіс», – деген болатын-ды. Расында да есігінің алдындағы тауығының жұмыртқасына дейін санап, төленуге тиіс жәрдемақысын өзіне «саудалап», халықтың әлеуметтік жағдайын барынша құлдыратқанша, жемқорлардың шекара асқан миллиардтарын қадағалауға асықсақ-шы...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ораз ҚАУҒАБАЙ 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 31.01.2023, 07:42
Әбдірахымовқа қатысты құпиялар көбейіп тұр

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28