Қазақстанның экологиясы нашар өңірлері аталды

Сайт әкімшілігі

04.07.2022, 11:00

1736

Атмосфераға зиян заттардың жартысынан астамы еліміздің екі өңірі — Павлодар және Қарағанды ​​облыстарындағы кәсіпорындардан шығады, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Қазақстандағы барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын зиян заттардың жалпы көлемі 34,3 миллион тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз. 31,9 миллион тонна зиян шығарынды залалсыздандырылған. 2021 жылы атмосфераға шыққан ластаушы заттар көлемі 2,4 миллион тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға аз.

Атмосфераға тараған зиян заттардың жартысы Павлодар (736 мың тонна) және Қарағанды ​​(569 мың тонна) облыстарына тиесілі. Сондай-ақ, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарында 100 мың тоннадан аса зиян шығарынды тіркелген.

Атмосфераға тараған 2,4 миллион тонна ластаушы заттардың 2,1 миллион тоннасы тек өнеркәсіп саласынан. Шығарындының ең көп көлемі жылу және электрмен жабдықтау сегментінде — 945,2 мың тонна. 728,1 мың тоннасы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жаратуда 47,8 мың тонна шығарынды тіркелген.

Өнеркәсіптен басқа көлік және қойма шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар да ауаға зиян заттар шығады — 114 мың тонна.

2021 жылы атмосфераға шыққан газ тәрізді және сұйық ластаушы заттардың үлесі 79,6 пайыз немесе 1,9 миллион тонна болды. Оның ішінде күкірт диоксиді — 835,4 мың тонна, көміртегі тотығы — 473,2 мың тонна, азот оксиді — 322 мың тонна, көмірсутек — 133,2 мың тонна.

Тегтер: экология сапа жасыл экономика мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2022, 08:40
Қарыздары триллион, жалақылары миллион...
Арман ЖҰМАДІЛ 21.09.2022, 14:28
Жаңа Қазақстан астанасына жаңа ат қажет!
Еркежан АРЫН 21.09.2022, 12:02
Аналар күнін ұлықтау қажет
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:44
"Алматының Құрметті азаматы" атағын кімдер алды?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2022, 08:42
«Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...
Ринат РАХЫМ 13.09.2022, 13:49
Алтынбексіз ауыр жылдар

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41