Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр

Әділ АҚЫЛБАЙ

01.12.2022, 08:59

2494

Соңғы оқиғаларға қарағанда, Қазақстан мен қазақстандықтар үшін шынымен қиын, өте қауіпті жағдайлар басталып кетуі мүмкін. Күні кеше Ресейдегі бас пропагандист Соловьевтің хабарында сөз алған Дробницкий деген біреу «Ресей Украинадан кейін Қазақстанға кірісуі керек» депті. Бұл жай ғана айтыла салған сөз емес деп ескертеді казақстандық журналист Сергей Дуванов.

Біріншіден, бұл пікір мемлекеттік «Россия-1» каналының эфирінде айтылды. Әрі Кремль бұл үшін ешқандай ресми дипломатиялық кешірім сұрамады.

Екіншіден, көрші елге қарсы соғыс бастауға ашық шақырған арандатушыға әлгі студияда болғандардың арасынан ешкім бір ауыз қарсы сөз айтпады. «Қазақстан Ресеймен бірге бірнеше ұйымдағы одақтасы еді, достық қарым-қатынастағы серіктесіміз еді» деуге де жарамады. Қазақстан осы уақытқа дейін мұндай арандатушылық мәлімдеме жасайтындай еш себеп бермегенін айтпайды. Керісінше, «Қазақстанды жөнге салуға кірісуіміз керек» деген пікірді бәрі құптап, қолдап отыр.

Ресми Кремль жақ ашпады, Соловьев Дробницкиймен толық келісетінін білдірді. Ресейдегі путиншіл көпшілік Қазақстандағы орыстарды «азат етуге» кірісуге қарсы емес. Тіпті бұл олар үшін шешілген мәселе екен.

– Империяның елесін қуалап жүрген Путиннің Ресейі тек Украинамен тоқтамайтыны белгілі болды. Украинадан кейінгі кезекте бірінші болып Қазақстан тұр екен. Бақсақ, істің бәрі осыған келе жатқан сыңайлы.

Алайда дәл қазір соғыс алаңындағы жағдай Ресей әскерінің пайдасына шешілмей жатыр. Ендеше, Қазақстанға қазір басып кіретіндей күйде емес. Мәскеуге қазір Киевпен бейбіт келісім мен ұзаққа созылатын келіссөздер керек. Бұл соғыста жеңе алмайтынын Путин түсінді, тіпті, жеңіліп қалуы мүмкін екенін ұқты. Жеңілмеу үшін Батыс Украинаны дереу келіссөздерге көндірсе екен деп тілеп отыр.

Келіссөздер мен бейбіт келісім басып алынған барлық жерлерін азат етіп келе жатқан украин әскерін тоқтатуға мүмкіндік берер еді. Украина әскері қазіргі қарқынымен Қырымды қайтарып алуы мүмкін. Қырым қолдан кетсе, бұл Путиннің ақыры.

Келіссөздер арқылы Путин уақыт ұтады, әрі жеңіліспен аяқталған соғыстан кейін аздаған абыройын сақтап қала алады. Ол сол үшін Киевті қалай да келіссөздерге көндіргісі келеді. Бұл менің пайымдарым, шындығында Ресей президентінің ойындағысын ешкім білмейді. Бірақ қалай айтсақ та, қазір еліміздің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне шын қатер төніп тұр! Біздің бар үмітіміз – Украинаның Ресейді тас-талқан қылып жеңуі. Қазір қазақстандықтарға үнсіз отыра бермей, Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтап, жақтап жүргендерге барынша қарсылығын айту керек. Ондай мақтабастарға төзбейтін қоғам жасап алуымыз керек. Бұл да өз жерін ессіз, қанішер агрессордан азат етіп жатқан Украинаға біздің көмегіміз болады. Келесі кезекте Қазақстан тұр деген ақпараттың таралуына тосқауыл қоймаған Кремль мұны әдейі істеді. Ресейге тым қатты қарсы болсаңдар, жағдайларың осындай болады деп қазақстандықтарға ашық ескерту жасалды, – дейді сарапшы.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәкен УАҚ 11:59
Ататүрік қашан «бостандыққа» шығады
Ораз ҚАУҒАБАЙ 02.02.2023, 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.02.2023, 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 02.02.2023, 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16