Құрышпен шыныққан Шідебай

30.07.2020, 12:33

47


 Құрметті теміржолшы Ізтілеу Матреков туралыбір үзік сыр

      Өмірде өз мамандығын тағдырыныңбір бөлшегіне айналдырған тұлғалар аз емес. Біз мамандығына әбден беріліп, өзісінің ұңғыл-шұңғылына дейін білетін жандарды «кәсіби, кәнігі мамандар» дейміз.Бүгін біз осындай кәнігі, кәсіби маман болған, өз тағдырын теміржол саласынаарнаған Ізтілеу Матреков жайлы ой толғамақпыз. Бүкіл саналы ғұмырын теміржолсаласының өркендеуіне арнап, жарты ғасырға жуық осы салада еңбек еткен тұлғаныңтағдыры ел өмірімен тығыз байланысты әрі тарихи кезеңдерге толы екен.


       Шідебай қалай Ізтілеуатанды?

      Біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз– Ізтілеу Матрековтің негізгі, азан шақырып қойған аты – Шідебай, әкесінің аты– Ералы, ол кісі бүкіл Жетісу өңіріне белгілі дәулетті адам болыпты. 1907 жылыдүниеге келген біздің кейіпкеріміз 1917-18 жылдардан кейінгі саяси өзгерістерсалдарынан аты-жөнін өзгертуге мәжбүр болған.

       Жетісу өңіріне Кеңес өкіметі келгеналғашқы кезде қазақтың дәулетті отбасылары бірінші болып зардап шекті: олардыңкөпшілігі атылып кетсе, аман қалғандары итжеккенге айдалды. Мұндай жағдайдыәңгімемізге арқау болып отырған Шідебай ақсақалдың отбасы да басынан өткерді. Қызылдарауылға келгенде, Ералы үлкен ұлдарымен бірге атылып кетіп, 10-12 жастағыШідебай атамызды шешесі тайқазанның астына тығып үлгеріпті. Сөйтіп, бірсойқаннан аман қалған кейіпкеріміз туған ауылындағы өмірін жалғастырады. Жаппайұжымдастыру басталған кезде Ералы ақсақалдың баласы Шідебайды ауылдастары бригадирсайлайды.

    – Әкеміз осылай бригадир болып жұмыс істепжүргенде, 1929-30 жылдар болу керек, кешке жұмыстан үйіне қайтып келе жатқандақасынан өтіп бара жатқан жамағайын бір бауыры: «Шіде, қаш, түнде сені арестқылады», – депті. Содан жалма-жан үйіне жеткен әкеміз үйдегі шешесі менбәйбішесі Нүржәмішті жетектеп, бас сауғалайды. Сөйтіп, түнімен жаяулатып, таңата Молалы ауылына жетеді де, алыс бір ағайынының үйіне түседі. Ол туысы: «Шіде,сен біздің үйге бекер келдің, мен саған араша бола алмаймын, зияның меніңбала-шағама тиеді. Сондықтан сен Ақбалыққа бар. Сол жерде теміржол салуғажұмысшы жинап жатыр екен, жолың болып, қалың елдің арасына сіңіп кетерсің,бірақ өз атыңды айтпа, атылып кеткен Ізтілеу бауырыңның атын айт», – деп кеңесберіпті. Осылай әкеміз Ізтілеу атаныпты, – дейді  тағдыр тәлкегімен Ізтілеу атанған Шідебай әулетініңкенже қызыКенжетай Матрекова.

       Оның айтуынша, Матрек деген арғы аталарыекен. «Негізгі мағынасы «Мә тірек» деген сөзден шыққан. Ұрпағына тірек болсын,қолтығынан демесін дегендіктен шығар, арғы атамыздың атын осылай қойған екен.Артынан әкеміз құжат аларда  атамыздыңаты Матрек болып өзгеріп кетті. Анамыздың аты да өзгеріске түскен екен. Негізі,анамыздың азан шақырып қойған аты – Нүржәміш. Құжат бойынша Алтынбала еді. Олкісіге де осылайша атын өзгертуге тура келген. Кейде өткен күндерді сағынышпенеске алған шешеміз:  «Менің атам (қайын атасыЕралы ақсақалды айтады – автор) басқа түлікті айтпағанда,  жылына екі жүз түйе боталататын, содан бізгеқалғаны мына көрпе», – дейтін түйенің жүнінен жасалған көрпені нұсқап. «Арестенқашқанда қолыма тигені сол болды, тіпті тайқазанда пісіп тұрған сүттен ауыз тиюгемұршамыз болмады ғой. Бірақ ештеңе жоқ, әкелеріңнің еңбекқорлығы арқасында ешкімненкем болған жоқсыңдар, ержеттіңдер, оқыдыңдар, тоқыдыңдар», – деп отыратын жарықтық»,– дейді Кенжетай Матрекова.

                            «Қарапайым әріқұрметті болды»

        Жалпы, Ізтілеу ұрпақтары келтіргенмәліметтерге сүйенсек, ол кісі қарапайым бола жүріп, құрметті бола білген жан.Мысалы, Ізтілеу Матреков өзінің адами қасиеттерінің арқасында өзі тұрған Арғанатыжәне көршілес Ақбалық, Сарқұрақ ауылдарының тұрғындарына үлгі бола білді. Ауылтентегін тезге де, жөнге де сала білетін әдетімен Ізтілеу ақсақал елдіңберекесін келтіріп отыратын, тура айтып, төрелігін білдіретін қасиетке иеболған.

    – Әкем өте дипломат адам болды. Ер мен ердітабыстырып жіберу, шекіскенді бекістіру оның қолынан келетін. Осыдан болар, бірауыз сөзге тоқтай білетін жұрттың көбі әкемнен төрелігін сұрайтын. Ондайда әкемалдына келіп жүгінген адамның ешқайсысын ренжітпей, шешім қабылдап,татуластырып жіберетін еді. Оның бұл қасиеті ұрпақтарына үлгі болды, –дейдіқызы Кенжетай.

      Ауыл адамдары Ізтілеу ақсақалды қаттықұрметтесе, біздің кейіпкеріміз де достыққа адал бола білді. Мәселен, көршісіМейірманов Оразиман ақсақалмен жақын араласқаны соншалық – бір атаныңбаласындай болып кетті. Ол кісінің балалары Болатхан мен Болатбек Шідебайатамыздың балаларымен туған бауырдай еді. Иман Шеңгелбаев атаның отбасымен деаралас-құралас болды. Қазіргі таңда осы әулеттердің үшінші ұрпағы, яғни ақсақалдардыңшөберелері де жұбын жазбай келеді.

                                  Әліпті арабшатаныған

       Әу баста арабша хат таныған кейіпкерімізараб тілінде жазылған әдебиеттерді де оқудан жалықпаған. Ол өзінің көкжиегінкеңейтуді армандапты. Содан болар, көрінген қағазға шұқшиып, арабша дүниелердіоқып, зерттеуге тырысатын болған. «Кирилл қарпін өз бетімен меңгеріп, ІлиясЕсенберлиннің тарихи дүниелерін сүйсіне оқып отыратын» дейді атамыздыңнемерелері. Осындай ізденімпаздығының арқасында теміржолға қарапайым жолжөндеуші болып келген адам бригадирлікке, бастықтың көмекшісіне дейінкөтеріледі.  Еңбек жолын Алматы облысынақарасты Ақбалық стансасынан бастаған Ізтілеу Матреков зейнеткерлікке дейін осысалада жұмыс істейді. Теміржолдың 50 жылдығына орай, оған «Құрметті теміржолшы»атағы беріліп, өмір бойы істеген еңбегі еленіп, құрметке  бөленді.

     Біле білсек, теміржолшылар арасында «құрметтітеміржолшы» деген атақтан артық марапат жоқ» деген тәмсіл бар. Бұл туралыкезінде Дінмұхамед Қонаевтың өзі: «Марапаттың еңбиігі – «құрметті теміржолшы» деген атақ. Бұл атаққа  тек теміржолға ғұмырын арнаған жандар ғана иеболды», – деген екен. Ендеше, біздің бүгін сөз еткен кейіпкеріміз бүкілғұмырын, тағдырын теміржолға арнаған тұлға деуге әбден лайық.


      Осындай айтулы марапатқалайық саналған тұлға туралы ұлыАманжол Матреков былай деп ой толғайды: «Ол тек әке ғанаемес, ерен еңбегімен өсіп-жетілген, ұрпағына тәрбие бере алған, тәттінің де,ащының да дәмі қандай болатынын санамызға сіңірген тұлға болды. Жақсыға жақын,жаманнан қашық тұруға үйреткен тәлімгер ұстаз бола білді. Қарапайым  теміржолшы болып жүріп, өзінің құрметке лайықекенін адал еңбегімен дәлелдеді. Әкеміздің әрбір ісі бізге үлгі болды.Сондықтан болар, өзім әке жолын қудым. Теміржол саласында қатардағы жұмысшыданбастап, әкемнің ізін жалғадым».

     Иә, әке жолын қуған Аманжол ағамыз датеміржолда 50 жылдай жемісті еңбек етіп, ел құрметіне бөленген азамат. Ағамызәр жылдарда Матай теміржол дистанциясында басшылық қызметте болды. Тіпті еңбекдемалысына шыққаннан кейін де теміржол басшылығының өтініші бойынша біраз жылеңбек етіп, жастарға тәлімгер болды. Қазір үлкен ұлы Мұрат Аманжолұлы ата, әкежолын табысты жалғастырып, дистанция басшылығында еңбек етуде.  

   

    

                «Еңбекке адалдық басына амандық берді»

     Негізінен, әкелері жайлы сыр шерткенде «оныңбасты ұстанымы адалдық еді» деп, мақтан тұтады ұрпақтары. Мақтанса мақтанғандай,Ізтілеу ақсақал «аққа қара жұқпайтынын», адал еңбек, маңдай тер қашанда ақталатынынұрпағына үлгі ете білген жан. Мысалы, ақсақалдың өмір жолында да кедергілеркездесіпті. Соның бір дәйегі – қайсыбір жылдары оның жұмысында төтенше жағдай –жол апаты орын алып, теміржолдардың сапасы сыналып, барлық кінәратты жоғары жақжолдың сапасын бақылаушы Ізтілеу ақсақалдан іздей бастайды. Бірақ артынша оныңкінәлі емес екені дәлелденіп, кәсіби маман екені мойындалып, басшылықтың өзіоны қорғап қалыпты. «Еңбекке деген адалдығы, өз кәсібіне деген шынайылығыәкемізді сотқа дейін барудан құтқарып қалды. Ол қай кезде де адал адамныңжолы  болатынын, аққа қара жұқпайтынынесімізге салып отыратын», – дейді балалары.


                    Ата жолы немере-шөберелеріне ойысты

       Біз сөз етіп отырған Ізтілеу Матрековсегіз бала тәрбиелеп өсірген. Өзі тек арабша хат танып, жоғары білім алуға қолыжетпесе де, сегіз баласын  оқытып, жоғарыбілім әперген.Балалардыңүлкені  Болат  1936 жылы дүние келген. Алматыдағы мал-дәрігерлікинститутын қызыл дипломға бітіріп, өмір бойы осы салада қызмет етті. Бұл кісі 1994жылы қайтыс болды. Одан кейінгі  қызы – Орынбасар.1939 жылы дүниеге келді, тұрмыс құрып, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне жұмсады.1940 жылы қызы Нұртай дүниеге келді, ол кісі мұғалім, бүкіл саналы ғұмырын балатәрбиесіне арнады, 2010 жылы дүниеден өтті. Одан кейін, 1944 жылы екінші ұлыБолатхан дүниеге келді, ол құрылыс саласында еңбек етті. Өкінішке қарай, 2003жылы Болатхан ағамыз да бақилық болды. 1946 жылы үшінші ұлы Аманжол дүниегекелді. Міне, осы Аманжол әке жолын қуып, өмір бойы теміржолда еңбек етті, қазірбұл кісінің  ұлы Мұрат, қызы Айжан,немересі Әлішер және  басқа ұрпақтары атажолын жалғастырып жатыр. 1948 жылы төртінші ұлСадырбай дүниеге келді, ол өмірін құрылыс саласына арнады. 1951 жылы ұлдың кенжесіБейсенбай дүниеге келді. Бейсенбай да барлық өмірін теміржолға арнап, теміржолдағыбайланыс саласында қызмет атқарып, 2012 жылы қайтыс болды. Ал 1953 жылыәулеттің кенжесі, біздің сұхбаттасымыз Кенжетай өмірге келді.

       Шідебай ақсақалдың ісін, негізінен,үшінші ұлы Аманжол мен кенже ұлы Бейсенбай жалғастырды. Өткен ғасырдың 70-жылдарындаАйсәуле жеңгемізбен шаңырақ көтерген Аманжол ағамыз бүгінде үлкен отбасыныңиесі. Алтынқұрсақты жеңгеміз өмірге Мұрат, Қуат, Ақжарқын, Айжан, Айгүл, Азаматсынды алты бала әкелді. Кейіпкеріміздің кенже ұлы Бейсенбай «алыстан арбалағанша,жақыннан дорбала» деген қағиданы ұстанып, өзі тұратын Арғанаты ауылындағы белдіазаматтың бірі, теміржолға еңбегі сіңген Рахметов Сейілғазы ағамыздың Сақышдеген қызына үйленеді. Сақыш жеңгеміз Матрековтер әулетіне жеті бала сыйлады. Матрековтердіңбарлық балаларына туған анасындай бола білген осы екі жеңгеміздің арқасындаАрғанаты олар үшін жазғы демалыс лагеріндей болды. Бүгінде жігіт ағасы атанғанШідебай атаның немере-шөберелері «жеңгелеріміздің аялы алақаны, бізге деген сүйіспеншілігімен қамқорлығы ерекше еді» деп, балалық шағын сағынышпен еске алады.

     Қазір Бейсенбайдан тараған Гауһар, Бекет,Советжан, Сабыржан, Сымбат тәрізді немерелері де теміржолда қызмет етіп, атажолын жалғастыруда. Атап айтарлығы, Бекет пен Советжан мастер, бригадир қызметінатқарып, Шідебай аталары жұмыс істеген теміржол учаскесінде еңбек етіп, жол қауіпсіздігінқамтамасыз етеді. Қазір Ізтілеу ақсақал ең алғаш еңбек жолын бастаған Алматыоблысына қарасты Ақбалық ауылында «Құрышпен шыныққандар» деп аталатын Түрксіб ардагерлерініңқұрметіне салынған арнайы ескерткіш бар. Ақбалық ауылы ғана емес, бүкіл елқұрметтейтін, «құрышпен шыныққан» арда азаматтарға арналған  ескерткішті көтеруге Шідебай атаның екінші ұлыБолатханнан тараған немересі Самат Ізтілеуов те үлкен үлес қосты. Атапайтарлығы, жақында Түрксібтің 90 жылдығы қарсаңында Самат Болатханұлы атасыныңауылына арнайы барып, ескерткішті жаңартып қайтты.  

–       Әкем барлығымызды оқытты. Бір-бір үй қылды.Өзі оқымаса да, біздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу болғанын қалады. Бізгеүнемі «оқыңдар, оқу керек» деп отыратын еді. Анам да әкеміздің көмекшісі болды.Үнемі әкемді қолдап, барлығын ақылдасып шешіп, бірлесіп, бел шешпей еңбек етті.Ақбалық ауылындағы теміржолшыларға қойылған  ескерткіште әкеміздің аты жазылып тұр. Бұл бізүшін үлкен мақтаныш. Жалғыз әкем ғана емес, бір әулеттен  қаншама теміржол саласында қызмет жасайтынадамдар шығып отыр. Әке, бала, немере, шөбереге жалғасқан бұл із әрі қарай дажалғасын табарына біз сенеміз, – дейді әкесін есіне алған Кенжетай Матрекова.


            «90 жылжасауы да тектіліктің белгісі шығар»

      Жалпы, Ізтілеу ақсақал қадірменді қариябола білген адам. Ол кісі, негізінде, 1905 жылы дүниеге келіпті. Ал құжатбойынша туған жылы 1907 жыл деп көрсетілген. Ақсақал 90-нан асып барып бақилықболыпты.

  – Әкеміз 92 жасында қайтыс болды. Анамыз 68жасында дүниеден өтті. Шешемнен кейін бұл кісі 18 жыл өмір сүрді. Екіншіқайтара отбасын құрмады. Кіші ұлының қолында, қарашаңырақта дүние салды. Әкемеде, шешеме де Үштөбе қаласынан топырақ бұйырды. Шешем қайтыс боларының алдында өзідүниеге келген Жоңғар Алатауының бөктерін есіне алды ма екен, әйтеуір, әкеме «меніосы құмға тастап кететін болдыңдар ғой» деп, көзіне жас алыпты. Мүмкін, анамбалалардың барлығы оқу іздеп, түбі қалаға кетеді, жалғыз өзім айдаладаескерусіз қалам ба деп уайымдаған болар. Ол кезде әкемдер Балқаштың жағасында Арғанатыдеген ауылда тұратын. Арғанаты құмды ауыл еді. Анам сырқаттанып жүргендеөмірден ерте өтерін білді ме, әкеме «құмның арасынан топырақ бұйыратын  болды» деп жиі айтатын. Сол кезде әкем «сеніқұмға тастамаймын» деп уәде беріпті. Содан шешем қайтыс болғанда, әкем жәнебасқа туған-туыстар Үштөбеге жерлеуді ұйғарды. Артынан, 18 жылдан кейін әкемеде шешемнің қасынан топырақ бұйырды. Қазір ұрпағы өніп-өскен үлкен әулеткеайналдық.  Немере-шөберелер аталарынқұрметпен еске алып отырады. Атаның салған ізі жалғасып, жолын қуған ұрпақтарыда көбейіп келеді. Сондықтан тек қана ұрпақ тілеуін тілейміз, – дейдіақсақалдың қызы Кенжетай Матрекова.

    

            Теміржол қазақ үшін техниканың бастауы еді

      Міне, бүгін біз сөз еткен теміржолшыныңтағдыры осылай өріліпті. Зер сала қарасақ, теміржол қазақтар үшін техника әлемінің бастауы болды. Соғысқадейін де, одан кейін де көптеген адамдар еңбек жолын теміржолдан бастады.Кезінде Түрксіб теміржолы нағыз халықтық құрылыс болды. Оның құрылысына қазақтар жаппай қатысты. Алдымен тас жерді қазып, топырақ тасып, қара жұмысістесе, соңғы жылдары жол салу ісіне де араласа бастады. Осы құрылыста 50 мыңадам жұмыс істеген деген дерек бар. Теміржол ұлттық мамандарды дайындаудыңордасы болды. Міне, сол ортада біз сөз етіп отырған Ізтілеу Матреков тееңбекқорлығымен дараланып, адал еңбек, маңдай терімен ұрпаққа үлгі боларқасиетімен ерекшеленді.


      P.S. Қазақстантеміржолшылардың төл мерекесін жылда тамыз айының алғашқы жексенбісінде атапөтеді. Дәстүрлі түрде аталыпкеле жатқан мереке тарихы кеңестік кезеңнен бұрын, ХІХ ғасырдан бастау алады.Тарихқа көз жүгіртсек, 1896 жылы бұл мейрамды жыл сайын 8 шілдеде атап өту туралышешім қабылданған екен. Теміржолшылар мерекесі сол кездегі Ресей империясыныңжол министрі болған Михаил Хилковтың бұйрығымен белгіленген. Осыдан-ақ сол кездіңөзінде теміржолшыларға деген құрметтің ерекше болғанын байқаймыз.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 09:12
Ауылды қарызға батыру ағайынды құрдымға кетіру екенін неге ұқпаймыз?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.10.2020, 11:11
Реформалар кеңесі 30 жылда бағы ашылмаған салалалардың бабын келістіре ме?
Жарлы БАЙҒАНИН 22.10.2020, 10:55
Өз балаңды өзекке теппеші
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.10.2020, 09:07
Құм құрсауында қалған ауылдар
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 15.10.2020, 09:48
Қоғамдағы көп кеселді қолдан жасап отырмыз
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:32
Қазақта қайткенде баспана болады?

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04