Қыркүйектен бастап қазақстандық мұнай Әзербайжан арқылы тасымалдануы мүмкін

Сайт әкімшілігі

15.08.2022, 13:04

4617

Қыркүйек айынан бастап Қазақстан өзінің шикі мұнайының бір бөлігін Әзербайжанның ең ірі мұнай құбыры арқылы сатады деп күтіліп отыр, деп хабарлайдыЖас Алаш Reuters ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстан бүгінде мұнай тасымалының баламалы көздерін қарастырып жатыр. Әлемдің мұнай экспортының нарығында қазақстандық қара алтынның үлесі 1% — дан асады немесе тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельге тең келеді.

Қазақстандық мұнай 20 жыл бойы Каспий құбыр консорциумы құбыры арқылы Ресейдің қара теңізіндегі Новороссийск портына жеткізіліп, әлемдік нарыққа шығып отырды.

 «Шілдеде Ресей соты Каспий құбыр консорциумын жабатындығы туралы айтты. Бұл Қазақстан Үкіметі мен ірі шетелдік өндірушілерді сақтық шарасы ретінде басқа сауда нүктелерімен келісім-шарттар жасасуға итермеледі. Баламалардың ешқайсысы КҚК құбыр желісі сияқты да соншалықты тиімді емес, бұл энергетика нарығындағы құбылмалылық тәуекелін арттырады», — делінген агенттіктің мақаласында.

Осы мәселеден хабардар дереккөздің айтуынша, Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік мұнай компаниясы Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік компаниясымен алдын-ала келісім жасап, Түркияның Жерорта теңізі портына жеткізетін Әзербайжан құбыры арқылы жылына 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын сатуға рұқсат беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Дереккөздің айтуынша, нақты келісімшарт тамыз айының соңында жасалып, ал мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыры арқылы жеткізу бір айдан кейін басталады.

Сондай-ақ, жылына тағы 3,5 миллион тонна қазақстандық мұнай 2023 жылы Грузияның Қара теңіз Супса портына Әзербайжанның басқа құбыры арқылы тасымалдана бастауы мүмкін.

Ал Chevron мұнай компаниясы басқаратын бірлескен кәсіпорын Тенгизшевройлдың (ТШО) маркетингтік бөлімшесі де құбыр мен темір жол бойынша жеке бағыттар туралы келіссөздер жүргізуде. Агенттік сілтеме жасаған дереккөздің мәліметінше, Тенгизшевройл компаниясы үшін де Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыры пайдаға жарауы мүмкін.

Әйтсе де әзірге тараптар ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер: мұнай экономка нарық әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2022, 08:40
Қарыздары триллион, жалақылары миллион...
Арман ЖҰМАДІЛ 21.09.2022, 14:28
Жаңа Қазақстан астанасына жаңа ат қажет!
Еркежан АРЫН 21.09.2022, 12:02
Аналар күнін ұлықтау қажет
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:44
"Алматының Құрметті азаматы" атағын кімдер алды?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2022, 08:42
«Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...
Ринат РАХЫМ 13.09.2022, 13:49
Алтынбексіз ауыр жылдар

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41