Роман Скляр сатқын ба?

Серік МӘЛЕЕВ

01.12.2022, 10:00

3073

Осындай сұрақты саралап көрелікші.

Өйткені, Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігі коррупциямен көзге түсіп қалды.

Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т.Тоқтабаев ұсталды.Тергеу соттың санкциясымен Т.Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлері, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталып өзі қамауға алынды.

Бұл – факті. Енді негізгі тақырыпқа көшейік. Қазақстан министрліктеріндегі коррупция туралы. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік және әділетті жаңа Қазақстан құру туралы айтып келеді. Ол еліміздегі әділетсіздікті қазақстандық шенеуніктермен тікелей байланыстырып еді өз сөзінде.

Рас қой енді. Бес жүз мың теңге ресми жалақысымен ешбір вице-министр элиталық жылжымайтын мүлік түгілі, әлгі «Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic» деген сұмдық көлікті де сатып ала алмайды.

Қазір қамауда жатқан Тимур Тоқтабаев Индустрия және ифрақұрылымдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген кезде министрлікті премьер-министрдің қазіргі бірінші орынбасары Роман Скляр басқарған болатын. Бұл жай сәйкестік емес-ау.  

Тергеу мәліметінше, министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне сай әрекет етіп, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз берген. Бұрын жүргізілген барлау дерегі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған.

Нәтижесінде лауазымды тұлғалармен үлестес кәсіпкерлер қол қою бонусының ең төменгі құны үшін нарыққа қатысушылардың бәсекелестік, қолжетімділік және тең құқықтылық қағидаттарын бұзып, өндіруге дайын кен орындарын алған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары – министр Роман Васильевич Скляр қазір де Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігінің кураторы. Лауазымдық міндеті – сол. Роман Склярдың еліміздің экономикасының жекелеген бағыттарына жауап беретінін де білеміз.

Мынаған не дейміз?

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Обухов тау-кен байыту комбинатының басшысы Виктор Долгалевтің сөзін тыңдап көрелік.

Бұл кәсіпорын бүгінде табысты кәсіпорын. Титан-цирконий рудаларын өндіру және байытудан әлем бойынша үздік үштікке кіреді. Алайда 2017 жылға дейін бұрынғы қожайындар, ресейлік басшылар Дмитрий Пяткин мен Александр Фрайманның тұсында Обухов тау-кен байыту комбинаты банкрот болған.

Долгалев бес жылдың ішінде комбинатты аяғынан тік тұрғызып, оны әлемдік экономикадағы өз сегментінде көшбасшы кәсіпорын қылды.

Долгалев бүй дейді: Жуырда маған титан-цирконий рудаларын өндіру және байыту саласында жұмыс істейтін қытайлық үш ірі компанияның өкілдері келді. Келді-дағы, сенің лицензияңды жақында тартып алады, мына жерде содан кейін біз жұмыс істейміз деген.

— Сұмдық қой. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, мен Қытайға барып, бір табысты компанияның басшысына келіп, «ертең мына кәсіпорындарың менікі, немесе қазақстандықтардыкі болады» деп ешқашан айтпас едім ғой. Мені не ақымақ санар еді, не бірден түрмеге тығар еді. Ал бізде мұндай былық істерді еш қорықпастан жасайды екен. Өйткені жергілікті билікке сенеді. Рейдерлер ештеңеден қорықпайды, ештеңеден тайынбайтын болыпты,дейді Виктор Иванович.

Қытайларды шақырған кім дейсіз бе? Кәдімгі Скляр Роман Васильевич. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары. Долгалевтің сөзінше, ол Қытай тарапына кен-байыту комбинаты бойынша келісімшарт жасасуға уәде берген.

Үкімет деңгейіндегі жемқорлық схемасы ма бұл? Роман Склярдың көз алдында қазақстандық кенішті қазақстандықтардан тартып алып, қытайларға бере салмағы қалай? 

Тегтер: Роман Скляр индустрия инфрақұрылым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәкен УАҚ 11:59
Ататүрік қашан «бостандыққа» шығады
Ораз ҚАУҒАБАЙ 02.02.2023, 12:42
Қонаев ата-тегінің ақиқаты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.02.2023, 09:07
Қарағандыда ашылған жаңалық Еуропада резонанс тудыруда
Батыр ЖАСҰЛАН 02.02.2023, 07:16
Әкімдер ай қарап жүр ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 01.02.2023, 07:26
Қазақстан қашанғы кландар меншігі болады?
Жарлы БАЙҒАНИН 31.01.2023, 09:00
№36

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16