«Сұмырай келсе су құриды...»

Құзырлы органдар мен мекемелердің назарына!  

Берікжан БАЙБОТАЕВ

15.09.2021, 09:30

1495

Иә, бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан мақалдарының бірі. Дегенмен бұл мақал бекер айтылмаса керек. Қазір қымбатшылық жайлаған  заман болып кетті. Қайда барсаң да,  жанар-жағармайдан бастап, азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары,  жалпы, айналаңыздағы көзге көрінген заттың бәрі өте қымбат. Адал тапқаныңа, бала-шағаңа  бірін жегізіп, бірін кигізсең, басқасына қол жеткізе алмайсың. Қарапайым халық бала-шағасын ағарғанмен қамтамасыз ету үшін бір сиыр асырайын десе, ауыл төңірегіндегі мал жайылымдарының барлығын байлар мен шенеуніктер алып қойған, жайылымдық жер жоқ, ал жемшөптің бағасы аспанға шарықтап кетті. Үйіндегі алақандай жеріне бау-бақша егіп,  көкөніс жегізейін десе, ағынсудың рулі де шенділердің қолында,  халыққа мүлдем су бермеймін десе де, өздері біледі. Оларға заң жүзінде шара көру қарапайым халықтың  қолынан келмейді, керісінше, олардың мазағына айналады. Сонда біз өзіміздің ауладағы заңды жерімізді толық пайдалана алмасақ, салықты не үшін толық төлеуіміз керек? Осыған қоса, кейбір  отбасылардың тұрғылықты үйлері жоқ. Өйтүп-бүйтіп жер алып, құрылысын бастағандардың жұмысы қымбатшылыққа байланысты тоқтап қалды.  Барлығы да алдамшы несиеге көмілген.  Құдайдың өзі сақтасын, егер де ауыра қалсаң, Шымкент қалалық кардиология орталығынан басқа ауруханаларда мемлекеттік сақтандырумен емделіп шығу мүмкін емес.

Ал төменгі жалақы алып жүрген құзырлы мекемелерде жұмыс істейтін кейбір азаматтарымыздың жоғарыдағы айтылғандардың ешқайсысына бас қатырмай-ақ, бала-шағасын жеткілікті мөлшерде асырап, өзі қымбат көлік мініп, зәулім үйлер салып, қатын үстіне қатын алып, біреуіне қаладан пәтер алып отырғызып,  екеуін де қымбат көліктермен қамтамасыз етіп, түскі тамақ пен кешкі тамаққа элитный мейрамханаларға барып жүргенін өз көзімізбен көріп жүрміз. Айтылған азаматтарымыз төменгі жалақы екеніне қарамастан, осы жұмыстарынан басқа айлығы көп жұмысқа барғысы келмейді, бармайды да. Ол азаматтардың заңды айлықтарын төлемей қойсаңыз да, ешқандай қапалық білдірместен жұмыстарын атқара береді, жұмысында қалса болды. Бір қызығы, олардың арасында декларация тапсыратындары да бар, дегенмен тапсырып жүр. Осыдан кейін мен артымыздан өсіп келе жатқан жастарға, балаларым мен немерелеріме «Еліңнің патриоты бол!» деп қалай айтамын?! Айтудан емес-ау, олардың осы сұраққа қалай жауап беретіндіктерінен қорқамын. Елім тыныш болсын, халқым ақымақтыққа барып, тағы бір «Пивзаводтың» басшысы табылып, көтеріліп кетпесін деймін. Себебі мен басқа елдердің азаматтарынан  «Қазақстан бар-жоғы пәлен жыл ғана өмір сүрген» деген сөздерін естігім келмейді.

Осының бәрін айтып отырған себебім – біз Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбек датқа, Көмешбұлақ ауылдарының тұрғындары Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Қ.Балатаев мырзаға бірнеше мәрте ағын су мәселесімен арызданып, ешқандай нәтиже болмағаннан кейін осы жылдың сәуір айының 29-шы жұлдызы күні Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков мырзаның атына 54 адам қол қойған арызды тапсырған болатынбыз. Сол күнгі азаматтарды қабылдау кестесі әкім орынбасары Ш.Убайдуллаев мырзаға тура келгендіктен, мен өзім оның жеке қабылдауында болып, мән-жайды толық түсіндіріп, одан қанағаттанарлық жауап алып шыққан едім. Алайда бұл арызды тексеру Қайнарбұлақ ауылдық округінің бұрынғы әкімі, қазіргі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, кезінде ауылдағы ағын су мен басқа халыққа маңызды мәселелерді шешпеген, шешкісі де келмеген, құрғақ уәдемен тойдыратын Р.Есполай мырзаға тапсырылыпты. Не керек, бұл арыздың орындалу мерзімі бұзылып, мамыр айының 19-ы күні қаралып, оған аудандық  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Есполай, ауыл әкімі Қ.Балатаев, аудандық ағын су шаруашылығының басшысы Ә.Қалмұратов мырзалар қатысып, құрғақ уәделерін жаудырып, алдағы уақытта ағын су әр ауылға кестемен аптасына екі күннен жіберілетінін айтып, тағы да жиналған ел-жұртты алдап кетті. Ал жазылған арызға сол күйі жазбаша жауаппен ағын су беру кестесі берілмеді.

Екінші арызымды мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев мырзаның атына   жазып, 28.06.2021 ж. өз қолыммен облыс әкімшілігіне апарып тапсырған болатынмын. Арызды қарау облыстық ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары Т.Оспанов мырзаға тапсырылғанымен, ол арыз тағы да Сайрам  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Есполай мырзаға жолданды. Нәтижесінде 30.06.2021 ж. ауыл тұрғыны Ә.Сатыбалдиев деген жігіттің іскерлігінің арқасында бір-ақ күнге су келді. Содан кейін ағын су  да тоқтады, жазылған арызға жауап та болмады. Қалай болғанда да, арыз облыс әкімінің  атына жазылған соң, оны қараушы қызметкер тексеру барысында сол кісінің атынан сөйлеп, сол кісінің  атынан шешім шығарады емес пе?  Соны біле тұра,  Р.Есполай  мен Ә.Қалмұратов мырзалардың халықтан бөлек, облыс әкімін де менсінбегені ме? Осыған қоса, Р.Есполай мырза Қазақстан Республикасы бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 бұйрығы мен республикалық заңнамалық актілерінің талаптарын бірнеше рет  қасақана бұзып отыр.

Ағын судың салдарынан бау-бақшамыз қурап бара жатқаннан кейін мен үшінші арызымды 26.07.2021 ж. тағы да облыс әкімшілігіне тапсырдым. Тапсырылған арыз жеке Ө.Шөкеев мырзаға деп көрсетілгенімен, әдеттегідей Р.Есполай мырзаға тағы жолданды да, ол осы жолы Қасымбек датқа, Көмешбұлақ және Ошақты ауылының халықтарына еш қатысы жоқ сегіз  шаруа қожалығының егелерінен түсініктемелер жинап, ауыл халқына ағын су беріп отырғанын дәлелдемек болды. Рас, сегіз шаруа қожалығының 4 Қасымбек датқа ауылына келген каналдан Байсалбай аталып кеткен жердегі шаруа қожалықтарының жоңышқа егетін егелері. Шылжырап келген су Қасымбек датқа ауылының бас жағынан ауылдарға кететін су тоғандарын қасақана биіктетіп жібергендіктен, Байсалбайға бұрылып кетеді де, ауыл халықтарына мүлдем су жетпейді. Оның өзінде Байсалбайдағы 15 шаруа қожалығының төртеуі ғана суды пайдаланды да, қалғаны  су ақысын толық төлеп отырғанына қарамастан, ала алмады.

         Ағын су мәселесінің толық  шешілмей келе жатқанына он шақты жыл болды, яғни аудандық ағын су шаруашылығының басшысы болып Ә.Қалмұратов мырзаның тағайындауынан кейін басталды. Бұрынғы Кеңес одағы кезінде «Қайнарбұлақ» совхозына келетін каналдан ағын су  үнемі толып ағып, шитті мақта, жүгері, бау-бақшалар мен тағы басқа дақылдар егіліп, молынан суғарылатын. Себебі «Сапальняк» аталып кеткен ағын су бөлінетін тоғанның жоғары жағындағы суқойма барлық уақытта суға толып тұратын.  Қазіргі кезде ол суқойма қолдан су тапшылығын жасау мақсатында толтырылмайды. Яғни ағын суы диқандардың заңды төлейтін ақшасынан бөлек, аудандық ағын су мұраптарына қолма-қол ақша беріледі деген сөз. Р.Есполай мырзаның ағын суға халық ақша жинамағандықтан, су мұрабы жұмысын тастап кетті дегені де шындыққа жанаспайды.  Халық үнемі суға ақша жинап,  өткізіп отырған. Соған қарамастан, тиісті мөлшерде ағын суды соңғы 10 жыл шамасында толығымен алмаған.  Көктемде халықтан ақша жинау мақсатында суды молынан береді де, ақша өткізілгеннен кейін тоқтатып қояды. Бұл нағыз алаяқтық емес пе? Осыған байланысты ауыл  халқы сенімсіздік білдіргеннен кейін су ақысы жиналды да, ауыл әкімінің айтуымен сақтаулы тұр. Осыған қоса, өткен жылдары ағын суға қол жеткізе алмаған халыққа су шаруашылығының басшысы Ә.Қалмұратов мырзаның өзі ағын суды аталған ауылдарға тиісті мөлшерде бере алмағанын айтып, келесі жылы тегін қамтамасыз етуге уәде берген болатын. Ал Көмешбұлақ ауыл халқынан жиналған ақшаны ауыл биі судың келетініне күмәнмен қарап, ақшаларын халыққа қайта таратып берді.

          Тағы да айта кететін күрделі мәселенің бірі – ауызсу. Р.Есполайдың жауабында бұл қанағаттанарлық шешілген, тәулігіне 24 сағат таза ауызсу беріледі делінген. Алайда жаз күндері ауызсу күніне бірнеше мәрте сөндіріледі де, қайта қосқан  кезде кран шүмегінен  бірнеше сағат қатты күшпен ауа ұрып тұрады. Бұл – әрине, есептегіш құралдарымен берілмеген суға артық ақша айналдырып отыр деген сөз. Айтқан жерден аулақ, жер тарапта болып жатқан өрттің бір ұшы біздің ауылға келетін болса, сөндіруінің өзі қалай болатыны айтпаса да түсінікті. Осыған қоса, ауызсуымызды таза деуге болмайды. Себебі су тазарту қондырғылары істен шыққан, су арнайы жасалған биіктегі су ыдыстарына (водобашняға) жиналмайды. Су сол ыдыстардан екінші рет сүзгіден өтіп барып халыққа тарау керек.

         Ал ауылдағы газ, электр мәселелері ағымдағы жылы шешіледі дегеніне біз сенбейміз. Олардың осыған дейінгі қайта-қайта айтылған құрғақ уәделеріне тойғандықтан, алдымен толық шешілсін, содан кейін көреміз. Біздің ауылды «Қоқысты» не болмаса «Мусорный» деп атаса болатын шығар. Себебі көшелерімізде қоқыс таулары шашылып, ауыл ішінде қоқыс полигондары пайда болған. Аудан  әкімі Ұ.Сәдібеков мырзаның  бастамасымен көтерілген  «Ауыл – ел тірегі» он күндік  іс-шарасы кезінде жоғарыға жалған ақпараттар беріп, бірде-бір жұмыс  атқармай отырып «Елнұр» телеарнасынан халықты алдағанша, ауыл әкімі тарапынан бізге сенбілік ұйымдастырайық десе, біз қолдауға дайынбыз ғой. Сонымен қатар күні бүгінге дейін Қасымбек датқа ауылындағы кейбір көшелерге атау берілгенімен, күні бүгінге дейін барлық үйлердің нөмірлері белгіленіп, пинкодтары берілмеген. Ал бұл жөніндегі келесі өтірікті «Елнұр» телеарнасынан әкім орынбасары М.Аязов мырза баяндаған болатын.

          Ауыл әкімі не үшін керек? Ол ауылдағы ағын су, ауызсу, тазалық, мал жайылымы, газ, свет, тағы да басқа халыққа қажетті күнделікті пайдаланатын мәселелерді бірінші кезекте, уақтылы әрі нақты, ауыл халқы шағымданбайтындай етіп шешіп отыруы керек. Халықтан қашпай, олармен бірге ақылдасып жұмыс істеуі тиіс.  Аудан және облыс әкімдерінің қалалар мен ауылдарды аралып, халықпен кездесіп, салынып жатқан объектілер мен егістіктерді және мал шаруашылықтарын аралап, өз көздерімен көріп жүргендерін жаңалықтардан үнемі көріп, тыңдап отырамыз. Ал біздің ауыл әкімін  кабинетінен басқа жерде көре алмаймыз. Сол себепті де ағын су, ауызсу, тазалық, мал жайылымы, газ, жарық, тағы басқа ертеңге қалдыруға болмайтын мәселелер Қайнарбұлақ ауылдық округінде шешімін таппаған. Бірнеше мәрте кіріп айтқанменен, ауыл әкімі Қ.Балатаев мырзаның ойланатын да, қимылдайтын да түрі жоқ.

Мұнымен мен барлық ауыл әкімдері жұмыс істемейді дегеннен аулақпын. Мысалы, шамамен, 60 мыңдай халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі М.Шадиев мырзаны, ол ауылға бара қалсаң, көбіне ауылды аралап жүргенін көресің, жағымды өзгерістер де аз емес.

Биыл ағын су мәселесі жылдағыдан қиынырақ екенін біз де жақсы білеміз. Бірақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, ағын су шаруашылығының басшысы, ауыл әкімі және ағын су мұрабтарының тұратын ауылдарына үнемі каналдары кеппестен ағын су барып тұратынын қалай түсінеміз? Жоқ әлде бұл адам баласын менсінбейтін азаматтар өздерін және олардың жанұяларын халықтың асырап отырғандарын білмей ме екен?

Президентіміздің жолдауында жоғарыдағылардың барлығы дерлік  айтылып, нақты тапсырмалар берілген. Президентіміз «бірлік пен келісімділікті» ту етіп, алауыздықтан аулақ болуға шақырып, халықтың әл-ауқатын арттыруды басты назарға қойып, орасан жұмыстар атқарып отыр. Дегенмен бәрін президент істесін деген болмайды ғой. Сол себепті тексеремін деуші құзырлы органдар болса, мен көмектесіп, ақылымды айтуға әрқашан дайынмын.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 23.09.2021, 09:05
Қазақстанға АЭС керек пе?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.09.2021, 15:00
Орынбасарлары орын ауыстырса да Ахметов өзгермейді
Расул ЖҰМАЛЫ 22.09.2021, 08:35
Ауған тартысы және қазақ мүддесі
Жарас КЕМЕЛЖАН 16.09.2021, 07:50
Арман Шораев: Кейбір саяси шешімдер Мәскеуге тәуелді
Батыр ЖАСҰЛАН 15.09.2021, 08:16
Тілді талқыға салатын төрт топ бар
Дінмұхаммед ҒАЛИ 13.09.2021, 06:40
Covid-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстан халқының ұдайы өсуінің ерекшеліктері

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39