Теңгені теңселткен рубль

Есбол ҮСЕНҰЛЫ

17.08.2022, 08:22

1807

Ресей экономикасы осы күнге дейін үш реткі дағдарысты бастан өткерді. Алғашқысы өткен ғасырдың соңғы он жылдығында орын алды. Ол дағдарыс экономикалық құрылымның түбегейлі өзгеруінен, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінен туындады. Екіншісі 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен болды. Үшіншісі 2014–2016 аралығындағы валюта дағдарысы. Бұл мұнайдың бағасының құлдырауы мен Қырымды жаулап алу әсерінен туындады. Кеңес одағы ыдыраған кезде Ресейдің ішкі жалпы өнім қуаты АҚШ-тың үштен біріндей болса, үш реткі дағдарыстан құлдырап, жиырма біріндей деңгейге түсті. Қытайдың бір ғана Гуандун өлкесімен қарайлас болды. Елдегі эпидемиялық жағдайдың асқынуы, мұнай бағасының құлдырауы, Сирия ісіне араласу экономикаға салмақ салғаны аз болғандай, енді, міне, Украина ісі қабаттасып, батыстың санкциясы күшейіп тұр. Ресей экономикасын тығырыққа тірегелі тұр. Экономистердің пікірінше, елде енді төртінші реткі дағдарыс орын алуы мүмкін. 2014 жылдан басталған Батыс санкциясы Ресей экономикасын ішкі айналымға иек артуға мәжбүрлеуде. Ал ішкі факторлар да мәз емес. Еңбек күшінің қартаюын айтпағанда, ел ішінің бизнес пен инвестиция климаты нашарлаған. Энергия көздеріне басымдық берген бағытты бірден өзгертіп, қысқа уақытта экономиканы әр тараптандыру мүмкін емес.

Әлем елдерінің сауда айырбасы, қаржылық операциялары құрамына екі жүзден астам мемлекеттің он мыңға жуық банктері мен ұйымдары кіретін, доллармен есеп айырасатын Дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникация финанс жүйесі (SWIFT) арқылы жүзеге асатыны белгілі. Путин билігі Қырым оқиғасынан кейін-ақ батыстың санкциясының әсерін азайту үшін долларсыздануға, Қытай сияқты батыстың ықпалындағы SWIFT жүйесіне балама ретінде өзінің банкаралық информация жүйесін жасақтауға кіріскен. Валюта қорындағы доллардың үлесін жиырма пайызға дейін түсірген. Алтын мен евроға басымдық беріп қана қоймай, Қытай юані мен Жапон иеніне де таңдауы түскен.

Қытайдың долларсыздану қадамының орыстан да қарқынды, көлемді екені белгілі. Цифрлы валюта жүйесін сынақтан өткізіп, жалпыластыруға көшуі – соның айғағы. Батыс санкциясы Путин билігін барлық салада Қытаймен әріптестік байланысты күшейтуге итермеледі.

Ресей банктері Қытайдың юаньді өзек еткен ұлттық төлем жүйесіне (CIРS) қосылып, Орыстың мұнайы, газы, алтын саудасы юань арқылы жүзеге асуда. Ал Тәуелсіз елдер достастығындағы елдер мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің Ресей мен саудасында рубль алдынғы орында. Ресей орталық банкінің төлем жүйесімен (SPFS) іске асады. Шетелдің экономикалық бәсекелестікті бағалау ұйымдары тізіп көрсеткен Ресейдің келісімшартты белден басу, тасымал ақысын орынсыз көтеру, бюрократия, жемқорлық қатарлы жағымсыз мінездері аталмыш одақта да көрініс тауып отыр. Оны біздің кәсіпкерлер мен экономистерден бастап, президент те айтуда. Кеш те болса, жаңа жолдар, мүмкіндіктер іздеуде. Өйтпеске амал жоқ. Қазақстанның рубль мен юань қоры артқан сайын, оның саяси, экономикалық қаупі, екі елге кіріптарлығы артта бермек.

Қытай мен Ресей долларсыздануға жас сала кіріскенімен АҚШ долларының әлемдік экономикадағы орны ешқандай әлсіремеген, керісінше, өрлеуі байқалған. Қазір әлемдік волюта қорының алпыс пайыздан астамы, валюта айырбасының сексен бес пайызы доллардың үлесінде екен. Сарапшылар доллардың орнынан мызғымауын АҚШ-тың саяси, экономикалық жүйесінің ашықтығында, сенімділігінде десе, батыс билігі екі құдайы көршімізді «Әлемге әділ бәсекемен емес, диктаторлық жолмен үстемдік еткісі келеді» деп айыптап отыр.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2022, 08:40
Қарыздары триллион, жалақылары миллион...
Арман ЖҰМАДІЛ 21.09.2022, 14:28
Жаңа Қазақстан астанасына жаңа ат қажет!
Еркежан АРЫН 21.09.2022, 12:02
Аналар күнін ұлықтау қажет
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:44
"Алматының Құрметті азаматы" атағын кімдер алды?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2022, 08:42
«Жаңа Қазақстан» емес, «Тас дәуірі» тәрізді...
Ринат РАХЫМ 13.09.2022, 13:49
Алтынбексіз ауыр жылдар

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41