Теріс жолдан тез тайқыңдар! Ойлан, қазақ элитасы!

Қазақстан «ұрылар мемлекеті» болмысынан айырылмаса – ертең құримыз

Әділ КЕМЕҢГЕР

12.01.2021, 15:49

3671

     Кассандра синдромы деген бар. Оған ұрынған адамдар болашақтан еш жақсы үміт күтпей, тек жаман болжамдарға сенгіш келеді. Әрине, ондай адамдардан қазақ жұртының көпшілігі аулақ жүріп, ондайлардың әңгімесін естімеуге тырысады. Мәселен, қазақстандық орыстілді қаржыгер Расул Рысмамбетов еліміздің өте мүшкіл жағдайы туралы пост жазып, артынша өзінің тым «жаманшылық шақырғыш» адам екенін де мойындапты.

Бірақ дейміз, оның ойының көптеген тұстарымен келіспеске лажымыз жоқ екенін мойындайық. Жамандыққа, әрине, сенбеген жөн, бірақ ондай қауіптерді қаперден шығармай, қазақ халқына керек жерде әбжіл қимылдау керек-ақ.

            Экономика құрдымға кетіп барады. Банкирлер ақша ұрлайды, ал      билік оларды жақтайды

       Сенсек те, сенбесек те, қазіргі Қазақстанда бірталай таза шындық бар. Мәселен, полиция құқық қорғау органы ретінде тергеу кезінде күдіктілерді ұрып-соғамын деп, жиі өлтіріп алады, сосын, олар бандиттермен ауыз жаласқан сыбайлас болып, соларға жиі болысады.

       Қазіргі мұғалім атаулы пенденің бәрі қазақ баласына мәнді сабақ беріп жатқан жоқ.

      Дәрігер деп жүргендеріміздің көпшілігі өзгені тұрмақ, өздерін емдей алмайын халде.

       Қала мен облыс, ауыл әкімдері өз қарамағындағы елді мекендерді ойламайды, олар, негізінен, ақша-байлығын жиып, ертеңгі күні шетелдегі болашақ өміріне әзірден қамданып жатыр.

       Қазақстанның көп жерінде ауызсу мен шаруашылыққа қажет судың мәселесі әлі де күрмеулі мәселе, кей қалалардағы ластанған ауаның мәселесі  бөлек әңгіме.

      Дұрыс рудан тарайтын, дұрыс сыбайласқа жарымаған дұрыс бизнесмен болмасаң, бизнесің міндетті түрде өледі – салық комитетінен небір шенеуніктер келіп, заңды салықты қырық орайтын салықтың көкесін салады – «төлейсің, бересің» деп. Одан қалды, салық қызметі сенің гүлденген бизнесіңе тікелей бата алмаса, бандиттерге сені нұсқайды, ал олар сені оңдырмайды.

       Ал соттардың сиқы қашқалы қашан. Сотқа баруды Құдай басқа бермесін – сотталасың да кетесің. Осыншама озбыр соттар тұрған тұста әйел зорлаған, бала зорлаған қаншама азғынның түрмеден мерзімінен бұрын шығып жатқанын шыққыр көзіміз көріп отыр.

      Әрине дейміз. Бұл елде керемет жақсы жаңалықтар да бар. Бір үміт беретін, тіпті өзгерістер де жоқ емес. Бірақ ол жетістіктер – бес минуттан кейін таудан құлайтын тастың астында жаншылатын гүлдің гүлдегені сияқты тым болымсыз жетістік.

       Сенесіз бе, сенбейсіз бе, өзіңіз біліңіз, бірақ бұл сайлау ештеңені өзгертпейді. Мәселе сайлауда емес, біздің бәріміз ауыр кеселге, жаман бір ауруға душар болдық. Содан ғой, ауырған дімкәс қоғамның дені сау емес кандидаттарын сайлайын деп желпініп жүрміз.

       Бұл Қазақстанды, қазақ қоғамын қазір қалай жөндеуге болатынын мен білмеймін. Содан шығар, ойыма тек жаман болжамдар ғана келеді. Бұл мемлекеттің құрып кетуден басқа болашағы жоқ сияқты көрінеді. Иә, біз пақырлар елден бұрын тұяқ сермей бастадық. Рас, өркениет, мәдениет, логика, демократия, шындық, әділет деп, өзімізге жапсырып-тағып алған өтірік қабығымыз-маскамыз дейміз бе, сыртымыз бен бетімізден түсіп жатыр әбден.

Прогресс деген – өзіңді қинау, өзіңмен күресу еді. Ол бізге керек емес екен.

Таза архаика, бастапқы жабайы күйімізден еш қозғалмаған екенбіз.

        Иә, мемлекетке қазір сенуден қалған екен халық. Біз арамыздағы мықтыларға, билігі мен ақшасы, көкесі мен руласы, кластасының баласы, ықпалы мен бишігі барлардың құқығын мойындадық. Олар жеңді.

Бірақ бұл модельді оп-оңай қабылдауымызға кедергі бар. Жер деген мынау планетада біз құрғырлар жалғыз емес екенбіз-ау. Басқа елдер, біз сияқты керемет халықтар тұрады екен. Бірақ олардың болмысы мен тағдыры басқашалау екен, олар да тірі өркениет болғасын біздің болашағы жоқ, құрыған өркениет екенімізді көріп-біліп отырғаны жаман. Ертең өсектейді ғой. Бізді анық, «анау қазақтар деген ақымақ ұрылар құрыды» деп.

        Сонда дейміз, қазақ, негізі, құрдымға кетпейді екен, бар болғаны қазақтың жері, байлығы мен қазақтың өзі солардың қолы мен қармағына өзі-ақ амалы таусылған аш балықтай түседі екен. Ендеше, – дейді сарапшы, – мынау 2021 жылы қазаққа қалайда күрт бірдеңе қылу керек, әйтпесе, рас, құримыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Елеусіз МҰРАТ 05.03.2021, 09:19
Қауқары жоқ қадағалау органы қажет пе?
Ғұсман ЖАНДЫБАЕВ 03.03.2021, 13:35
Инновациялық ғасыр дерті
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.03.2021, 09:20
Түркістандағы оқиғадан «ҚазТрансГаз» тиісті қорытынды шығара ма?
Мұрат ӘМІРЕНОВ 02.03.2021, 11:35
Ұлттық телеарналардан не көріп жүрміз?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Айжан БҮРКІТБАЕВА 25.02.2021, 12:37
Тарихи орынды талқандауға не себеп?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44